Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3417 материал табылды

Спорт • 15 Тамыз, 2022

Әзірге бесінші орындамыз

Қазақстанның спортшылары Түркияның Конья қаласында жалауы желбіреген V Ислам ынтымақтастығы ойындарын сәтті бастаған еді. Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне дейін 10 медаль жеңіп алсақ, одан кейінгі күндері де жерлестеріміз өрелі өнерімен өз жанкүйерлерін қуантты.

Спорт • 14 Тамыз, 2022

«Алтын доп» кімге бұйырады?

Әйгілі France Football басылымы өткен маусымның қорытындысы бойынша ең үздік футболшыларды анықтамақ. Күні кеше ғана «Алтын доптан» үмітті 30 ойыншының есімі жарияланды. Олардың қатарында мынадай аяқ­доп шеберлері бар:

Спорт • 14 Тамыз, 2022

Жарыс жолынан шығып қалды

УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсеткен «Тобыл» мен «Қызылжар» үшінші айналымның алғашқы матчтарында өз қарсыластарына бір ғана доп айырмашылығымен ұтылғаны мәлім. Сол сәтте барша жанкүйер жерлестеріміз кеткен есені қарымта кездесуде қайтарады деп үміттенді. Бірақ олай болмады. Өкінішке қарай, қазақстандық команданың екеуі де жарыс жолынан шығып қалды.

Спорт • 27 Шілде, 2022

Нелли Кимнің кереметтері

Ертең Қазақстанның мақтанышы Нелли Кимнің туған күні. Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарында бес реттен алтыннан алқа тағып, әлемдік спорт тарихында өшпес із қалдырған еліміздің даңқты гимнасшысы 65 жасқа толады.

Спорт • 25 Шілде, 2022

Софияда сайысқа түседі

28-31 шілде аралығында Болгарияның бас шаһары – Софияда таэквондодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Бұл жарыста барлық құрлықтан келген мықтылар күш сынасады. Даянға шығатындар арасында Олимпия ойындары, дүниежүзілік дода және тағы басқа аса ірі халықаралық турнирлерде дараланған жекпе-жек шеберлерінің қарасы мол.

Спорт • 25 Шілде, 2022

Қазақстандықтар ТМД құрамасы сапында қатысып еді

Осыдан дәл 30 жыл бұрын, яғни 1992 жылдың 25 шілдесінде Испанияның Барселона қаласында XXV жазғы Олимпия ойындарының алауы тұтанды. Дүбірлі додада 169 мемлекеттен келген 9 356 саңлақ сайысқа түсіп, олар 32 спорт түрі бойынша 257 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Жарыстың ашылу салтанаты Каталониядағы Монтжуик жотасында орналасқан, қыршынынан қиылған ірі саяси тұлға Льюис Компанистің есімі берілген ғаламат олимпиадалық стадионда өтті.

Спорт • 21 Шілде, 2022

Жылдар бойы жаңармаған рекордтар

Бүгінде Юджинде жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Осы жаһандық дүбірлі дода кезінде осы спорт түрлерінен жасалған және көп уақыт мұрты бұзылмай келген рекордтарды оқырмандардың жадында тағы бір жаңғыртқанды жөн көріп отырмыз.

Спорт • 19 Шілде, 2022

Рыбакина үздіктер тізімінде

Таяуда Relevant | Tennis Stats & Info порталында 2022 жылдың басынан бері ең көп табыс тапқан теннисшілердің рейтингі жарияланды. Солардың қата­рында қазақстандық Елена Рыбакина да бар.

Спорт • 18 Шілде, 2022

Семсерлесушілер сенімді ақтай ма?

Өткен сенбіде Мысырдың бас шаһары – Каирде семсерлесуден әлем чемпионатының шымылдығы түрілді. Әлемнің ең мықты спортшылары бақ сынап жатқан дүбірлі додада Қазақстанның 15 өрені өнер көрсетуде. Әдеттегідей олар бір аптадан аса уақыт бойы 12 жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Спорт • 15 Шілде, 2022

Агапова АҚШ-та айқасады

Әйелдер арасында аралас жекпе-жектен UFC-де өнер көрсетіп жүрген Қазақстанның жалғыз спортшысы Мария Агапова өзінің келесі кездесуін 1 тамызда өткізеді.