Спорт • 24 Ақпан, 2022
Бақыт Сәрсекбаев: Жалаң ұранмен бокстың деңгейін көтеру мүмкін емес
Осыдан тура жарты ғасыр бұрын, яғни 1972 жылы Мюнхенде алауы тұтанған жазғы ойындарда баскетболшы Әлжан Жармұхамедов Олимпиада чемпионы атанды. Осылайша, оның есімі төртжылдықтың басты додасында бас жүлдені олжалаған тұңғыш қазақ спортшысы ретінде тарихта қалды. Ол Ташкент облысына қарасты Бостандық ауданындағы Табақсай ауылында дүниеге келді. Негізі бұл шұрайлы жерді ғасырлар бойы ата-бабаларымыз мекендеген еді. Бірақ 1956 жылы КСРО-ның басшысы Никита Хрущевтің солақай саясатының салдарынан бұл аймақ Өзбекстанның меншігіне өтті. Араға дәл 36 жыл салып Әлжан Мүсірбекұлының кіндік қаны тамған Табақсайдан тағы бір Олимпия ойындарының жеңімпазы шықты. Ол – 2008 жылы Бейжіңде өткен байрақты бәсекеде қарсыластарын қоғадай жапырып, алтын тұғырға көтерілген боксшы Бақыт Сәрсекбаев.
Спорт • 24 Ақпан, 2022
Бұл күндері әлемнің әр қиырында теннистен дүбірлі додалар өтуде. Кіл мықтылар бас қосқан сол жарыстарда Қазақстанның теннисшілері де бақ сынап жатыр.
Спорт • 24 Ақпан, 2022
Бүгін Ыстанбұлда Яшар Доғуды еске алуға арналған халықаралық турнир басталады. Бұған дейін біз еліміздің еркін және грек-рим күресі шеберлері қандай құрамда өнер көрсететінін жазғанбыз.
Спорт • 24 Ақпан, 2022
Күні кеше ғана жолдастық кездесуде «Спартакты» ойсырата ұтқан «Барыстың» хоккейшілері іле-шала Мәскеудің тағы бір беделді клубы – «Динамомен» шеберлік байқасты.
Спорт • 24 Ақпан, 2022
Бүгін даңқты боксшы Флойд Мейвезер 45 жасқа толды. Ширек ғасыр бойы шаршы алаңды армансыз шайқаған ол 50 рет жекпе-жекке шығып, барлығында жеңіске жетті. 27 қарсыласын есінен тандырды. Сөйтіп америкалық саңлақ спорттық мансабында бірде-бір рет жеңілістің кермек дәмін татпаған жер-жаһандағы санаулы ғана боксшылардың бірі ретінде тарихта қалды.
Спорт • 23 Ақпан, 2022
Бейжіңдегі Ақ Олимпиада аяқталғанымен, қысқы спорт түрлерінен жарыстар әлі де жалғасуда. Алдағы күндері бізді тағы бірқатар байрақты бәсеке күтіп тұр.
Спорт • 23 Ақпан, 2022
Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) Гагарин кубогы жолындағы жарысқа қызу даярланып жатқан командалардың көбі қазіргі кезде жаттығу кездесулерін өткізуде.
Спорт • 23 Ақпан, 2022
24-27 ақпан арлығында Түркияның Ыстанбұл қаласында өтетін Яшар Доғуды еске түсіруге арналған халықаралық турнирде Қазақстанның еркін күресі шеберлері де өнер көрсетеді.
Спорт • 23 Ақпан, 2022
6 наурызда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында аралас жекпе-жектен UFC 272 турнирі өтеді. Бұл жарыста Қазақстанның тумасы Рафаэль Физиев те (Атаман) өнер көрсетеді. Қазіргі кезде Әзербайжанның туы астында өнер көрсетіп жүрген ол осы ұйымның бұрынғы чемпионы бразилиялық Рафаэль Дос Аньоспен күш сынасады.
Спорт • 22 Ақпан, 2022
Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан УЕФА-ның штаб-пәтерінде 2023 жылы өтетін әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу сайыстарының жеребесі тартылды.