Теннис • 01 Сәуір, 2024
Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өткен жүлде қоры 8 995 555 долларды құраған «Мастерс» турнирінде былтырғы нәтижесін қайталады.
Спорт • 29 Наурыз, 2024
Кеше футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы сырт алаңда Люксембургпен жолдастық кездесу өткізді. Матчтың 2-минутында Әділет Сәдібековтің баспен ұрған добы торға дөп түсіп, жерлестеріміз алға шықты – 0:1. Бірақ одан кейін біздің ойыншылар салғырттық танытып, өз қақпасына екі гол жіберіп алды – 1:2. Осы есеп кездесудің соңына дейін сақталды.
Күрес • 29 Наурыз, 2024
19-21 сәуір аралығында Қырғызстанның бас шаһары Бішкекте жалауы желбірейтін Азияның лицензиялық турнирінде күш сынасатын балуандардың есімдері белгілі болды.
Спорт • 29 Наурыз, 2024
Грузияның астанасы Тбилисиде семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңдік сайысы өтті. Олимпия ойындарының жолдамалары сарапқа салынған жарыста жер-жаһанның 60-тан аса мемлекетінен келген нояндар шеберлік байқасты.
Бокс • 29 Наурыз, 2024
63,5 кг: Бангкокқа кім барады?
Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы Қытайдағы Азия ойындары мен Италиядағы халықаралық турнирдің қорытындысы бойынша Париж Олимпиадасының алты жолдамасын олжалады. Оның иегерлері – Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг) және Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг).
Бокс • 28 Наурыз, 2024
Каунастан қоржын қомақты келді
Каунаста Литваның даңқты боксшысы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, ұлт мақтанышы Альгирдас Шоцикасты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды.
Теннис • 27 Наурыз, 2024
АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан «Мастерс» турнирінде Қазақстанның теннисшілері – Юлия Путинцева мен Елена Рыбакина табысты өнер көрсетіп, ширек финалға шықты.
Спорт • 27 Наурыз, 2024
Монреальдағы жарыс мәресіне жетті
Мәнерлеп сырғанаудан Канаданың Монреаль қаласында ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарыста Қазақстанның бір ғана спортшысы өнер көрсетті. Ол – Михаил Шайдоров.
Спорт • 27 Наурыз, 2024
Грузияның астанасы Тбилисиде дзюдодан Grand Slam турнирі аяқталды. Бұл бәсекеде 83 мемлекеттен келген 500-ден аса балуан бақ сынады.
Спорт • 20 Наурыз, 2024
Швейцарияның Айроло қаласында өткен фристайл-акробатикадан өткен Еуропа кубогінің кезеңдік сайысында Шерзод Хаширбаев бас жүлдені олжалады. Қазақстанның спортшысы 96,93 ұпай жиды. Күміс медальды украиналық Максим Кузнецов (94, 82 ұпай) иеленсе, швейцариялық Пирмин Вернер (93, 99 ұпай) қолаға қол созды. Бұған дейін Хаширбаев дәл осы жарыста екі рет жүлдегерлер қатарынан көрінген еді.