Хоккей • 28 Қазан, 2021
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Нұр-Сұлтанның «Барысы» қатарынан төртінші кездесуінде ұтылып, өз жанкүйерлерін әбден жерге қаратты.
Бокс • 28 Қазан, 2021
Сәкен Олимпиада чемпионын жеңді
Сейсенбіден сәрсенбіге қараған кеште Белградтың «Штарк Аренасына» жиналған сан мың жанкүйер мен көгілдір экранға көз тіккен миллиондаған көрерменнің назары өзбекстандық Хасанбой Дусматов пен қазақстандық Сәкен Бибосыновқа ауғаны сөзсіз. Соқыр жеребе мықты екі боксшыны әлем чемпионатының алғашқы айналымында жолықтырды.
Спорт • 27 Қазан, 2021
Октагонға шығатындар анықталды
30 қазанда Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында аралас жекпе-жектен өтетін UFC 267 додасында кімдердің айқас алаңына шығатыны толықтай белгілі болды.
Спорт • 27 Қазан, 2021
1-4 қараша күндері Сербияның астанасы – Белградта 23 жасқа дейінгі балуандар арасында грек-рим күресінен әлем біріншілігінің (U-23) жалауы желбірейді.
Спорт • 27 Қазан, 2021
Бүгін Жапонияның Фукуока префектурасына қарасты Китакюсю қаласында көркем гимнастикадан әлем чемпионаты басталады. Бес күнге созылатын бәсекелер барысында әдеттегідей тоғыз жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Бақ сынаушылар қатарында әр жылдары Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарында жүлде алған атақты спортшылар да бар.
Спорт • 26 Қазан, 2021
Теннисшілердің дүниежүзілік рейтингі қайта жаңартылды. Ерлер мен әйелдерді қоса алғанда, қазіргі кезде Қазақстанның төрт өкілі «ТОП-100» ойыншының қатарында еніп отыр.
Спорт • 26 Қазан, 2021
Кеше Сербияның астанасы – Белградта әлем чемпионаты басталып, Қазақстанның екі боксшысы шаршы алаңға шықты. Олар – Серік Теміржанов пен Абылайхан Жүсіпов.
Спорт • 26 Қазан, 2021
Жапонияның Китакюсю қаласында спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты аяқталды. Айтулы додаға 60-қа жуық мемлекеттен келген 300-ден аса спортшы қатысты. Бір апта бойы шеберлік байқасқан олар 14 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Нәтижесінде, жалпыкомандалық есепте Қытай құрамасы жеке-дара көш бастады. Қытай елінің өкілдері 5 алтын, 1 күміс және 2 қола медальді олжалады. Осы жүлделердің дені ерлердің еншісінде.
Бокс • 17 Қазан, 2021
Балқан түбегінде барымызды салайық
Сан миллион жанкүйер тағатсыздана күтіп отырған боксшылардың әлем чемпионатының басталуына санаулы күндер қалды. Бұл жекпе-жектер 26 қазан мен 6 қараша аралығында Сербияның астанасы – Белградта өтеді.
Спорт • 14 Қазан, 2021
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Нұр-Сұлтанның «Барысы» кезекті тур ойынын Омбының «Авангардына» қарсы өткізді, деп жазады Egemen.kz.