Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2747 материал табылды

Әйел әлемі • 14 Сәуір, 2023

Мұнайшы қазақ қызы әлемдік жобаларға атсалысып жүр

Биыл «Шеврон» компаниясының Қазақстан Республикасында жұмыс істеп келе жатқанына 30 жыл толды. Трансұлттық компанияда ширек ғасырдан бері инженерлік әзірлемелер мен құрылыс сынды іргелі жобаларды жүргізген жоғары білікті мамандардың бірі – Зайгүл ДОСАЛИЕВАМЕН әңгімелесудің сәті түсті. Кейіпкеріміздің дүниенің әр қиыры мен еліміздің ішінде атқарған жұмыстары шынында да қызғылықты.

Денсаулық • 07 Сәуір, 2023

Қызылша ауруының себеп-салдары

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдегендей, 2021-2022 жылдары қала бойынша қызылша мен қызамықтың зертханалық расталған жағдайлары тіркелмеген. Алайда көші-қон үдерісі Алматының эпидемиялық ахуалына кері әсер етіп отыр.

Инвестиция • 06 Сәуір, 2023

ЕҚДБ елімізге экономиканы қаржыландырудың жаңа көздерін ұсынды

Бүгінге дейін Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстанға 304 жоба аясында 10 млрд еуродан астам инвестиция салыпты. Салынған осыншама қаражаттың ағынына қарап, Еуропа банкі біздің елімізді Орталық Азиядағы тарихы ең ұзақ ірі бөлімшесіне айналдырып қойғандай десек те болғандай екен.

Алматы • 06 Сәуір, 2023

Кенеден сақтан!

Күн райын болжаушылар биыл Алматыға көктем ерте келетінін ескерткен еді. Синоп­тиктердің сол сәуегейлігі орындалып, қазір­гі күндері оңтүстік өңірлерде күн жар­қырап тұр. Алайда Алматы сияқты таулы аймақ­тарда мұның да өз қатері бар. Күн жылына бастағаннан кенелер де жыбырлап оянады, жабысқан жерінен айырылмайтын жәндік адамға да, жан-жануарға да жақсылық әкеле қоймайды.

Денсаулық • 06 Сәуір, 2023

Цифрлық аутизм арнаулы бағдарлама қабылдауға мәжбүрлеуі мүмкін

Бүгінгінің баласы үңіліп отырған гаджетін алып қойсаң, қолыңда өле жаздайды. Тіпті жылап жатқан сәбиге смартфоныңды ұстатсаң, сол сәтте бақырғанын сап тыйып, виртуалды әлемге енуге әрекет жасайтынына таңғалмайтын күнге жеттік. Мұның алаңдататын жайтқа айналғаны соншалықты, арнаулы мамандар қазір осы ауытқудың түрлерін жіктеп бере алатын жағдайға жетті...

Алматы • 04 Сәуір, 2023

Шымбұлақ – әлемдегі ең биік шаңғы трассасы

Алматының тәжі іспетті Медеу мұз айдынынан да шырқау биікте тұрған Шымбұлақ бұдан былай «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы» болып саналады. Оны Guinness World Records кеңсесінің судьясы Шейда Субаси-Гемиджи ресми түрде растады. Осылайша, «Шымбұлақ» ресми түрде «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы» аталымы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына кірді.

Қоғам • 03 Сәуір, 2023

Киберчемпиондар қоғамдастығы

Орталық Азия мен АҚШ елдерінің мемлекеттік органдары, азаматтық қоғам мен жеке сектор өкілдері цифрлық сауда және киберқауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін Алматыға жиналды.

Сұхбат • 31 Наурыз, 2023

Трансмай несімен қауіпті?

Кейінгі уақытта маргарин мен спредтердегі гидрогенезделген майларға қатысты қолданыстағы техникалық регламентті жеңілдету туралы және олардың өнімдегі мөлшерін қазіргі 2%-бен салыстырғанда 20%-ға дейін жеткізуді ұсынған ақпараттар шығып жатыр. Азық-түлік өнімдеріндегі трансмайлар құрамын неліктен шектеу керек екені, оның денсаулыққа қандай қауіп төндіретіні жайлы Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті, отандық ғалым-нутрициолог, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың екі мәрте лауреаты Юрий Синявскийден сұрап білдік.

Қоғам • 30 Наурыз, 2023

TikTok-та Наурыз мерекесі туралы бейнероликтер 120 млн рет қаралды

Қысқа видеороликтер жасаумен мәшһүр болған TikTok платформасы танымал контент авторларының қолдауымен тұңғыш рет #Наурыз2023 онлайн-фестивалін өткізген болатын. Наурыздың аяғында мәреге жеткен жоба платформа қауымдастығының айрықша назарында болып, хэштег бойынша контент 120 миллионнан астам қаралым жинады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медицина • 29 Наурыз, 2023

Сирек кездесетін сүйек ауруы – ахондроплазияны емдеуге бола ма?

Ағзадағы қандай да бір ахуал қалыпқа сыймаса, ол тексеруді, түйткілін табуды қажет етеді. Ме­ди­цина саласындағы үздік­сіз зерттеулердің пайда­сы да сонда, көптеген ауру­дың белгілері ұқсас болғанымен, себебі мен шипасы мүлде бөлек екенін анықтай алады. Мәселен, біраз адам бойының бәке­нелігінен зардап шексе, енді бірі баласы аласа болып қалмау үшін ем-дом іздеп жүр. Ал мамандар адам­ның қалыптан тыс тапал болып қалуын «ахондроплазия» деп атайды.