
Президент • 23 Ақпан, 2023
Президент Шымкент қаласының әкімін қабылдады
Мұрат Әйтенов үшінші мегаполистің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан • 23 Ақпан, 2023
Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейстері ашылады
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаевтың айтуынша, Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасы 2025 жылдың екінші жартысында ашылуы мүмкін, деп хабарлады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2023
Әскери қызметкерлердің жалақысы өседі
Бүгін Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Сенат отырысында Әскери-әуе күштерінің ұшқыштары, әскери жоғары оқу орындарының оқытушылары мен әскери дәрігерлердің жалақысы 30%-дан жоғары өсетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2023
Қазақстан «Air Arabia» әуе компаниясына айыппұл салды
«Air Arabia» әуе компаниясы рейс кешігуі жағдайында жолаушыларға қызмет көрсету талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі Азаматтық авиация комитетінің ресми Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2023
Былтыр қанша шетелдік Қазақстаннан экстрадицияланды?
Бас прокуратура қылмысқа қарсы іс-қимыл және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету саласында шет мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2023
Шымкент тұрғындары қаржы пирамидасының құрбаны болды
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы үй немесе көлік алуға көмектесемін деп тұрғындарды алдап соққан. Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ПК «GAP» пирамидасына қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2023
Шекарадан заңсыз өтпек болған тоғыз шетелдік азамат ұсталды
Қазақстан шекарашылары мен полицейлері елден заңсыз өтпек болған тоғыз пәкістандықты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 23 Ақпан, 2023
Түркия мен Сириядағы зілзала құрбандарының саны 50 мыңнан асты
Түркияда 6 ақпанда болған жойқын жер сілкінісі 43 556 адамның өмірін қиды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мәлімдеді. Ал Сирияда белсенділер 6747 адамның қазасын тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2023
Ауа райына байланысты бес өңірде жол жабылды
23 ақпан сағат 09:15-тегі ақпаратқа сәйкес бес өңірде қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар тасжолдар жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коронавирус • 23 Ақпан, 2023
Өткен тәулікте 106 адамнан коронавирус анықталды
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 106 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды Egemen.kz.