Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
1720 материал табылды

Тұлға • 04 Мамыр, 2024

Өз көзіммен...

Кәкең... Кәкімжан аға! Осы бір аяулы жанның шығарма­шы­лы­ғымен мен ең алғаш рет 14 жасымда таныс болдым. Ол бұл кісінің 1965 жылы «Қазақстан» баспасынан жарыққа шыққан «Рақымжан Қошқарбаев» атты шағын кітапшасы еді. Кейін жур­налист ағамызды ҚазГУ-ге түс­кен­де жүзбе-жүз көрдік те. Бұл Кәкеңнің журфактағы біздерге аударма саласынан семинар саба­ғын жүргізгендігі-тін. Уақыт өте келе...

Руханият • 04 Мамыр, 2024

Елдікті рәмізтанумен тұғырландырған

Ақын, көсемсөзші, аудармашы, зерттеуші, рәмізтанушы марқұм Ербол Шаймерденұлының жетпіс жылдық белесінде елеулі еңбегін еске алуды парыз санаймыз.

Талбесік • 04 Мамыр, 2024

Орманды қорғауды әр сәт ойлаған жөн

Былтыр маусымда Абай облысы аумағында болған өрт 63 мың гектар жерді шарпыды. Бұл елі­міздегі орасан зиян кел­тір­ген төтенше жағдайдың бірі деуге болады. Сан соқтырып, еске­русіз қалған тұстар есімізді екеу, түсімізді төртеу қылып әуре-сарсаңға салғаны түсінікті. Ал биылғы қауіпті кезеңнің құлағы қылтиып келе жатқанын ескерсек, жаттығуымыздың жинақы, өрт сөндіру қондырғыларының сақадай сай тұрғанын тілейсің.

Тарих • 03 Мамыр, 2024

Тарих тағылымы

Таяуда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы өтті. Кейінгі 3 жылда Мемлекеттік комиссия құрамында 425 ғалым мен зерттеуші, оның ішінде 260-тан аса маман аймақтық комиссияда еңбек етіпті. Олар жабық қорлардан 688 мыңнан аса іс пен 48 мыңға жуық есепке алу карточкасын тауып, Президент архивіне өткізген екен. Жалпы саны 2,6 миллионнан астам құжат пен материалдан «құпия» деген белгі алынып тасталды. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған 311 мыңнан астам адамды ақтау үшін қолданыстағы заңнама аясында нақты жұмыстар жүргізілген. Мемлекеттік комиссия әзірлеген осы материалдар қазіргі таңда 72 томға жүк болып отырғаны хабарланды. Бұл – нағыз баға жетпес құнды тарих. Әрі қарай оны жалғастырып зерттеу, талдау мәселесі – уақыт еншісінде.

Айбын • 03 Мамыр, 2024

Ерлік сағаты

Аты аңызға айналған партизан, атақты барлаушы, соғыс ардагері, Халық қаһарманы, жазушы Қасым Қайсеновтің туғанына 106 жыл толуына орай Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі кітапханасында 4-оқу ротасы 4-взвод ұландарының қатысуымен «Аңыз адам Қасым Қайсенов» атты танымдық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты – ұландарға батырдың өшпес ерлігін үлгі етіп, Отан қорғауда ержүрек, батыл, адал болуға тәрбиелеу.

Құқық • 03 Мамыр, 2024

Қатаң жазаның құзыреті

Мемлекет басшысы отбасы институтын, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған заңға қол қойды. Негізгі өзгерістердің бірі – бұрын әкімшілік құқық бұзушылық ретінде танылған ұрып-соғу және отбасылық зорлық-зомбылық бұдан былай ауыр қылмысқа теңестірілмек. Бұл дегеніміз заңға қай­шы әрекеттерді жасаған адамдар қылмыстық жауап­кершілікке және қатаң жазаға тартылады.

Әдебиет • 03 Мамыр, 2024

Жеңгетай (Эссе)

Отардың жабағы жүнін қырықтырып, креолин ерітіндісіне тоғыттырып болған соң-ақ жайлауға бет алғанбыз. Қозылы қойды алысқа айдамас үшін Ажыхан бұлағына келіп ерулегенбіз.

Руханият • 03 Мамыр, 2024

Ғасырлар үні

Жақында ғана Астана қаласында Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтті. «Атамұра» баспасынан тарих ғылымдарының докторы, профессор, Пар­­ламент Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлінің 5 кітабы көрмеде таныс­­тырылды. Олар – «Тамыр», «Абыздар аманаты», «Нүкте философия­сы», «Тасқа жазылған тарих», «Мұстафа» кітаптары. Осы жерде белгілі қай­рат­­кер-ғалымның «Мұстафа», «Тамыр» атты кітаптарын сатып алдым.

Пікір • 01 Мамыр, 2024

Жұртты ұйыстырған институт

Біздің басты құндылығымыз Тәуелсіздікпен тікелей байланыс­ты. Елімізде бірлік пен келісім осы елде тұрып жатқан барлық этнос өкілдері үшін мәңгілік құндылықтар болып есептеледі. Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттілігіміздің негіз­гі институттарының бірі ретінде қоғамдағы бірлікті нығайтуға қызмет етеді.

Сараптама • 01 Мамыр, 2024

Жаһандық жұмсақ күш

Жаһандану үдерісі белсенді жүріп жатқан XXI ғасырда мәдениеттердің өзара ықпалы, ұлттық құндылықтар мен әлемдік брендттердің әрекеттесуі қарқынды өтіп жатқаны белгілі. Осы орайда ғылымда «жұмсақ күш» термині пайда болып, мемлекеттердің ықпалын саралайтын арнайы зерттеулер де жүргізіліп келеді.