Спорт • 11 Шілде, 2022
Алдағы күндері Мажарстанда үстел теннисінен үш бірдей халықаралық турнирдің жалауы желбірейді. Бұл бәсекелерде біздің елдің өрендері де өнер көрсетеді.
Спорт • 11 Шілде, 2022
Футзалдан Чемпиондар лигасының 2022/23 жылдардағы маусымында Қазақстанның екі командасы бақ сынайды. Олар – Алматының «Қайраты» мен Рудныйдың «Аяты».
Спорт • 11 Шілде, 2022
Қарт құрлықта өтіп жатқан «Тур де Франс» көпкүндігінің сегізінші кезеңінде 27 жастағы бельгиялық велошабандоз Ваут ван Арт алдына жан салмады.
Спорт • 10 Шілде, 2022
Ұлыбританияның астанасы – Лондонда теннисшілердің Уимблдон турнирі аяқталды. Көпшілік тағатсыздана күткен әйелдер арасындағы финалдық сайыс сенбі күні кешкісін өтті. Бұған дейін швециялық Мирьям Бьерклунд, польшалық Катажина Кава, франциялық Диан Парри, бельгиялық Элиса Мертенс, чехиялық Мари Боузкова және германиялық Татьяна Марияны жолынан ығыстырған әлемнің екінші ракеткасы, тунистік Онс Жабер ақтық айқасқа бес қаруын асынып келді. Десек те біздің Елена Рыбакина да бас жүлдені олжалау үшін барымды саламын деп, кортқа ерекше құлшыныспен шықты.
Спорт • 05 Шілде, 2022
Су спортынан Мажарстанның бас шаһары – Будапештте өткен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жер-жаһанның әр қиырынан жиналған спортшылар 17 күн бойы жүзу, ашық суда жүзу, суға секіру, ватерпол және синхронды жүзу секілді спорт түрлері бойынша 74 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Бақ сынаушылар қатарында 2016 жылы Рио және 2021 жылы Токиода алауы тұтанған жазғы Олимпия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілген саңлақтардың қалың шоғыры болды.
Спорт • 05 Шілде, 2022
Таяуда UFC-дің ресми сайтында аралас жекпе-жектен өткен жарыстарда ешкімнен жеңілмеген сегіз спортшының есімі жария етілді. Сол тізімде біздің Шавқат Рахмонов та бар. Жартылай орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақтың өр мінезді ұлы үздіктер рейтингінде екінші орынды иеленуде.
Спорт • 04 Шілде, 2022
Қарағандыда грек-рим күресіне Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. «Класиктердің» жарысында тосын нәтижелер көп тіркелді. Әсіресе шешуші тұста атағы алысқа жайылған балуандардың біразы сүрінді. Оларды тұғырдан тайдырған жалынды жастар кеншілер қаласындағы спорт кешеніне жиналған жанкүйерлердің ыстық ықыласы мен зор қошеметіне бөленді.
Спорт • 01 Шілде, 2022
Кәсіпқой рингте күш сынасуды армандаған Кубаның талай боксшысы өз елін тастап, өзге мемлекеттерден саяси баспана сұрағанына сан мәрте куә болған едік.
Спорт • 01 Шілде, 2022
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасындағы кейінге қалдырылған бір ойыны өтті. Атап айтсақ, Шымкентте жергілікті «Ордабасы» Павлодар облысынан келген «Ақсу» клубымен кездесті.
Спорт • 01 Шілде, 2022
Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Ұлыбританияның астанасы – Лондонда өтіп жатқан «Уимблдон» турнирінде сәтті өнер көрсетуде.