
Әлем • 29 Сәуір, 2020
Ёширо Мори: Токио олимпиадасы келесі жылы да өтпеуі мүмкін
Күншығыс елінің «Nikkansports» ақпарат көзінің мәлімдеуіне қарағанда, келесі жылға шегіндіріліген «Токио-2020» жазғы ойындары уақытында өтпейтін түрі бар. Бұл хабарды Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ёширо Мори кеше журналистермен кездесуінде баяндады.
Әлем • 29 Сәуір, 2020
Б.Гейтс: Әлем алдағы бір-екі жылда бұрынғы қалыпты тірлігіне келе алмайды
«Microsoft» компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс мырзаның: «Әлем коронавирус індетін тізгіндеп, шектеулерді алып тастаса да, дүние жүзі бұрынғыдай қалыпты өмір тіршілігіне бір-екі жылда келе алмайды» деген пайымын кеше француздың «Le Figaro» ақпарат көзі таратты.
Руханият • 29 Сәуір, 2020
Қазіргі қоғамда орынды-орынсыз мақтау көп. Мақтансүйгіштік – өзін байсалды тұлға ретінде сезіне алмайтын, жетілмей қалған иллюзиясын толтырудың басқа тәсілін таппаған пенделерге тән. Бізге Алла тағаланың әмір-үкімін жеткізуші Мұхаммед пайғамбардан жеткен өсиеттің бірінде «Жаратушының ең жек көретін нәрсесі – мақтан және мақтан үшін жасалған амалдар» дейді. Демек жалған мақтау – күнә.
Қазақстан • 28 Сәуір, 2020
Қазақта «қалау» деген салт бар (этнографиялық пайым)
Дос-жаран, тамыр-таныс, құда-жегжат, ағайын-туыс дегендей көңілі жақын адамдар бір-бірінен ұнатқан нәрселерін қолқа салып сұрап, «бәленшекең түгенін берсін, көзіндей көріп ұстап жүрейін» дегендей өтініш сөздер айтып қалап алады. Құрбы-құрдастар «бізден де бір есесі қайтар» деп базынаға сүйеп қалауын алып кетеді. Қалайтын заттың түрі, әрине көп. Жүйрік ат, қыран бүркіт, күміс белдік, мүйіз шақша... деп кете береді. Яғни, ұнатқан затын қалайды.
Қоғам • 28 Сәуір, 2020
Қазіргі қоғамда орынды-орынсыз мақтау көп. Мақтан сүйгіштік – өзін байсалды тұлға ретінде сезіне алмайтын, жетілмей қалған иллюзиясын толтырудың басқа тәсілін таппаған пенделерге тән. Бізге Алла Тағаланың әмір-үкімін жеткізуші Мұхамед пайғамбардан жеткен өсиеттің бірінде: «Жаратушының ең жек көретін нәрсесі – мақтан және мақтан үшін жасалған амалдар» дейді. Демек жалған мақтау ол сауапты күйдіретін – күнә.
Әлем • 28 Сәуір, 2020
Әлем коронавирустан қараша айында құтылуы мүмкін
Сипгагур елінің Технология университетінің зерттеушілері коронавирус тараған әлемнің 131 еліндегі жағдайға математикалық әдіспен талдау жасап, дүние жүзі бұл індеттен қашан құтылатыны жайлы есептеп шығарыпты. Бұл жайлы MONUAME ақпарат агенттігі хабарлады.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
Кітапхана ұжымы онлайн шараларды ойдағыдай өткізуде
Елімізде төтенше жағдай енгізілгелі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қашықтықтан оқып жатқан студенттер мен мектеп оқушылары және қала тұрғындарының бос уақытын рухани байыту мақсатында наурыз айынан бастап Instagram @kitap_kala, ютуб және фейсбук желілерін пайдаланып, балалар кітабы апталығын, ақын-жазушылармен тікелей эфирде кездесулер, мотивациялық бас қосу, тұсаукесерлер, викториналар, кітап оқу челендждерін, хит шеру, байқаулар, бейнелеу өнері т.б. онлайн сабақтар өткізуді ойдағыдай атқарып келеді.
Әлем • 27 Сәуір, 2020
Кариб аралдарында қамалған нидерландиялық оқушылар үйлеріне оралды
Коронавирустың кесірінен Кариб теңіз аралдарында қамалып қалған нидерландиялық 25 оқушы кеше кемемен өз үйлеріне оралды.
Әлем • 27 Сәуір, 2020
Ресей Қарулы күшінен коронавирус індеті анықталды
Ресей елі Қарулы күшінің сапында борышын өтеп жүрген 874 әскери қызметкерден коронавирус індеті анықталды деп хабарлайды RIA Novosti ақпарат агенттігі.
Қоғам • 26 Сәуір, 2020
Халықтың болашағы кейінгі жастарының тәрбиесіне байланысты. Ақыл-есі дұрыс жұрт ұрпақ тәрбиесіне қатты мән береді. Ұрпақ тәрбиесі дегеніміз – мемлекеттің ұстыны, яғни тұғыры.