
Аймақтар • 01 Тамыз, 2020
Қос дөңгелекті тұлпарды қымқырғанымен сіңіре алмады
Петропавлдың Семашко көшесінде тұратын 54 жасар тұрғынының құны 130 мың теңге тұратын "Phoenix" маркалы велосипедін қымқырған суық қолды із суытпай, жедел ұсталды. Оған жақын арадағы аулалардың бірінде тұрған бейнекамераның көмегі тиді. Қос дөңгелекті тұлпарының қолды болғанын көрген Қызылжардың 54 жасар тұрғыны "102" нөміріне жедел хабарлаған, - деп жазады Egemen.kz
Руханият • 31 Шілде, 2020
Әлеуметтік мекемелердің санитарлық қауіпсіздігі бақылауда
Індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүргендерге төленетін қосымша ақының елеулі болуы заңды. Жаман ауруға байланысты медициналық қызметкерлерге қосымша ақы төлеуге тиісті Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры осыған дейін дәрігерлерге 32 млрд теңге төлеген екен. Соның ішінде барлық төленген қаражаттың 42 пайызы 2-топтағы тәуекел аймағында қызмет етіп жүрген дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерге берілген.
Аймақтар • 28 Шілде, 2020
Саяжайда тазалық сақтамаған 600 петропавлдық жауапқа тартылды
Жұрт саяжайға таза ауа жұтып, дене еңбегімен айналысып, бойын жазуға барса, біреулер қоқыс шашып, маңайды былықтыруға барады екен. Белгіленбеген орындарға қоқыс тастау туралы келіп түскен шағымдар бойынша учаскелік полиция инспекторлары "Заречный" кентінде орналасқан саяжай алабына барып, рейд өткізген еді, - деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Шілде, 2020
"Mercedes E240" иесіне қайтарылды
"Қайтқан малда қайыр бар" демекші астындағы жүйрігінен айрылып қалған петропавлдық оны полиция қызметкерлері оп-оңай тауып бергенде қатты қуанды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Шілде, 2020
Карантиндік режімнің күшейтілгеніне қарамағандар...
Демалыс күндері карантин режімі күшейтіледі дегенге қарамай жұмыс істеген демалыс базасының қожайынына 230 АЕК дейін айыппұл салынбақ, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 27 Шілде, 2020
Петропавлдық зейнеткер интернет-алаяқтың арбауына түспеді
Петропавлдық зейнеткер интернет-алаяқтың арбауына түспеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 27 Шілде, 2020
Полиция дәрі-дәрмектерді қымбаттатудың 8 фактісін анықтады
Әрине, СҚО аумағында дәрі-дәрмек бағаларын ар-имансыз қымбаттатудың фактілері жоқ, бірақ рұқсат етілген шектен асып, халықтың қысылтаяңға ұрынған шағынан пайда тапқысы келетіндер мұнда да табылып жатыр.
Қазақстан • 26 Шілде, 2020
"Nur Otan" партиясының жәрдемі көбеюде
Партияның солтүстікқазақстандық филиалы еріктілермен бірге Петропавлдағы провизорлық стационарға адамның бойындағы иммунитетін көтеретін дәрумендері көп, қуатты тағамдар жеткізуді жалғастыруда. Бірнеше жәшікке салынған жемістер мен көкөністер, бал, қымыз және т.б. дерт меңдеген жандарға қуат берері сөзсіз. Сонымен бірге ансептик және гигиеналық құралдар да әкелінді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 26 Шілде, 2020
Жасөспірімдер мәселесі назардан тыс қалмайды
Жаман індетке байланысты биылғы жаз жасөспірімдерді үйге ұстауды қиындыққа айналдырды. Өйткені, оларды жылдағыдай жіберетін барлық демалыс лагерьлері мен сауықтыру орындары жабық. Соның кесірінен ювеналдық полицияның жұмысы да шұғыл артып кетті. Петропавл қаласында олар түнгі уақыттарда балаларының үйде болуын қадағаламаған 52 ата-ананы әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Шілде, 2020
Солтүстік Қазақстанда бір тәулікте карантин режімі 23 жерде бұзылған
Соның ең көбі Петропавл қаласының өз басында болды. 24-26 шілде аралығында жұмысы тоқтатылсын деген Бас санитарлық дәрігердің бұйрығына қарамай азық-түлік емес заттарды сатып тұрған бірнеше, киім-кешек сатып тұрған екі дүкеннің иесіне және көшеде де сондай заттарды сатқан екі азамат ұсталып, қазір оларға айыппұл салу үшін материалдар жиналды.