
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Алматыдан Жидебай ауылына жаяу экспедиция шығады
Ертең, 12 маусымда Алматы қаласынан ақын Абай Құнанбайұлының туған жері Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Жидебай ауылына дейінгі қашықтықты жаяу жүріп өту үшін арнайы еріктілер тобы экспедициясын бастайды.
Қоғам • 11 Маусым, 2020
Алматыда жүрегінде ісігі бар пациентке күрделі ота жасалды
Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиохирургтары жүрекішілік үлкен ісігі бар жүкті пациентке кесарь тілігі жасалғаннан кейін, 15-ші тәулікте жүректің қатерсіз ісігі – сол жақ жүрекше миксомасын алу отасын сәтті жасап шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Алматыда індетке қарсы залалсыздандырудың 23 кезеңі басталды
Бүгінге дейін Алматыда қоғамдық орындарды дезинфекциялауда атқарылған жұмыстардың нәтижесі төмендегідей болып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Б.Сағынтаев кәсіпкерлерді санитарлық ережелерді бұзбауға шақырды
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлер қауымынан санитарлық дәрігер бекіткен нормаларды сақтауды өтінді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Бақытжан Сағынтаев: АT сауданың көлеңкеден шығуына көмектеседі
Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бөлшек сауда мен экономиканың аталмыш секторының ашықтығын арттырудың үздік үлгісі болып табылатын "үйдегі дүкен" үлгісіндегі Froot дүкендер желісінің жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Ержан өзі құтқарған Нұржанды ауруханадан шығарып алды
Егер оқырман есінде болса, өткен дүйсенбі күні алаңсыз жұмысына кетіп бара жатқан Алматы қаласы Наурызбай аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері Ержан Әбдіразақов екі адамның өмірін құтқарып қалған еді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Алматыда құрылыс компаниялары әлеуметтік нысандарға орын бөлді
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде Алмалы ауданындағы жаңа тұрғын кешендерін аралап көріп, қолжетімді әлеуметтік нысандар салу жөніндегі жобаны жүзеге асыру барысымен танысты.Бүгін шаһар басшысы Instagram-дағы парақшасында "Dostar" және "Элиф тауэрс" кешендерінде болғаны және құрылыс компаниялары қалалық әлеуметтік нысандар үшін үй-жай бөлгені туралы ақпарат бөлісті, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
40 бойжеткен Алматыны көгалдандыруға үлес қосып жатыр
Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері «Жасыл ел» бағдарламасының жазғы маусымында оқу орнымен қатар Алматыны көгалдандыруға үлес қосуда. Биыл студенттік жасақ құрамында 40 бойжеткен еңбек етуде, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Атақты балет бишісі Майя Плисецкая Алматыға келгенде «Ағаштардың саясында тыныстап тұрған мұндай қаланы алғаш көруім!» деп тәнті болған екен. Шынында, ару қаланы өзге шаһарлардан ерекшелейтін, көркіне көрік қосатын ерекшеліктерінің бірі жасыл желегі десек қателеспейміз. Биыл да шаһарда 265 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Абаттандыру ісінде алдымен қаланың облыспен шектесетін Наурызбай және Алатау аудандарына ерекше назар аударылып отыр.
Коронавирус • 08 Маусым, 2020
"Qazaqstan" ұлттық арнасы қызметкерлерінің індет жұқтырғанын растады
Бүгін "Qazaqstan" РТРК АҚ Алматы филиалының директоры Сәуле Жиреншина аталмыш телеарна қызметкерлерінен коронавирустық инфекция табылуына байланысты нақты ақпарат берді. Өйткені, телеарнадағы әріптестерімізден індет табылуына байланысты алыпқашты әңгімелер желдей есіп тұр.