Ата заң • 29 Қаңтар, 2026
Депутат Имашева Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау идеясын қолдады
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау қажеттігі Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бесінші отырысында талқыланды. Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева жаңа түзетулер Конституцияның 77 бабына енгізіліп, негізгі заң мәтінінің 84 пайызын жаңартатынын, іс жүзінде барлық бөлім қамтылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 29 Қаңтар, 2026
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Конституциялық реформаның мәні мен ел дамуы үшін маңызына тоқталып, бірқатар өзекті мәселелерді атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 29 Қаңтар, 2026
Жақып Асанов: Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату
Конституцияға енгізілетін өзгерістер көптің көкейіндегі негізгі сұраққа айналып отыр. Сондықтан Конституциялық реформаның әр азаматқа не үшін қажет екеніне айрықша назар аударылады. Бұл туралы Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 29 Қаңтар, 2026
Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды
Конституциялық комиссияның бесінші отырысында егемендікті нығайту, тікелей демократия тетіктерін кеңейту және дәстүрлі құндылықтарды бекіту мақсатында Ата заңның бірқатар ережелерін қайта қарау бастамасы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 29 Қаңтар, 2026
Конституцияда заңдардың кері күшіне тыйым салу ұсынылды
Конституциялық комиссияның бесінші отырысында Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов Конституцияда заңдардың кері күшіне тыйым салу қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 29 Қаңтар, 2026
Қарлығаш Жаманқұлова: Жаңа Конституция сөз бостандығымен қатар шығармашылық еркіндікті де қорғайды
«Әділ сөз» халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова Қазақстанның жаңа Конституциясында сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндікті қорғау нормаларының бекітілуін жоғары бағалады. Өз пікірін ол Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бесінші отырысында білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 29 Қаңтар, 2026
Конституцияда экологиялық жауапкершілікті бекіту ұсынылды
Конституциялық комиссияның бесінші отырысында жүйелі диалогтың орнықты алаңына айналуға тиіс Халық кеңесін құру жөніндегі бастамалар талқыланды. Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы Владимир Бубенконың айтуынша, жаңа органның қызметі қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға, ашық талқылау және шешімдерді бірлесіп іздеу мәдениетін дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
«AMANAT» партиясында азаматтардың цифрлық сауатын арттыруға арналған жаңа шаралар ұсынылды
«AMANAT» партиясында цифрлық даму және жасанды интеллект мәселелері жөніндегі республикалық партиялық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Дания Еспаева: бізге жекелеген түзетулер емес, жаңа Конституция қажет
Мәжіліс депутаты Дания Еспаева Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның бесінші отырысында Ата Заңға ұсынылған өзгерістердің көлемі мен тереңдігі тек қана жекелеген түзетулер аясында қалмайтынын, Конституцияның жаңа мәтінін әзірлеу қажеттігіне объективті түрде алып келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 29 Қаңтар, 2026
Ерлан Қарин: Жаңа Конституция Қазақстанның кемелденген мемлекеттігін көрсетеді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бесінші отырысында сөз сөйледі. Ол жаңа Конституция жобасының негізгі ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.