
Архив • 24 Қыркүйек, 2024
Жұртшылыққа таныстырылған ата тарих
Өткен апта соңында Астана төрінде Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Ұлттық архиві» мен «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» мекемелері бірлесіп, «Архив және болашақ ұрпақ» атты республикалық жоба аясында Ашық есік күнін өткізді.
Мирас • 24 Қыркүйек, 2024
Қазақ садағы қарапайым екі бөліктен тұрады. Біріншісі, яғни ағаш немесе сүйектен жасалатын, ататын бөлігі садақ немесе жақ деп аталады. Ал шірей тартып, садақтың оғын ұшыратын керме бауды адырна деп атайды. Ал садақтың иілмелі, серіппелі бөлігін екі иіні (жоғары және төменгі) деп атаса, адырнаның екі ұшы байланатын арнайы қаданы сұғын немесе сұқ (жоғары және төменгі) дейді.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2024
Көне тарихқа үңілсек, б.ж.с. 552 жылы көшпелі түркілер Бумын қағанның атқа қонуымен Нирун (қытай жазбаларында Жужан) ұлысын тізе бүктіріп, апайтөс Еуразияның кіндігі Өтүкен қойнауындағы Орхан дариясының сағасына орда тігіп, Түрік империясын (551-744) құрғаны белгілі. Көне қытай деректерінде түріктер темірден түйін түйгені туралы айтылады. Оның бер жағында Өтүкен даласындағы ерте ортағасырлық ескерткіш мұралардың дені осы түріктерге тән.
Таным • 19 Қыркүйек, 2024
Қазақтың мергендік өнері тарихында «Жалау ату» деген түрі болған. Бұл туралы моңғол тарихшысы Гонгоржав «Ертедегі көшпелілердің садақ ату сайысы» атты еңбегінде «Жалау ату сайысы – ежелгі ғұн, жужан, сянбилерден жалғасып келе жатқан өнер» деп жазыпты.
Әдебиет • 18 Қыркүйек, 2024
«Іздеген жетер мұратқа» дегендей, жақында көрнекті жазушы Сәбит Мұқановтың 2020 жылы «Қазығұрт» баспасынан жарық көрген таңдамалы шығармалар жинағының алғашқы томын оқып отырып, қаламгердің 13 жасында ауылдастарымен бірге Атбасарға жолаушылап барғанына куә болдық. Жазушы жолай атақты Ақан серіге кезігіп, ол кісінің өз ауызынан Киікбай сыншы айтқан Құлагер тұлпардың сынын жазып алады.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 11 Қыркүйек, 2024
Азия стилі: Қазақ мергендері топ жарды
Жамбы ату сайысына әлемнің 27 мемлекетінен келген 79 спортшы Этноауыл қалашығында Мажар, Азия, Түркі және халқымыздың дәстүрлі жауынгерлік өнері Жамбы ату стилі бойынша сынға түсіп, мықтыларды анықтап жатыр.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 11 Қыркүйек, 2024
Дәстүрлі садақ ату спорт түрі бойынша әлемнің 33 елінен келген 183 спортшы «Арғымақ» ат-спорт кешенінде сайысты бастады. Бұл жарыста отандық 10 мерген ел намысын қорғайды.
Мирас • 04 Қыркүйек, 2024
Ежелгі көшпелілердің жауынгерлік өнерін зерттеген орыс ғалымы А.И.Мазаев және моңғол оқымыстысы О.Намнандоржылардың еңбегінде ертедегі ғұн, сақ дәуірінде ел ішіндегі мергендерді сынайтын: теңге ату, жебе жарыстыру немесе оқ оздыру, керген тері ату (саранпай), жалау ату, сұр (қайыс) ату деген сайыс түрлері болған деп жазады.
Жәдігер • 29 Тамыз, 2024
Ежелгі түріктер қоныстанған өлкенің бірі – қазіргі Бай-Өлке даласы. 2009 жылы Моңғолия Ғылым академиясы «Түркітану» орталығы әзірлеп, Ұланбатыр қаласында жарық көрген «Бай-өлке аймақ территориясындағы тарихи ескерткіштер» атты альбом-кітапқа аталған өлкеден табылған 80-нен астам әртүрлі пошымдағы балбал тізімге алыныпты.
Мирас • 28 Тамыз, 2024
Қырғыз халқының атақты жыры «Манас» эпосының екінші кітабындағы «Көкетайдың асы» атты бөлімде: «Жайсаңбайдың маңғұлы, Түйе үстінен оқ атты, Күркірете боратты, Түйе мылтық күркіреп, Жауған оққа беттемей, Несқараның әскері, Жосып берді дүркіреп...» дейтін жолдар бар. Сол сияқты қазақтың үлкен ақыны Ілияс Жансүгіров «Күйші» поэмасында: «Ат сайлап, қылыш қайрап, сарбаз ерлер, Зеңбірек атанға артқан найзагерлер, Жарқылдап сыбызғылы күй тартқандай, Алатау берік қорған жұмақ жерлер» деп жырлаған екен. Сол сияқты академик Әлкей Марғұлан ертеде қазақтар жауға қарсы түйе мылтық қолданғаны туралы дерек келтіріп (Маргулан, 1987. Т-1. 167-б), бұл қарулар қазіргі таңда Омбы қаласында музейде тұр депті.