
Әдебиет • 18 Шілде, 2022
Еуропа ренессансқа дейінгі дәуірде түнекті кезеңді бастан өткерді. Шіркеудің ғылымсыз епископтары басқаны былай қойғанда, жуыну үшін сабынды пайдалануды күнә деп тапты. Қала ішінде балконнан құйылатын «сары судан» сақтану үшін шляпа бас киімі мен жердегі қоқсықты баспау үшін биік өкшелі аяқ киімдер Еуропада ойлап табылды. Тазалық сақталмаған ортада оба, қотыр сынды әртүрлі аурулар жайлады, адамдар миллиондап қырылып жатты.
Қоғам • 13 Шілде, 2022
Өткен ғасырдың көзге көрініп, көңілге қонған ірі жетістігінің бірі – телефон құрылғылары. Бүгінгі таңда телефон қолданбайтын адамды кезіктіру қиын. Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызып, қашықты жақын, беймәлімді айқын еткен құрылғылар көңілге демеу. Алайда смартфон қазіргі таңда бала жұбату, тәрбиеші қызметтерін атқарып жүргені жасырын емес. Мамандар бұл қауіпті тенденция екенін айтып дабыл қағуда.
Медицина • 12 Шілде, 2022
Профтексерістер тізімі кеңейтілді
Жыл сайын Денсаулық сақтау саласында жаңа өзгерістер мен бастамалар көтеріліп, жолға қойылып келеді. Халықтың хал-ахуалын жақсартуға арналған жобалар діттеген мақсатына жетіп, тұрғындардың алғысын алуда. Бұл ретте жақында ғана Денсаулық сақтау министрлігі ел тұрғындарын профилактикалық тексеру қызметтерін кеңейту туралы бұйрықты бекітті.
Әдебиет • 11 Шілде, 2022
«Алтын бу айна көлдің бетін жабар...»
Мақтанғандай болмайық, шын сөзіміз, әлемде қазақ секілді 100 томнан асатын фольклорлық еңбегі бар халық кемде-кем. Ағылшындар англосаксондық «Беобульф» сынды эпикалық поэмаларын сөз етіп сан-саққа таратса, француздар көбіне «Ролланд туралы жырды» уағыздайды. Ал қазақ халқының жылан қабығындай қатпар-қатпар жырлары мен толғау-дастандарында, аңыз әңгімелер мен ғибратты ертегілерінде есеп жоқ. Қайсыбірін алсақ та өлмес тақырыптар мен күрделі сюжетке құрылған.
Әдебиет • 10 Шілде, 2022
Ерте кезде, ерте емес-ау, біздің жыраулар өмір сүрген тұста, Фудзи тауы етегінде, құз-қиялар аңғарында, топ жидек пен гүлшоғырлар арасында Басё деген ақын ғұмыр кешіпті. Жалт еткенге жан беріп, мөлт еткенге жас алар көңілшек екен. Өзі ширақ, өлең-сөзге жүйрік, бұйығы, томаға-тұйық болса керек. Әрине, сырдаң көңілге қалай сыр қонсын, сырғақ кеудеге қайдан кие ұяласын.
Елорда • 06 Шілде, 2022
Егер әр қаланы жеке адам ретінде қарасақ, онда елорда жас мөлшерімен бозбала болып танылар еді. Қаншама ұрпақ мойнына бұршақ салып тілеген, әрбір тамыры үшін бабалары шаһит кешіп жаннан түңілген шежірелі бозбала. Рухында үміт пен сенімнің, мехнат пен арпалыс жолдың табы қалып ерте есейген бозбала.
Қоғам • 05 Шілде, 2022
Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы Қырғыз этномәдени бірлестігімен қосылып, Қазақстан халқы Ассамблеясы алаңында жастарға арналған «Болашақты басқарыңыз» атты іс-шара өткізді.
Медицина • 04 Шілде, 2022
Дәрігерлер – қоғамдағы адамдардың денсаулығын күзетіп, мемлекеттің алға жылжуына үлес қосушы бірден-бір мамандық иелері. Дәрігерлік сала тек іспен емес, сөзбен де терең тамырласып жатады. Өйткені «дәрігер науқасты жартылай іспен емдесе, жартылай сөзбен емдейтіні» талассыз ақиқат. Алайда кейбір науқастардың ақ халатты абзал жандардың салыңқы қабағы мен тұнжыр, немқұрайды көзқарасынан дертіне дерт қосып, көңілі жараланып жататынын да естиміз.
Әдебиет • 04 Шілде, 2022
Тоғай-тоғай су екен, судан ұшқан бу екен. Қарсақ жортпас қалың екен, түлкі жортпас түлей екен. Әлқисса, Кішкентай ханзада екеуміз ұшы-қиырсыз жолға шықтық. Мен де, ол да ұшуды арман еттік. Барлық жаратылыс атаулы жұмбақ, құпия, дымын ішіне тартқан түнгі теректердей көрінетін. Әр ғаламшарға сапар шегіп, әр адамның жан сарайына үңілдік.
Медицина • 30 Маусым, 2022
Медициналық пойыз – Жетісу облысында
«Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы Жетісу облысының тұрғындарын Айнабұлақ стансасында қабылдай бастады. Одан әрі пойыз 1-2 шілде аралығында – Көксу, 3-4 шілде – Егінсу, 5-6 шілде – Бескөл, 7-8 шілде – Жайпақ, 9-10 шілде Достық стансаларына барады. Медициналық пойыздың тәжірибелі мамандары жергілікті тұрғындарға мамандандырылған вагондарда тегін медициналық көмек көрсетеді.