Спорт • 22 Тамыз, 2022
Алматы облысына қарасты Талғар қаласында бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділовтің жүлдесі үшін өткен жасөспірімдердің халықаралық турнирі аяқталды.
Спорт • 22 Тамыз, 2022
17-30 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтанда шахматтан әйелдер арасындағы Гран-при турнирінің бірінші кезеңі өтеді. Бұл жарысқа әлемдегі үздіктер санатына енетін 12 ойыншы қатысады.
Спорт • 22 Тамыз, 2022
Нидерландтың Утрехт қаласынан бастау алған велошабандоздар арасындағы ең белді жарыстардың бірі – «Вуэльта» көпкүндігінің алғашқы екі кезеңі артта қалды.
Спорт • 22 Тамыз, 2022
Нұр-Сұлтанда шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогы жолындағы жарысты Нұр-Сұлтанның «Барысы» сәтсіз бастағанда көңіліміз біраз жабырқап қалған еді. Бірақ одан кейінгі ойындарда елордалық клуб қарсыластарын қапы қалдырып, бас жүлдені олжалады.
Спорт • 21 Тамыз, 2022
Қазақстан үздік бестіктің қатарында
Түркияның Конья қаласында V Ислам ынтымақтастығы ойындары аяқталды. 10 күнге созылған байрақты бәсекелерге 55 мемлекеттен келген 4 мыңнан аса спортшы қатысты. Олар 24 спорт түрі бойынша 355 жүлдені сарапқа салды. Солардың қатарында Қазақстан құрамасы да бар. Жалпы саны 89 (27 алтын+23 күміс+39 қола) жүлдеге қол жеткізген жерлестеріміз Исламиаданың командалық есебінде бесінші орынға табан тіреді.
Спорт • 21 Тамыз, 2022
Болгарияның бас шаһары – Софияда еркін және әйелдер күресінен жастар арасындағы (U-20) әлем чемпионаты аяқталды. Бұл жарысты жігіттеріміз бір ғана жүлдемен қорытындылағанын біз бұған дейін баяндаған едік. 57 кило салмақ дәрежесінде сынға түскен Мерей Базарбаев күміс медальді мойнына ілді. Ол грекиялық Андреас Паротсидис, үндістандық Абхишек Дхаканы және украиналық Георгий Казанжиді қапы қалдырғанымен, финалда америкалық Иоре Расселл Волктан бір ғана ұпай айырмашылығымен ұтылды.
Спорт • 19 Тамыз, 2022
Қазіргі кезде Софияда әйелдер күресінен жастар арасындағы (U-20) әлем біріншілігі өтіп жатыр. Өкінішке қарай, біздің бұрымдыларға әзірге жеңіс тұғырына көтерілу бақыты бұйырмады.
Спорт • 19 Тамыз, 2022
Шайбалы хоккейден Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Қазақстан Президенті кубогының тұсаукесер кездесуінде сүрінген «Барыс» келесі ойында жеңіске жетті.
Спорт • 19 Тамыз, 2022
АҚШ-тың Цинциннати қаласындағы турнирдің екінші айналымында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездесті.
Спорт • 19 Тамыз, 2022
Бұл күндері аралас жекпе-жектің жанкүйерлері АСА промоушенінің мұрындық болуымен өтіп жатқан жеңіл салмақтағылар арасындағы Гран-при турниріндегі әр бәсекені қызыға тамашалауда. Бұл жарыстың жүлде қоры 800 мың АҚШ долларын құраса, бас жүлдені олжалаған спортшы 200 мың долларды иемденеді.