Спорт • 13 Шілде, 2022
АТР мен WTA рейтингі қайта жаңарды. Өкінішке қарай, Уимблдон турнирінде Ресей мен Беларусьтің өкілдерін шеттеткені үшін бұл теннисшілердің осы жарыстағы нәтижелері есепке алынбады.
Спорт • 12 Шілде, 2022
Джокович Надальдан оза ала ма?
Лондондағы аса беделді Уимблдон турнирі Новак Джоковичтің жеңісімен аяқталғаны өздеріңізге мәлім. Сербияның саңлағы финалда аустралиялық Ник Кирьосты ұтып, «Үлкен дулыға» санатындағы жарыстардың 21 дүркін жеңімпазы атанды.
Спорт • 12 Шілде, 2022
Президент кубогын сарапқа салады
Шайбалы хоккейден 16-20 тамызда Нұр-Сұлтанда өтетін Қазақстан Президенті кубогы жолындағы жарыстың кестесі жарияланды.
Спорт • 12 Шілде, 2022
Алдағы сенбіде Ақтауда Eagle FC және Naiza промоушендерінің ұйымдастыруымен аралас жекпе-жектен жарыс өтеді. Оны тамашалау үшін Хабиб Нурмагомедов пен Шавқат Рахманов сынды жұлдыздар келеді деп күтілуде.
Спорт • 12 Шілде, 2022
«Тур де Франс» көпкүндігінің тоғызыншы кезеңі Швейцарияның Эгль қаласынан бастау алып, Францияның Шателінде аяқталды.
Спорт • 11 Шілде, 2022
Мажарстанның бас шаһары – Будапештте дзюдодан Grand Slam турнирі өз мәресіне жетті. Аталған бәсекеде Қазақстанның 18 балуаны бақ сынағанымен, олардың бірде-біреуі жеңіс тұғырына көтеріле алған жоқ. Осы жағдайдың өзі-ақ қазіргі кезде елімізде дзюдо күресі тұралап қалғанын аңғартып тұрғандай.
Спорт • 11 Шілде, 2022
Аралас жекпе-жектен UFC-де өнер көрсетіп жүрген жартылай орта салмақтағы Шавқат Рахмонов маусым айының соңында ТОП-10 спортшының санатына еніп, жанкүйерлерді бір қуантқан еді. Жуырда үздіктер рейтингі тағы бір қазақтың өр мінезді ұлымен толықты. Шілде айының басында жеңіл салмақта күш сынасатын Дамир Исмағұлов озық 15 файтердің қатарына қосылды.
Спорт • 11 Шілде, 2022
Ақжүрек Таңатаров: Ағаларымның арзандыққа барғанына арландым
Еркін күресті серік еткен мыңдаған қандастарымыздың арасынан Олимпия ойындарында жүлде алу бақыты үш балуанға ғана бұйырды. Алғашқысы – Мәулен Мамыров. Мәулен 1996 жылы Атлантада алауы тұтанған жарыста қола медальды мойнына ілді. Екіншісі – 2000 жылы Сиднейде екінші орын алған Ислам Байрамуков. Үшіншісі – Ақжүрек Таңатаров. Ол 2012 жылы Лондонда шымылдығы түрілген дүбірлі додада дәл сол межеден көрінді. Бүгінгі «Егемен Қазақстанның» қонағы Ақжүрек бауырымыз. Осыдан тура 10 жыл бұрын Тұманды Альбион елінде атой салған саңлақ тарихы тереңде жатқан Әулиеата топырағынан редакциямызға арнайы келді.
Спорт • 11 Шілде, 2022
Испанияның астанасы – Мадридте үміткерлер турнирі өз мәресіне жетті. Аталған жарыста жер жаһанның ең үздік сегіз шахматшысы шеберлік байқасты. 20 тәулік бойы шаршы тақтаға үңілген ойыншылар келесі жылы кімнің әлем чемпионы атағы үшін таласуға лайық екенін анықтады.
Спорт • 11 Шілде, 2022
Алдағы күндері Мажарстанда үстел теннисінен үш бірдей халықаралық турнирдің жалауы желбірейді. Бұл бәсекелерде біздің елдің өрендері де өнер көрсетеді.