Спорт • 27 Қараша, 2023
Италияның Базельга-ди-Пине қаласында жастар арасындағы Әлем кубогінің кезеңдік сайыстары өтті. Осы жарыста отандастарымыз олжаға кенелді.
Шахмат • 27 Қараша, 2023
Италияның Монтесильвано қаласында өткен шахматтан балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде жерлестеріміз үш жүлдеге қол жеткізді.
Күрес • 27 Қараша, 2023
Біріккен күрес әлемінің (UWW) бюро мүшелері 2024 жылы Парижде алауы тұтанатын олимпия ойындарының іріктеу турнирінің форматына біраз өзгеріс енгізді.
Бокс • 27 Қараша, 2023
Армения астанасы Ереванда бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің шымылдығы түрілді. Бұл жарыста 57 мемлекеттен келген 574 спортшы бақ сынап жатыр.
Ауыр атлетика • 26 Қараша, 2023
Мексиканың Гвадалахара қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем біріншілігі аяқталды. Бұл жарыста өнер көрсеткен бес жерлесіміздің екеуі жеңіс тұғырына көтерілді. Алғашқы медаль Едіге Ембердінің мойнында жарқырады. 81 кг салмақ дәрежесінде күш сынасқан қандасымыз қоссайыстың қорытындысы бойынша 336 кг (145+191) зілтемірді еңсерді. Сөйтіп, ер мінезді Едіге ежелгі Ацтек елінде Қазақстанның әнұранын шырқатты.
Жекпе-жек • 26 Қараша, 2023
Қазақтың танымал аралас жекпе-жек шебері Асылжан «Сақ» Бақытжанұлы келесі жылы Шешенстанда іргетасы қаланған АСА промоушеніне қайта оралуды көздеп отыр.
Спорт • 24 Қараша, 2023
Қазақстан құрамасы футзалдан 2024 жылы Өзбекстанда жалауы желбірейтін әлем чемпионатының іріктеу турнирінің соңғы кездесулерін қай жерде өткізетіні белгілі болды.
Хоккей • 23 Қараша, 2023
Шайбалы хоккейден келесі жылдың 12-14 қаңтары аралығында өтетін Құрлықтық кубоктің финалдық бөлігіне жолдама алған барлық команда анықталды.
Футбол • 23 Қараша, 2023
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Мадияр Кембілов УЕФА Ұлттар лигасының алдағы бәсекелеріне қатысатын құрамды жариялады.
Спорт • 22 Қараша, 2023
АҚШ-тың Техас штатына қарасты Даллас қаласында ушудан ерлер мен әйелдер арасындағы ХVI әлем чемпионаты аяқталды. Бұл бәсекелерде 80 мемлекеттен келген 800-ден аса спортшы бақ сынады.