Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
362 материал табылды

Спорт • 31 Мамыр, 2023

Бастапқы бәсекелерде сүрінді

Әзербайжанның астанасы – Бакуде таэквондодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының шымылдығы түрілді. Бұл жарыста еліміздің 16 спортшысы күш сынасып жатыр.

Спорт • 29 Мамыр, 2023

Қарсыласымыз – азулы Аустралия

Ұлыбританияның астанасы – Лондонда Билли Джин Кинг кубогінің финалдық тур­нирі­нің жеребесі тартылды. Еліміздің теннисшілері В тобында өнер көрсетеді. Қарсыластарымыз – Аустралия мен Словения құрамалары.

Спорт • 25 Мамыр, 2023

Жировтың есімі – әлемдік Даңқ төрінде

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лонг-Бич қаласында өткен салтанатты іс-шара барысында жекпе-жек өнерінің «Даңқ залына» еліміздің атақты боксшысы Василий Жировтың есімі енгізілді. Бұл жаңалықты жер-жаһандағы миллиондаған жанкүйер жылы қабылдады.

Спорт • 25 Мамыр, 2023

Жарыс қыза түсті

Үстел теннисінен Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) Дурбан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты қыза түсті.

Теннис • 24 Мамыр, 2023

«Ролан Гаррос» басталады

Алдағы жексенбіде Парижде «Үлкен дулыға» санатына кіретін жарыстардың бірі – Ролан Гарростың шымылдығы түріледі. Жүлде қоры 49 600 000 еуроны құрайтын дүбірлі додада әлемнің барлық мықты теннисшілері бақ сынайды. Солардың қатарында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Александр Бублик сынды Қазақстанның ең үздік ойыншылары да бар. Олар турнирдің негізгі бөлігіне бірден жолдама алды. Ал Тимофей Скатов іріктеу сайыстарына қатысып жатыр. 10 маусымға дейін созылатын аса жауапты жарыста жерлестерімізге сәттілік тілейміз.

Спорт • 24 Мамыр, 2023

«Алтын доп» кімге бұйырады?

Goal басылымы 2023 жылдың қоры­тындысы бойына «Алтын доптан» үміт­керлердің тізімін жариялады.

Спорт • 24 Мамыр, 2023

Иппонның ауылы алыстап барады

Дохадағы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін дзюдо­шылардың әлемдік рейтингі қайта жаңартылды. Өкінішке қарай, сол жарыста Қазақстан құрамасы сәтсіз өнер көрсетіп, сенім артқан серкелеріміз өз жанкүйерлерін жерге қаратты. Соның салдарынан рейтингтегі нәтижеміз де төмендеді. Қазіргі кезде отандастарымыздың арасынан тек Әбиба Әбужақынова ғана ТОП-10-дыққа еніп отыр. Ал қалған балуандар қалың топтың қатарында жүр.

Спорт • 23 Мамыр, 2023

Рыбакинаның табысы – 10 155 965 доллар

Отандық «Дядя Ваня» деп аталатын Telegram-канал өздерінің спорттық мансабында ең көп табыс тапқан ел теннисшілерінің тізімін жария­лады. Бай-қуаттылардың рейтингінде еліміздің бірінші және әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина көш бастап тұр.

Спорт • 16 Мамыр, 2023

Кім жеңеді: Дамир ме, әлде Доусон ба?

Күні кеше ғана Ресейдің Орынбор өлкесінде туып-өскен қан­дасымыз Дамир «Қазақ» Исмағұловтың UFC-дегі келесі жекпе-жегін 1 шілде күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткізетіні мәлім болды. Оның қарсыласы – Грант «Prophet» Доусон.

Спорт • 15 Мамыр, 2023

Дохадан жүлдесіз оралды

Дзюдодан Катардың астанасы – Дохада өткен әлем чемпионаты өз мәре­сіне жетті. Бір аптаға со­зылған бәсекелер барысында бар­­лығы 14 жүлде жи­ын­­тығы сарапқа салынды. Өкінішке қарай, сол медаль­дердің бірде-бі­реуі Қазақ­станның балуан­да­рына бұйырған жоқ. Жер­лес­теріміздің арасынан ең үздік нәтижеге Әбиба Әбу­жақынова қол жеткізді. Аса жеңіл салмақта белдес­кен бұрымдымыз бесінші орынды қанағат тұтты. Бір­­ақ ол жеңіс тұғырына кө­теріле алмағаннан кейін бұл көрсеткішке көңіліміз толды деп айта алмаймыз.