Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
21 материал табылды

Руханият • 14 Маусым, 2023

Санадағы сансыз қоңырау

Ағылшындарда «Рим шаһары бір күнде салынған жоқ» деген жақсы сөз бар. Қателеспесек, бұл сөздің арғы-бергі адамзат қоғамында өмір сүріп келе жатқанына талай ғасыр болды. Әр сөздің киесі болатыны сияқты, оның әу бастағы иесі де болары сөзсіз. Аталған алдарқатпа сөзді сол кездегі әлдебір билік басындағы біреу немесе ертеңінен үміт үзбеген бір арманшыл адам айтқан шығар, бәрі де мүмкін. Осы сөзге қазақтың «бұдан жаман күнде де тойға барғанбыз» деген тәубелі пікірі сай келеді. Неге десеңіз, екеуінің де табан тірер тиянағы – көңіл төркіні. Екеуі де адам баласын алдаусыратып, алға сүйрейді, жетелейді.

Тарих • 08 Мамыр, 2023

Хемингуэйдің соңғы сұхбаты

Атағы жер жарған, қаламгерлер «Хэм» деп атаған Эрнест Хемин­гуэймен соңғы рет тілдескен кісінің есімі – Свен Брикертс. Ол жазушымен тілдесіп қалу үшін көп ізденген, тіпті бірнеше рет меселесі қайтқан журналистің бірі. Ол осы бір сұхбат үшін Кенияның Кэи-Уестіне, Парижге, Памплонаға барудан да еш ерінген емес. Сосын олар «Паппи алабұғасы» атты кішкентай балық тағамдарын әзірлейтін мейрамханада кездесуге келіседі.

Абай • 03 Мамыр, 2023

Вашингтондағы Абай орталығы

Жуық жылдардан бері шетелде қазақ мәдениеті орталықтары ашылып, сол арқылы еліміздің мәдениеті мен әдебиетін, салт-дәстүрін өзге елдерге насихаттау, таныстыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл орталықтардың біразы тыңғылықты түрде халқымыздың мәдениетінің керегесі кеңеюіне септігін тигізіп жүргені анық. Солардың бірі – АҚШ астанасы Вашингтон қаласындағы Абай орталығы.

Ғалым • 05 Сәуір, 2023

Теңіздегі тіршіліктің тамыршысы

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз, жас ғалым Алтынай Қайдарова – электроника және компьютерлік инженерия бойынша PhD, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының аға ғылыми қызметкері. Ол қазір әріптестерімен бірге теңіз жануарларын бақылауға арналған арнайы көпфункциялы сенсорлар әзірлеумен айналысады. Құрылғы жануарлардың дене температурасын, тіпті олардың қоршаған ортадағы күйзеліс деңгейі мен жылдамдығын қадағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар аталған әзірлеменің көмегімен сирек кездесетін сүтқоректілердің қоныс аударуы туралы мәліметтер жиналады.

Ғылым • 27 Наурыз, 2023

Ғылымы озық мемлекеттің өрісі кең

Қоғамның қозғаушы күші – ғылым мен экономика. Мемлекеттің дамуы да ұлттық ғылым көкжиегінің кеңеюіне байланысты. Қуанарлығы, қазір осы салаға дендеп кіріп, ғылыми білімін шыңдап, өз саласының майталман маманы болуға ұмтылған жастар көбейіп келеді. Олардың әлемнің әр қиырынан білім алып, тәжірибесін еліміздің ғылымын дамытуға бағыттайтыны қуантады.Осы орайда отандық ғылымның қазір­гі жай-күйі мен келешегін бағам­­­дау мақсатында дөңге­лек­ үстел ұйымдастырған едік. Оған Лондондағы «HEAD Aerospace Group» ком­па­ния­сының коммерциялық директоры Сапар САТАЙ, Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биомедицина ғылыми-зерттеу орталығының дирек­торы Әлібек ЫДЫРЫСҰЛЫ, Nazarbayev University Энергетикалық ғарыш зертханасының постдокторанты, Халықаралық астрономия одағының мүшесі Бекдәулет ШҮКІРҒАЛИЕВ қатысып, ой-пікірін ортаға салды.

Сұхбат • 21 Наурыз, 2023

Кэролайн СЭВИДЖ: Қазақ мәдениетіне қызығамын

Қазір қазақ тілін үйреніп, оны күнделікті тұрмыста қолданатын шетел азаматтарының қатары көбейіп келеді. Солардың ішінде жөні бөлек бір жан бар. Кейіпкеріміз – АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Кэролайн Сэвидж ханым. Бізге берген сұхбатында ол қазақ тілін үйренудің маңыздылығы, оның жұмысына тигізген оң әсері және Консулдықтың қазақ мәдениеті туралы алдағы уақытта ұйымдастырып жатқан іс-шаралары туралы айтып берді.

Ауыл • 20 Наурыз, 2023

Ауылдағы интернеттің аужайы

Тұрғындарды интернетпен қамтамасыз ету – кез келген мемлекеттің басты міндеті. Соның нәтижесінде цифрлық шешімдер өмірдің барлық саласында қолданысқа ене бастады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды­ пайдалану, су, жылу және басқа да коммуналдық игіліктер секілді күнделікті қажеттілікке айналды.

Ғылым • 02 Наурыз, 2023

Ғылым академиясы қандай болуы керек?

Ғылым академиясы. Осы бір сөзге бір ұлттың ғылымы, оған деген көзқарасы мен осы саладағы болашағы сыйып-ақ тұр. Қазіргідей ғылым дәуіріне қадам басқан тұста ғылымсыз елдің болашағы бұлыңғыр екені даусыз. Бұл ретте «Ұлттық ғылым академиясының жаңа кезеңдегі – Әділетті Қазақстандағы бағыты мен бағдары қандай болуы керек?» деген маңызды сұрақ туындайды. Біз осыған жауап іздеп көрдік.

Өнер • 01 Наурыз, 2023

Суретшілер қоғамнан тыс қала алмайды

Бейнелеу өнері адамзат ақыл-ойының, сана-сезімінің, қоғамының дамуына өз үлесін қосып келе жатқаны анық. Тіпті бұл саланы шекарасыз өнердің бір түрі деп түсінгелі бері әлемнің әр қиырындағы қылқалам шеберлері бір-бірін кестелі кенеп бетінде түсініп, танып-білді. Қазіргі қазақ бейнелеу өнері қандай күйде, оның қандай қордаланған мәселелері бар деген сауалға жауап алу үшін біз мүсінші, график Мәлік Өскенбаев, өнертану докторы, профессор Байтұрсын Өмірбеков, суретші Хамит Файзуллин, суретші-дизайнер Аңсаған Мұстафа және осы салада ұстаздық етіп жүрген жас қылқалам шебері Бейбіт Әсемқұлды дөңгелек үстел басына шақырдық.

Әдебиет • 13 Ақпан, 2023

Бір адам – бір тағдыр

Кейде алуан түрлі әдеби шығармаларды оқып отырып, кейіпкерлер өміріне, оның өмір сүрген ортасына назар аударасың, жазушылардың ойшылдығы, тапқырлығы да оқырманды тәнті етпей қоймайды. Бір байқағаным, мейлі қай ұлттың әдебиеті болсын, әйел кейіпкерлер арқылы сол кездегі қоғамның келбетін, адам жанының нәзіктігін суреттеуге көбірек ден қойыпты, соған ұмтылыпты. Кейде оқиғалары ұқсас болмаса да, кейіпкерлері арқылы адам тағдырын сөз еткен шығармаларды қатар оқып, жазушылардың шеберлігі мен оқиғалар желісіне жіті назар аударуға құштармын. Мұндағы мақсатым, кім мықты жазады деп емес, кімнің жазғаны оқырманды ойландыра алады деген сұраққа жауап іздеу екенін де жасырмаймын.