Спорт • 26 Тамыз, 2020
Абдулманап Нұрмагомедовтың турнирінде үш өреніміз өнер көрсетеді
9 қыркүйекте Мәскеуде аралас жекпе-жектен әйгілі бапкер Абдулманап Нұрмагомедовты еске түсіруге арналған халықаралық турнирдің тұсауы кесіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Тамыз, 2020
Футзалдан Еуропа чемпионатының жеребесі тартылады
2 қыркүйекте Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан 2022 жылы Нидерландта өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирнің жеребесі тартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Тамыз, 2020
Ауыр атлеттер онлайн турнирге қатысады
27-30 тамыз аралығында Өзбекстанның тәуелсіздік алғанына 29 жыл толуына орай ауыр атлетикадан айтулы мемлекеттің бас шаһары – Ташкентте халықаралық онлайн турнир ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Тамыз, 2020
29 тамызда "Тур де Франс" басталады
29 тамызда велошабандоздар арасындағы ең белді жарыс – "Тур де Франс" басталады. 20 қыркүйекке дейін созылатын көпкүндікте "Астана Про Тим" клубының да спортшылары бақ сынайды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Тамыз, 2020
Чемпиондар лигасының шартты құрамасы жарияланды
Әлемге әйгілі Goal басылымы футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының биылғы маусымының қорытындысы бойынша шартты құраманың тізімін жария етті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Тамыз, 2020
Теннис: АҚШ-та жолымыз болмады
Бұл күндері әлемнің бірқатар елінде теннистен халықаралық турнирлер өтуде. Сол жарыстарда Қазақстанның өрендері де өнер көрсетіп жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Тамыз, 2020
Осыдан дәл 36 жыл бұрын, яғни 1984 жылдың 18 тамызында Мәскеуде «Достық-84» деген атауға ие болған кешенді спорттық жарыстардың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған 50 елдің өкілдері қатысты. Солардың қатарында Лос-Анджелес Олимпиадасына қатысудан бас тартқан КСРО, Мажарстан, Солтүстік Корея, Моңғолия, Болгария, Куба, ГДР, Эфиопия, Польша, Чехословакия және тағы басқа социалистік бағыттағы мемлекеттердің өрендері болды. Жаз айларының басында басталып, қоңыр күзге дейін созылған бәсекелер аса жоғары деңгейде өтті.
Спорт • 21 Тамыз, 2020
Еуропадағы ең беделді промоушен – АСА (Absolute Championship Akhmat) 5 қыркүйекте Мәскеуде аралас жекпе-жектен аса ірі халықаралық турнир ұйымдастыруды көздеп отыр. Сол жарыста қазақтың қайсар ұлы, «Алаш Прайд» клубының мүшесі Нұрсұлтан Қасымханов өнер көрсетеді. Ол ресейлік Әлихан Сүлеймановпен күш сынасады. Айтулы қос спортшы жартылай жеңіл, яғни 65,9 кило салмақ дәрежесінде сайысқа түседі.
Спорт • 18 Тамыз, 2020
Түркия боксын өрге сүйреген қазақ
Бокстан Еуропа чемпионаты сонау 1925 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Айтулы жарыстардың дені Түркия құрама командасының қатысуымен өтті. 1991 жылға дейінгі аралықта бұл мемлекеттің өрендері екі күміс пен алты қола медальды иеленді. Бір өкініштісі, 29 мәрте жалауы желбіреген жарыста бас жүлденің бірде-біреуі түріктерге бұйырмаған екен. Тек 1993 жылы Бурсада ұйымдастырылған қарт құрлықтың басты додасында Анадолы елінің әнұраны алғаш рет шырқалды. Сол жарыста бас жүлде жеңіп алған қазақтың ұлы Нұрхан Сүлейменоғлы еді. Ал біз Түркия боксын өрге сүйреген қандасымыз жайлы не білеміз?
Спорт • 17 Тамыз, 2020
Осыдан дәл 60 жыл бұрын, яғни 1960 жылдың 25 тамызы мен 15 қыркүйегі аралығында Италияның бас шаһары – Римде XVII жазғы Олимпия ойындары дүркіреп тұрып өтті. 81 мемлекеттен келген 5348 үміткер жарыс жолына шығып, спорттың 17 түрі бойынша 150 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Жалпы командалық есепте 103 (43 алтын+29 күміс+31 қола) жүлде алған КСРО құрамасы жеке-дара көш бастаcа, екінші және үшінші орындарды АҚШ (34+21+16) пен Италия (13+10+13) иеленді. Сондай-ақ үздік бестіктің қатарына Германия (12+19+11) мен Аустралия (8+8+6) енді.