Гүлнар ЖОЛЖАН
Гүлнар ЖОЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
314 материал табылды

Қоғам • 14 Сәуір, 2023

Тарихшы іздері

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында әр жұма сайын өтетін «Даму күнінің» кезекті спикері тарихшы, «Восхождение по нисходящей» кітабының авторы Нұртай Агубаев болды.

Басылым • 11 Сәуір, 2023

Басқа басылымдардан: Орталық Азия сапары

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті елорда әуежайында Қазақстанның Премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды. Бұл сапар бары­сын­да екі ел бірқатар маңызды келісімге келді.

Қазақстан • 10 Сәуір, 2023

Жаңа әуе рейстері

Осы жылы Сауд Арабиясының «Flynas» әуе ком­паниясы Қазақстанға тікелей рейстер ашады. Әуе рейстер екі ел арасында тұрақты қатынамақ. Эр-Рияд қаласында Қазақстанның Сауд Арабиясындағы елшісі Берік Арын «FlyNas» әуе компаниясының бас директоры Бандер Әл-Моханнамен кездесіп, келісімге келді.

Әскер • 10 Сәуір, 2023

Әскерге шақыру: Міндет пен мүмкіндік

Қазір әскерге өздігінен сұранатындар аз, тіпті жоқтың қасы десек те болады. Бозбалалардың көбі Отан алдындағы боры­шын өтегеннен гөрі, ерте еңбекке араласып, ақша табуды мақсат тұтады. Ата-аналары да қолдан келсе ұлдарын әскерге жібермеудің қамын жасап, балаларының бұл шешімін құптайды. Ал олар әскерден жалтарғаны үшін айыппұл төлейтінін біле ме? Тіпті азаматтық борышынан түбегейлі бас тартқан жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынынан хабардар ма? Осы орайда айыппұл мөлшері мен әкімшілік, қылмыстық жазаның жүгін саралап көрген едік.

Әлем • 09 Сәуір, 2023

Қатары толыққан НАТО

Өткен аптада Финляндия ресми түрде НАТО құрамына енді. Осылайша ұйымның Брюссельдегі штаб-пәтерінде 31-мүшесінің жалауы көтерілді. Бұл іс-шараға Финляндия президенті Саули Ниинистё мен үкімет министрлері қатысты. Солтүстік альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг «Финляндияның ұйым қатарына қосылуы шын мәнінде үлкен тарихи оқиға болды» деп мәлімдеді. Негізі Финляндиямен қатар Швеция да НАТО-ға өтуге өтініш берген еді.

Әскер • 09 Сәуір, 2023

Сарбаз болу – абырой

Қарулы Күштердің қатары жас сарбаздармен толығып жатыр. Биыл Отан алдындағы борышын өтеуге 18 мыңнан астам бозбала шақырылған. Қазір көктемгі әскерге шақыру науқанында олар күн сайын медициналық тексерістен өтіп, жарамды жігіттер өңірлердегі әскери бөлімдерге аттанып жатыр. Өткен демалыс күндері Астана қаласының бір топ сарбазын ата-аналары мен Қорғаныс саласының өкілдері армия қатарына шығарып салды.

Әлем • 07 Сәуір, 2023

Қандасымыз – Түркия Парламентінен үміткер

Түркияда 14 мамырда өтетін сайлауға қатысу үшін қандасымыз Рашида Юксел Парламент депутаттығына кандидат ретінде тіркелді. Ол қазірге дейін Ыстанбұлдағы Зейтін-бурну аудандық мәслихатында депутат, биліктегі «AK Parti» партиясының әйелдер ісі жөніндегі комитетінің мүшесі болды. Биылғы саяси додада осы АК партиясы атынан мандаттық таласқа түспек.

Пікір • 04 Сәуір, 2023

Әлеуметтік желі мәдениеті

Әлемде әлеуметтік желінің дәурені басталғалы да біраз уақыт болды. Қолдану­шыларының саны да жыл сайын артып келеді. Танымал он шақты әлеуметтік желінің аудиториясы мен оны қолданудың мақсаты әртүрлі. Десек те, ең алдымен олар – ақпарат алаңы. Ал бара-бара бұл желі­лерді өзіміздің ыңғайымызға бейімдеп алғаны­мыз рас. Ақпарат көзінен табыс көзіне негіз­дедік. Соңғы кездері тіпті ақпарат көзі «ұрыс» алаңына айналып бара жатыр.

Медицина • 03 Сәуір, 2023

Оңалту орталығының орны бөлек

2025 жылға дейін елде 12 оңалту орталығы бой көтеруге тиіс. Мемлекет басшысы Үкіметке осындай тапсырма берді. Қазіргі күні мұндай нысан Абай облысында ғана пайдалануға берілген. Қалған орталықтардың мәселесі қалай шешіліп жатыр? Құрылыс жұмыстары басталды ма?

Білім • 03 Сәуір, 2023

Құжат қабылдау басталды

Мемлекеттік басқару академиясында магистратура және докторантурада оқуға құжат қабылдау басталды. Науқан 29 маусымға дейін жалғасады. Академия ректоры Ерлан Әбіл арнайы баспасөз мәслихатында Admission талаптарын айтып, белгіленген грант мөлшерін атады.