Футбол • 09 Қараша, 2021
Өткен аптаның аяғында футболдан Қазақстан кубогы жолындағы жарыстың жартылай финалдық ойындары басталды. Алғашқы екі бәсеке Нұр-Сұлтанда өтті.
Спорт • 09 Қараша, 2021
Словенияның Лашко қаласында үстел теннисінен WTT Contender сериясына жататын ірі халықаралық турнир аяқталды.
Спорт • 09 Қараша, 2021
16-21 қараша күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы – Абу Дабиде каратэден (WKF) әлем чемпионаты өтеді. Оған 117 мемлекеттен келген 1 мыңнан аса спортшы қатысады.
Спорт • 09 Қараша, 2021
Бұрындары балуандар елінің ұрпағымыз деп мақтанушы едік, қазір олай десек, ел-жұрттың күлкісіне қалатын түріміз бар. Өйткені күрес түрлерінен өткен аса ірі халықаралық жарыстарда балуандарымыз сүреңсіз белдесіп жүр. Биылғы жылдың өзінде екі бірдей ең ірі байрақты бәсекеден еңсеміз түскен күйі оралдық. Атап айтсақ, Токио Олимпиадасында жалғыз Нұрислам Санаевтың қола медальды иеленуге күш-жігері жетсе, Ослодағы әлем чемпионатында тек Жәмила Бақбергенова мен Алмат Кебісбаев қана жеңіс тұғырына көтеріле алды.
Кәсіпқой бокс • 08 Қараша, 2021
«Канело» қарсыласын нокаутпен жеңді
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында үлкен кәсіпқой бокс кеші өтті. Кештің басты жекпе-жегінде екінші орта салмақтағы WBA (Super), WBC және WBO нұсқаларының чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен IBF тұжырымының теңдессізі, америкалық Калеб Плант күш сынасты.
Спорт • 08 Қараша, 2021
Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) 2021 жылғы барлық жарыстардың қорытындысын негізге ала отырып, әлемдік рейтингті қайта жаңартты.
Теннис • 08 Қараша, 2021
Чехияның бас шаһары – Прагада теннистен 2022 жылы әйелдер арасында өтетін Билли Джин Кинг кубогы жолындағы жарыстың жеребесі тартылды.
Спорт • 08 Қараша, 2021
15-19 желтоқсан күндері Түркияның астанасы – Анкарада волейболдан әйелдер арасындағы клубтық әлем чемпионатының жалауы желбірейді.
Спорт • 07 Қараша, 2021
Белградта бұйырғаны – бес жүлде
Бокстан Сербияның астанасы – Белградта өткен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Екі аптаға жуық уақытқа созылған бәсекелер барысында 88 мемлекеттен келген 500-ден аса боксшы бақ сынап, 13 салмақ дәрежесінің түрлі-түсті медальдарын сарапқа салды. Жарыс мәреге жақындаған сайын мықтылар мен осалдардың аражігі ажырап, тек 25 мемлекеттің боксшылары жеңіс тұғырына көтерілу мүмкіндігіне ие болды.
Спорт • 05 Қараша, 2021
14-24 қараша күндері Әзербайжанның бас шаһары – Бакуде батутта секіруден әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Әр құрлықтың мықтылары бас қосатын жарыста жерлестеріміз де өнер көрсетеді. Аталған додада Қазақстанның намысын ең таңдаулы төрт спортшы қорғайды. Олар – Роман Барков, Игорь Грачёв, Данил Мұсабаев және Диана Угрюмова.