Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3457 материал табылды

Спорт • 10 Мамыр, 2023

Дохада даралана алмай жатырмыз

Катардың бас шаһары – Дохада өтіп жатқан дзюдошылардың әлем чемпионаты бел ортаға таяды. Қазірдің өзінде алты салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімі белгілі. Өкінішке қарай, бағы жанған балуандардың қатарында Қазақстанның бірде-бір өкілі жоқ.

Спорт • 10 Мамыр, 2023

Әлем чемпионатына аттанды

12-28 мамыр аралығында Финлян­дия­ның Тампере және Латвияның Ри­га қалаларында шайбалы хоккейден әлем чем­пионатының жалауы жел­бірейді.

Спорт • 10 Мамыр, 2023

Қос мықты тең тарасты

Кеше футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы кездесуін тама­шаладық. Бұл бәсекеде Мадридтің «Реалы» мен «Манчестер Сити» клубтары күш сынасты.

Спорт • 10 Мамыр, 2023

Еламанның алтыны

Ауыр атлетикадан Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Еламан Сейітқазы кіші алтын медаль иеленді.

Пікір • 23 Сәуір, 2023

Сенделген саңлақтар

Қазақстанда спортқа деген қам­қор­лық ерекше. Әр жыл сайын осы саланы дамытуға мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлінеді. Ірі қалалар­дан бастап, аудан орталықтарына де­йін спорт кешендерінің салынуы, респуб­ликамыздың әр аймағында дүбірлі дода­лардың жиі ұйымдастырылуы, байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырына көтерілген саңлақтардың мол көлем­де сыйақы алуы осы сөзіміздің айқын дәлелі.

Спорт • 19 Сәуір, 2023

Ел мақтаны – Елена

Соңғы кездері толағай табыстарымен сан миллион жанкүйерді қуантып жүрген спортшылардың бірі әрі бірегейі Елена Рыбакина екені сөзсіз. Өзгелерді айтпағанда, теннис өнері­нің жілік-майын ішкен майталман мамандардың өздері жерлесіміздің өнерін аса жоғары бағалап отыр.

Спорт • 14 Сәуір, 2023

Бұрымдыларда – бес жүлде: Жәмила Бақбергенова үш дүркін Азия чемпионы атанды

Бұл күндері Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер күресінен бәсекелер аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер то­лық­тай анықталды. Жал­пы­командалық есепте әдеттегідей Жа­пония құрамасы алдына жан салмады. Был­тыр Ұланбатырда ұйым­дас­тырылған жарыста олар 10 бас жүлденің же­теуін жеңіп алып, бар­ша жанкүйерді таң­дай қақтырса, бұл жолы бес алтынға қол жет­кізді.

Спорт • 13 Сәуір, 2023

Кинг кубогі басталады

Теннистен Астанада өтетін Билли Джин Кинг кубогі жолындағы жа­рыстың іріктеу турнирінің жеребесі тартылды.

Спорт • 13 Сәуір, 2023

Төрешілер сертификат алды

Алматыда Халықаралық дзюдо феде­рациясының (IJF) ұйымдас­тыруымен өткен төрешілердің семинар-емтиханы аяқталды.

Спорт • 13 Сәуір, 2023

Елмира – Азия чемпионы!

Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпио­натының үшінші жарыс күні бозкілемге бұрым­дылар шықты. Қазақ­стан­ның әйелдер құрама командасы сапында өнер көрсеткен бес балуанның арасынан Елмира Сыз­дықованың шоқтығы биік болды. 76 кило салмақ дәрежесінде бақ сынаған ол барлық қарсыласын сы­пыра ұтып, алтыннан алқа тақты.