Қысқы спорт • 22 Қараша, 2021
Норвегияның Ставангер қаласында конькиден Әлем кубогының екінші кезеңі аяқталды. Өкінішке қарай, Қазақстанның спортшылары бұл жарыста көңіл көншітерлік нәтиже көрсете алмады.
Хоккей • 22 Қараша, 2021
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» кезекті тур ойынын Череповецте жергілікті «Северсталь» клубына қарсы өткізді.
Футбол • 22 Қараша, 2021
Футболдан Алматыдағы Орталық стадионда өткен Қазақстан кубогының жартылай финалында жергілікті «Қайрат» Нұр-Сұлтанның «Астанасымен» күш сынасты.
Спорт • 22 Қараша, 2021
Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында каратэден әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Ерлер мен әйелдердің жекелеген сайысын Қазақстанның ұлттық құрама командасының мүшелері қос қола медальмен қорытындылады.
Спорт • 22 Қараша, 2021
Шавқат Карлстонға қарсы шығады
Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым – UFC-де күш сынасып жүрген қазақтың қайсар ұлы Шавқат Рахмонов өзінің келесі кездесуін алдағы жылдың 5 ақпанында Гайананың өкілі Карлстон Харриске қарсы өткізеді. Қазіргі кезде көптеген БАҚ өкілдері осы бәсеке туралы жарыса жазуда. Ал сол Карлстон жайында біз не білеміз?
Спорт • 21 Қараша, 2021
Шавқат Рахмонов Карлстон Харриске қарсы шығады
Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым – UFC-де күш сынасып жүрген қазақтың қайсар ұлы Шавқат Рахмонов өзінің келесі кездесуін алдағы жылдың 5-ақпанында Гайананың өкілі Карлстон Харриске қарсы өткізеді.
Спорт • 15 Қараша, 2021
Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте самбодан әлем чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста Қазақстанның балуандары табысты өнер көрсетті. Еліміздің ерлер мен әйелдер құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 2 қоланы иеленіп, жалпыкомандалық есепте үшінші орынға табан тіреді. Алдымызда – Ресей мен Өзбекстан. Сондай-ақ жауынгерлік самбодан төрт өреніміз жеңіс тұғырына көтерілді.
Спорт • 15 Қараша, 2021
«Алтай» Анкарада өнер көрсетеді
15 желтоқсанда Түркияның астанасы Анкарада волейболдан әйелдер арасындағы клубтық әлем чемпионаты басталады. Төрт күнге созылатын бәсекелер барысында Италияның «Имоко Воллей», Түркияның «ВакыфБанк» пен «Фенербахче», Бразилияның «Минас» пен «Дентил-Прая» және Қазақстанның «Алтай» клубтары күш сынасады.
Бокс • 12 Қараша, 2021
Ағымдағы жылдың 6-9 желтоқсаны күндері Түркияның Ыстанбұл қаласында өтуге тиіс бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты кейінге шегерілді.
Спорт • 12 Қараша, 2021
Шымкентте спорттық гимнастикадан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарыста жергілікті өрендердің мерейі үстем болды.