Қоғам • 12 Қаңтар, 2021
Елорданың бас санитарлық дәрігері үндеу жасады
Қаңтардың алғашқы онкүндігінде елорда «сары» және «қызыл» аймақтардың шекарасында тұр. Жаңа жылдық мерекелерден кейін инкубациялық кезең аяқталғанын ескере отырып, коронавируспен ауыратын науқастар саны артып келеді. Бұл — санитарлық нормалардың бәрі бірдей сақталмағанының басты белгісі. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2021
Қазақстанда қанша шетелдік азамат жұмыс істейді?
Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартуға жыл сайынғы квота жұмыс берушілердің қажеттілігі негізінде осы жылы республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады. Бүгінгі күні 1,7 мың кәсіпорында 14,6 мың шетелдік азамат жұмыс істейді, бұл ретте ұйымдардағы қазақстандық қызметкерлердің үлесі 96%-ды құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 12 Қаңтар, 2021
Агроөнеркәсіптік кешенде тұрақты өсім сақталуда - министрлік
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2020 жылғы негізгі нәтижелері туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 12 Қаңтар, 2021
Елордада екінші ауысымдағы мектеп оқушыларына сабақ онлайн-режимде өтеді
Нұр-Сұлтан қаласында ауа айының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымда оқитын мектеп оқушылары үшін сабақ қашықтан өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
Білім • 12 Қаңтар, 2021
18 қаңтардан бастап ЖОО-ның 1 курс студенттері дәстүрлі форматта оқиды
18 қаңтардан бастап жоғары оқу орындарының 1 курс студенттері дәстүрлі форматта оқитын болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 12 Қаңтар, 2021
Қазақстанда мұнай және конденсат өндіру көлемі 85,7 млн тоннаны құрады - Нұрлан Ноғаев
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев еліміздің отын-энергетика кешенінің 2020 жылғы даму қорытындысы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 12 Қаңтар, 2021
Мысырдан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды
Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті Мысырдан ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталғанын хабарлады.
Экономика • 12 Қаңтар, 2021
Ерболат Досаев Ұлттық қордың кірісі жайында айтты
Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму және 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы қаралды. Банк саласының жағдайы туралы Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2021
ОСК төрағасы байқаушылар мен сайлаушыларға алғыс айтты
Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Берік Имашев байқаушылар мен сайлаушыларға алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 12 Қаңтар, 2021
Коронавирус жұқтырған 283 адамның жағдайы нашар
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырғандар бойынша бүгінгі мәліметті ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.