Спорт • 17 Тамыз, 2022
«Испания Вуэльтасына» қатысады
Ертең велошабандоздар арасындағы ең беделді жарыстардың бірі – «Испания Вуэльтасы» басталады. 24 тәулікке созылатын бәсеке Нидерландтың Утрехт қаласынан бастау алып, Испанияның бас шаһары – Мадридте өз мәресіне жетеді. Бұл көпкүндікте «Астана» клубы да бақ сынайды.
Спорт • 17 Тамыз, 2022
21 тамызда Нұр-Сұлтанда аралас жекпе-жектен Eagle FC турнирі өтеді. Бұл жарысты тамашалау үшін осы промоушеннің қожайыны, әйгілі спортшы Хабиб Нурмагомедовтің өзі келеді деп күтілуде.
Спорт • 17 Тамыз, 2022
АҚШ-тың Цинциннати қаласында жалауы желбіреген халықаралық турнирдің алғашқы айналымында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жеңіске жетті.
Спорт • 17 Тамыз, 2022
Теннисшілердің әлемдік рейтингі қайта жаңартылды. Бұл жолы біздің қыздар бірнеше сатыға жоғарылап, өздерінің жағдайын біршама жақсартты.
Спорт • 16 Тамыз, 2022
Ақтауда дзюдодан Тұрат Жолдыбаевты еске түсіруге арналған халықаралық турнир аяқталды. Бұл жарыста жерлестеріміз 5 алтын, 7 күміс және 13 қола медаль иеленді.
Спорт • 16 Тамыз, 2022
Қазақстанның «Тобыл», «Астана», «Қайрат» және «Қызылжар» клубтары еурокубокта сәтсіз өнер көрсетіп, жарысты мерзімінен бұрын аяқтағаны белгілі.
Спорт • 16 Тамыз, 2022
Цинциннатидегі турнир басталды
Кеше АҚШ-тың Цинциннати қаласында теннистен аса ірі халықаралық турнир басталды. Жүлде қоры 2 527 250 АҚШ долларын құраған жарыста қос жерлесіміз бақ сынауда.
Спорт • 16 Тамыз, 2022
Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан V Ислам ынтымақтастығы ойындары нағыз қызған шағына жетті. Кеше қоржынымыз тағы бірнеше жүлдемен толықты.
Спорт • 15 Тамыз, 2022
Әлемдік додада да барымды саламын – дейді дзюдодан Азия чемпионы Данияр Шамшаев
Жуырда ғана дзюдодан Нұр-Сұлтанда өткен Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамасы сегіз жүлде олжалап, өз жанкүйерлерін қуантқан еді. Бір өкініштісі, өз елімізде жалауы желбірген жарыста әнұранымыз бір мәрте ғана шырқалды. Жалғыз алтынды есімі көпшілікке беймәлім 18 жастағы Данияр Шамшаев есімді балуан жеңіп алды. 73 кило салмақ дәрежесінде күш сынасқан ол барлық төрт бәсекені иппонмен аяқтап, көпшіліктің назарын өзіне аударды. Дүбірлі дода аяқталған бетте су жаңа чемпионмен әңгімелесудің сәті түскен еді.
Спорт • 15 Тамыз, 2022
Күні кеше ғана 3-18 қыркүйек аралығында Шотландияның Глазго қаласындағы «Эмирейтс аренада» өтетін Дэвис кубогының топтық турнирінде Қазақстанның теннисшілері қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды. Команда капитаны Юрий Щукин Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Андрей Голубев және Александр Недовесов сынды саңлақтарға сенім артып отыр. Сондай-ақ сол тізімге Тимофей Скатов та қосалқы ойыншы ретінде енді.