
Пікір • 18 Наурыз, 2022
Семей дәулетті, сәулетті қалаға айналады
Президенттің Жолдауынан кейін елде Жаңа Қазақстанның болашағына деген нық сенім пайда болды.
Пікір • 18 Наурыз, 2022
Мемлекет басшысының Жолдауы халыққа тың серпіліс берді. Әр Жолдауда көтерілген мәселе тың бетбұрыстармен аз уақыттың ішінде қоғамда көрініс тапты. Президенттің әр Жолдауында Үкіметке жүктелген нақты тапсырмалары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Қоғам өзгере бастады, жауапкершілік қалыптасты.
Пікір • 18 Наурыз, 2022
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауы халқымыздың әл-ауқаты тәуелді барлық негізгі салаларды қамтып, қазақстандықтарды толғандырған көптеген сауалдарға жауап берді.
Пікір • 18 Наурыз, 2022
Демократиялық реформалар жалғасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауы көпшіліктің көңілінде жүрген көптеген мәселелерге жауап берді. Ең бастысы, іштегі және сырттағы түрлі тәуекелдерге бой ұсынбай, демократиялық реформалар жалғасын табады.
Пікір • 18 Наурыз, 2022
Әлемде болып жатқан жағдайға қарамастан елімізде батыл бастамалар мен аса қажетті реформалар легі Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауында жалғасын тапты.
Пікір • 18 Наурыз, 2022
Отанымызды жаңғыртуға әр адам өз үлесін қоса алады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын үлкен ықыласпен тыңдадық.
Пікір • 18 Наурыз, 2022
Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауынан кеңейтілген саяси бағдарламаны естідік. Қаңтар оқиғаларына қатысты тергеу әлі жүріп жатқаны түсінікті. Қазақстанның серіктестері, ең бірінші Қазақстан халқы тергеудің нәтижесін күтіп отыр.
Пікір • 18 Наурыз, 2022
Тарихи шешімдер қамтылған құжат
Қазақстан халқы Президентіміздің бүгінгі жаңа Жолдауын тағатсыздана күтті және ол тарих беттерінде жазылып қалатын ерекше құжат болды. Жолдауда өткір мәселелердің барлығы қамтылды десек артық айтқандық болмас.
Әдебиет • 18 Наурыз, 2022
Құдайберген ұмытылған үлкен дарын.Кеңес өкіметі орнағанда ол әлі зар күйінде болатын. Бірақ дүниені қырып-жойып, қирата келген усойқы қоғамның тәртібіне илігуі қиямет боп, ол оны қабылдамады, оған мойынсұнбады. Оның бұл мәрттігін Иса ақынның қызы Махфуза Байзақованың «Шалқар шабыт» атты кітабының бір тұсындағы: «Жерлес екі ақын бірін-бірі қадір тұтты. Иса Құдайберген Әлсейітовтің дарқан мінезін, табиғат берген керемет талантын қатты сыйлады. Екеуі кездесе қалса болды, жас ақын (Исаны айтып отыр. – И.Ж.) өзімен тағдырлас ағасына (Құдайбергенді айтып отыр. – И.Ж.) халық өмірінде өнердің ендігі рөлі қалай болуы керектігін түсіндіруге тырысып бақты. Амал не, Құдайберген өзінің ескі түсінігінен айнымады», – деген сөзден көреміз. (М.Байзақова. «Порыв вдохновенный». Өнер. 1987. 55- бет).
Әдебиет • 18 Наурыз, 2022
«Ауруханадамын. Жұмыс көп. Тез жет!..»
Ағамыздың жарқын бейнесі ауық-ауық түске кіреді. Бәлкім, ол кісі де артында қалған қалың елін ойлайтын болар. Кешегі «қаңтар қасіретін» көзімен көргенде классик төсек тартып жатқанына қарамай, әлдекімнің сүйемелдеуімен бойын тіктесе де қолына қалам алып, ел тағдырына жандары ашитын бауырларына: «Айналайындар, абай болыңдар!» деп ақырғы аманатын да жазып кетер ме еді?! «Айналайын!..» Соңғы демі үзілер сәтте хал-жағдайын сұрауға барған Сәкеңе, Смағұлға тілі келмесе де көз жанарымен ымдап, «бұл «айналайынды» халқыма арнадым» дегені де бекер емес-ті.