
Аймақтар • 18 Ақпан, 2021
Әсіребелсенділік әділетсіз болып шықты
Кеше Петропавлдағы әлеуметтік желілердің қолданушылары интернационалист-жауынгерлердің ескерткішіне қойылған гүл шоқтарын біреу шашып кеткен деп шулатқан болатын, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 18 Ақпан, 2021
Биылғы қаңтар солтүстікте жылдағыдан қаһарлы болғанымен, ақпан жылымығымен келді. Ауаның температурасы тіпті 3-4 градусқа нөлден жоғарылап, қар еріп, сылпылдақ та көрінді. Кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері, жекеменшік үйлерде тұратын халық тұтасып қалған қар үйіндісі мен сүңгінің құлауынан қорқып, төбелердің қарын тазалауға кірісті. Алайда «ақпанның көктемі» алдамшы екен, артынан суық дауыл тұрып, боран соғып, еріген қардың бәрін көк мұзға айналдырды. Көктайғақтың кесірінен жол-көлік апаты да жиілеп, жарақат алған жаяу жүргіншілер де көбейді. Тек соңғы күндері ғана ауа райының құбылмалылығы тұрақтанып, түнде 15-20, күндіз 10-15 градус суықтықты көрсетіп тұр.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2021
Сайлауалды уәделерді орындаудың жол картасы таныстырылды
СҚО-да «Nur Otan» партиясының сайлауалды уәделерін іске асыру жөніндегі жол картасы бекітілді. Онда таяудағы 5 жылға жоспарланған 99 іс-шараны қамтылған. Оны депутаттарға СҚО әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» депутаттық фракциясының отырысында таныстырды.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2021
Ұрылар инспектордың қырағылығының арқасында ұсталды
СҚО Айыртау ауданының полиция қызметкерлері салынып жатқан үйден ұрланған құрылыс заттарын ұрлаушыларды анықтап, мүліктің бір бөлігін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2021
Іздеуде жүрген ресейлік Қызылжар ауданында ұсталды
Қазір СҚО-да 2711 шетелдік тұрады. Олардың көші-қон заңының талаптарын орындауы «Мигрант» жедел-профилактикалық шарасының барысында тексерілуде.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2021
Полиция цифрландыруды жедел енгізуде
СҚО-ның ПД ІТ жетістіктерді жақсы пайдалануда. Соның ішінде қазір 481 қылмыстық іс электрондық форматта тергелуде. Бұл тергеушілер мен анықтаушыларға жеделдікке, ұтқырлыққа, ашықтыққа қол жеткізуге жағдай жасайды.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2021
СҚО-да биылғы жылдың басынан бері алғаш рет заңсыз аң аулау фактісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 16 Ақпан, 2021
Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру – уақыт талабы
Демократиялық қоғамды дамытудың алғышарттарының бірі – жергілікті өзін- өзі басқару мәселесін жетілдіру – еліміздің тарихында күн тәртібінен түспей келе жатқан маңызды мәселе. Оны іске асырудың тиімді тетіктерінің бірі – жергілікті әкімдіктерге іскерлігі мен біліктілігі келіскен адамдарды сайлау.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2021
Солтүстік Қазақстан облысы да жаман індеттен әлі толық арыла алмай тұр. Қазір өңір – «сары аймақта». Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың соңғы мәліметтеріне қарағанда, КВИ-мен тіркелгендер саны 11,6 мыңдай адамды құрайды. Соның ішінде симптомдысы 7151 болып отыр. Бұл – барлық сырқаттың 61,8 пайызы. Ал сырттан әкелінгендер саны – 391, бұл 3,4%. Қалған сырқаттың бәрінде ауру белгісі болмаған.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2021
Үй-ішілік жанжалды оқ атумен реттемек болған бұзақы ұсталды
Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы орталығының тұрғындары беймезгіл кезде гүрс-гүрс етіп атылған мылтық дауысынан шошып кетті. Оны істеп жүрген Тайынша қаласының 1995 жылы туған тұрғыны болып шықты. Отбасылық жанжалдан туған ашудан ол тіркелмеген аңшы мылтығымен бірнеше рет оқ атқан. Абырой болғанда туыстарының ешқайсысы зардап шеккен жоқ.