Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1534 материал табылды

25 Қыркүйек, 2017

Өкпе-назды да өркениетті үлгіде білдіре білейік

Арызқойлық қазақтың өміріне отар­лық кезеңінде енген кер­тартпа, келеңсіз көріністің бірі. Отар­лаушылар халықты бір-біріне қарсы қойып, бірінің үстінен бірінің арыз-шағым жазып тұруын ынталан­дырып, ақырында арызқойлықты келең­сіз өмірдің кесірлі нормасына айнал­дырған еді.

04 Қыркүйек, 2017

Отбасы – ең үлкен құндылық

Өмірде сүйіп-күйіп жастайынан қосылып, бар сырыңмен, бар шыныңмен бөлісіп, ұзақ жылдар «екі жарты бір бүтін» болып бірге тұрып, бір­неше баланы өмірге келтіріп, ен­ді жасы ұлғая бастаған шақта ажы­­ра­суға тура келген адамдардың от­­ба­сындағы трагедиядан артық а­зап бар ма екен? 

22 Тамыз, 2017

Орынсыз сән-салтанатқа орын жоқ

«Үміт еткен көзінің нұры» деп са­найтын қарашығынан, әсіресе жал­ғыз ұлынан қазақ ештеңесін аямай­ды. Барын салып, бәрін шашып еш­к­імге ұқсамайтындай той жасауға ты­рысады.

17 Тамыз, 2017

Кикілжің келіссөз арқылы шешіледі

Бүгінгі таңда әлемді алаңдатқан мә­селенің бірі Корей Халық-Де­мо­­кратиялық Республикасының яд­ролық қаруға қол жеткізу сая­саты болып отыр.

01 Тамыз, 2017

Астанаға апарар жол

Үлкен дүниенің бәрі ұсақ нәрсе­ден басталады. Адамның мәдениеттілігі де солай, қолын­дағы темекі тұқылын бей-бере­кет лақтыра салу ұсақ нәрсе сияқ­ты. Бі­рақ содан адамның мәде­ниет­тілігі кө­рінеді. Ішкі мәдение­ті жоғары, жақсы тәрбие көр­ген адам ешқашан қолын­дағы қоқысты шаша салмайды, қандай алыста болса да тастайтын жәшік іздейді, тіпті таппаса барынша елеусіз етіп, шашылып жатпайтындай қылып тастауға тырысады. Отырған жеріне бей-берекет түкіре беретіндерден де адамның мәдениеттілігі көрінеді. Сол сияқты патриоттық сезім, ту­ған елге деген сүйіспеншілік те ұсақ нәр­седен аңғарылады.

12 Шілде, 2017

Барымызды бағалай білейік

Қазақ елі өз тарихының соңғы үш ғасырдағы бақытты 25 жылын да артқа тастап, келесі белесіне де аяқ бас­ты. Кейде осындайда арғы-бергі еске түсіп, түрлі ойларға батасың. Өткенді өскелең ұрпаққа үнемі білдіріп, бардың қадірін бағалатып отыру керек-ау деген ой түйесің. Әйтпесе, бүгінде бәрін оңай келгендей көретіндер көбейіп бара жатқан секілді көрінеді.

19 Маусым, 2017

«Спортигте» нең бар еді, құлыным?..»

Байқай бермейміз, қазіргі қазақтар тым икемделгіш болып барады. Сонда жақсылыққа икем­делгіш болса жарайды ғой, бірақ қайдағы бір «әсі­ре қы­зыл – тез оңар» дейтін дүние­лер­ге еліктегіштігімізді, құмар­лығы­мызға не айтасың. Осының өзі Президент айтқан ұлттық кодымызды жо­ғалта бастағанымыздың көрінісі емес пе екен? 

11 Мамыр, 2017

Қала халқына айналған қазақ

Халықты категорияларға бөліп, жіктеп талдағанда, оның негізгі бө­лі­гі қарапайым халық екендігін кө­реміз. Бұл – кез келген ұлттың кем дег­енде 80 пайызын құрайтын ең басым бөлігі. Ғылыми тілмен оны «масса» деп атаса, қазақ баспасөзінде «көпшілік, бұқара» деген сөздермен «тәржімалап» жүрміз. 

21 Сәуір, 2017

Сөйлеу – үлкен өнер

Сөздің өтімділігі, тың­дау­шы­ның құлағына қонып, жүре­гіне же­тімділігі алдымен сөй­леушінің ше­­бер­лігіне, нақ­ты­лығына, шын­шылдығына және қара­пайым­дылығына бай­ла­нысты. Кейде шешеннің дауыс ыр­ғағының құлақ­қа жағым­ды­лығы мен анық естілуі де ай­тыл­ған сөздерді тез ұғуға, ықы­­ласпен қабылдауға ықпал етеді. Радио мен теледидардың жүр­гізу­шілерін, әсіресе, осы қасиетіне қа­рап қабылдайды.

12 Сәуір, 2017

«Қалдық қағидатынан» құлан-таза арылдық па?

Әлхамдулилла, тәуелсіздік ал­ға­н­ымызға 25 жылдан асып барады. Біреуден ілгері, біреуден кейін жү­ріп жа­т­ырмыз. Жетістігіміз көп, жет­п­е­геніміз де жетерлік. Бірақ бәріне де шүкір дейміз, әйтеуір «жоқ» де­геннен аулақпыз. Халықтың не­гіз­гі бө­лігі орта деңгейіміздегілер. Шыл­қы­ғын байлар мен сіңірі шық­қан ке­дейлер де бар, бірақ олар аз. Қо­ғамда ондайлардың болуы да заң­ды.