Спорт • 12 Қараша, 2021
Соңғы кездері үстел теннисінен өткен бірқатар халықаралық турнирдегі тәуір нәтижесі арқылы Кирилл Герасименко әлемдік рейтингте бірден бес сатыға жоғарылады.
Спорт • 12 Қараша, 2021
Қысқы универсиадаға дайындық қалай?
Жыл соңында спортшыларды тағы бір дүбірлі дода күтіп тұр. Ол – 11-21 желтоқсан аралығында Швейцарияның Люцерн қаласында жалауы желбірейтін Дүниежүзілік қысқы универсиада. 30-мәрте ұйымдастырылғалы отырған байрақты бәсекеде тек қана студенттерден жасақталған әлемнің ең үздік командалары өнер көрсетеді. Бақ сынауға бел буғандар арасында Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарында атой салған саңлақтар да бар.
Ауыр атлетика • 11 Қараша, 2021
Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты жалғасуда. Жарыстың үшінші күні үш салмақ дәрежесі бойынша түрлі жүлделер сарапқа салынды.
Бокс • 11 Қараша, 2021
20 қарашада Германияның Гамбург қаласында кәсіпқой бокс кеші өтеді. Сол жарыста қазақстандық Жан Кособуцкий өзінің кезекті жекпе-жегіне шығады.
Спорт • 11 Қараша, 2021
23-29 қараша аралығында АҚШ-тың Хьюстон қаласында үстел теннисінен әлем чемпионатының жалауы желбірейді.
Спорт • 10 Қараша, 2021
Ташкентті таңдандыра алсақ игі
12-14 қараша күндері Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте самбодан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Негізі бұл жарыс Мәскеуде ұйымдастырылуға тиіс еді. Алайда Спорттық арбитраждық соты (CAS) белгілі себептерге байланысты дүбірлі доданы Ресейдің астанасында өткізуге рұқсат бермеді. Сол сәтте өзбек ағайындарымыз алғырлық танытты. Олар төрткүл дүниенің ең таңдаулы балуандары бас қосатын жарысты өз елінде өткізуге бірден ниет білдірді. Халықаралық самбо федерациясы (FIAS) олардың бұл ұсынысын құптады.
Спорт • 10 Қараша, 2021
Талдықорғанда ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Бұл бәсекелерде еліміздің ең мықты зілтеміршілері бақ сынап жатыр.
Спорт • 10 Қараша, 2021
Татарстанның Қазан қаласында үстел теннисінен Ресейдің ашық командалық чемпионатының бірінші туры аяқталды.
Футбол • 10 Қараша, 2021
Осыдан дәл 20 жыл бұрын, яғни 2001 жылдың 11 қарашасында Буэнос-Айрестегі «Бомбонера» стадионында атақты аргентиналық футболшы Диего Марадона қоштасу матчын өткізді.
Теннис • 10 Қараша, 2021
Керберді ұтуға әлеуетіміз жете ме?
Күні кеше Чехияның астанасы – Прагада теннистен әйелдер арасындағы Билли Джин Кинг кубогының финалдық сайысы аяқталды. Ақтық сында Ресей мен Швейцария құрамалары күш сынасып, бұл бәсеке 2:0 есебімен алғашқылардың пайдасынан шешілді. Шешуші тұста Дарья Касаткина Джил Тайхманды тізе бүктірсе, Людмила Самсонова Белинда Бенчичтен басым түсті. Ал келесі жылы жерлестерімізге осы мәртебелі жарыста өнер көрсетуге тамаша мүмкіндік туып отыр.