
Пікір • 10 Қаңтар, 2022
Соңғы күннің оқиғалары – қарнымыздың ашқандығы мен қадіріміздің қашқандығының көрінісі. Сонымен бірге осы жағдайды пайдаланған тобырдың күш алуы деп баға беремін. Философия ғылымында қоғамның екі түрлі даму бағыты болады делінеді. Біріншісі, функционалды даму бағыты, екіншісі, конфликтологиялық даму жолы.
Қазақстан • 08 Қаңтар, 2022
Елімізде орын алған жағдайдың қиындығына байланысты ҰҚШҰ-ның біріккен бітімгерлік әскери күштері шарасыздықтан шақырылды деп есептеймін.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2022
Қабылданған шаралар нәтижесін берері сөзсіз
Қымбатты жерлестер! Қадірменді ағайын! Соңғы күндері елімізде орын алған бүлікшілік пен лаңкестік іс-әрекеттер қарапайым халықтың қалыпты өмір тіршілігіне және әлеуметтік нысандар мен мекемелердің үздіксіз жұмыс жасауына айрықша нұқсан келтіріп отыр.
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2022
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында қаралған «Қазақстан жастары – 2021: Тәуелсіздіктің 30 жылы» атты ұлттық баяндаманың тоғызыншы шығарылымы аясындағы талдау барысында жастардың қазіргі дамуының бірнеше маңызды сипаттамалары анықталды.
Қазақстан • 01 Қаңтар, 2022
10 мың шақырым жолда құрылыс жұмыстары жүргізілді
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автожол жобаларын іске асыру қорытындысын шығарды. Былтыр бұл салада ауқымды жұмыс жүргізілді.
Президент • 01 Қаңтар, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жылдық құттықтауы
Қадірлі отандастар! Ардақты ағайын! Міне, егемендік жылнамасының тағы бір маңызды белесіне жеттік. Ескі жылмен қоштасып, жаңа жылға қадам басамыз. Бұл – әрбір адам ерекше көңіл күймен қарсы алатын айрықша әсерлі сәт. Біз өткен жылды қорытындылап, алдағы кезеңге жоспар жасаймыз.
Оқиға • 31 Желтоқсан, 2021
Ел руханиятындағы ерекше сәттер
Жер планетасында мың-миллиард адам бар: Мұқағали – жалғыз. Әлем әдебиетінде жақсы ақын көп: Мұқағали – жалғыз. Қазақта да жақсы ақындар аз емес: Мұқағали – жалғыз. Әлқисса.
Білім • 31 Желтоқсан, 2021
Оқушылардың мобильді қосымшасы
Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп оқушыларының сөзіне қарағанда, дәстүрлі білім беру тәжірибеге қарағанда теорияға көп жүгінеді. Бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында олар виртуалды шындық технологиясы негізінде Accessus (латын тілінде «қолжетімділік») мобильді қосымшасын дайындады.
Қазақстан • 31 Желтоқсан, 2021
Қазақстан өз азаматтарын қорғаусыз қалдырмайды
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық тарихында әлеуметтік-экономикалық жетістіктерімізбен қатар саяси-идеологиялық саладағы жеңістеріміз де көп болды. Әсіресе, ақпарат кеңістігінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 11-бабы «Республика өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді» тармағының жүзеге асырылу көрінісі немесе «біз өз адамдарымызға қамқорлық жасаймыз» ұраны мемлекеттік идеологияның маңызды бағытына айналып отыр.
Қазақстан • 29 Желтоқсан, 2021
Кері байланыста кемшілік болмауы тиіс
Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық порталындағы мәліметтерге сәйкес жыл сайын мемлекеттік органдарға түсетін арыз-шағымдардың саны бойынша оң динамиканы байқауға болады. Осы орайда, мемлекеттік органдарға қайталана түсетін, жоғары тұрған лауазым иелеріне жолданатын арыз-шағымдар мәселесін шешу «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымының іске асыру басты міндеті деуге болады.