
Пікір • 29 Наурыз, 2022
Саяси мәдениет – сауатты қоғамның негізі
Барыс жылы Қазақстан мемлекеті, қазақ қоғамы үшін өз дамуының соны сүрлеуін салатын, жаңа бағытты айқындап, тағдыршешті қадамдар жасайтын аса жауапты әрі үміт пен сенімге толы кезең болып қалатыны даусыз.
Пікір • 29 Наурыз, 2022
Сірә, еліміз үшін тағы бір сын сағатының межесі келді. Мұны әлемнің, өңірдің, елдің көңіл ауанынан, іс-әрекетінен аңғарамыз. Қазір дәстүрлі саясаттанудың анықтама-ережелеріне сәйкеспейтін құбылыстар жүріп жатыр. Біреу өзге елдің шекарасын бұзып-жарып, зымыранмен оқ жаудыруды «басқыншылық» деп есептемейді. Енді біреу жаһанның даму үдерісі өлшемін місе тұтпай, өзінің күлбүлте жосығын тықпалап жүр. Елге келсек, қаңтар қасіретінен кейін дағдарған, уайымдаған жұрт көп сауалға жауап іздеді. Енді, міне, Абай аманаттаған «ашу – дұшпан, ақыл – достың» қадірін сезінгендей. Әлбетте, кісі өліміне себепкерлер, халықтың тыныш тіршілігін ойрандағандар заң алдында да, ар алдында да, түбі Алла алдында да жауап береді.
Пікір • 29 Наурыз, 2022
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекетті жаңарту және жаңғырту үшін ұсынған саяси реформалары өз мақсатына жететіні сөзсіз. Бұл 30 жылдық дамудың берік негізіне сүйенген батыл және қолжетімді жол картасы деуге де болады.
Әдебиет • 28 Наурыз, 2022
Жамал Қаршидің есімін зерттеушілер болмаса, көпшілік оқырман біле бермейді, себебі ол кісінің еңбектері соңғы кезге дейін бізге беймәлім болып келді. 2003 жылы қолға алынған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының арқасында Жамал әл-Қаршидің «Әл-Мулхакат би-с-сурах» атты еңбегі орыс тіліне аударылып, оқырманға ұсынылды.
Тарих • 28 Наурыз, 2022
Сарғайған істе сақталған сурет
Қазақстанда 1921-1954 жылдары 100 мыңнан астам адам репрессияға ұшырап, 25 мыңнан аса адам ату жазасына кесілген. Осындай ауыр айыптан тұтас әулеттер де жапа шекті. Сталиндік саясаттың қасіретін шеккен қазақ зиялыларының қатарында Қаратаевтар әулеті де бар.
Білім • 28 Наурыз, 2022
Ұстаздық – адамзат өркениетінде қаншама мың сан мамандықтың ішіндегі ең ізгісі, құрметтісі. Осы ізгі мамандықтың атына қылаудай кір келтірмей, жарты ғасырға жуық өзі таңдаған саласына адал қызмет етіп, оның шыңын бағындырған, талай шәкірттің бағын ашқан ұлағатты ұстаз – Балғын Нұрбекова.
Білім • 28 Наурыз, 2022
Дарының мен арының сынға түскен BILIM Hackathon
Нұр-Сұлтанда колледждер мен университеттер студенттері арасында «BILIM Hackathon-2022» IT байқауы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Наурыз, 2022
Сайлау процесін жаңғырту – уақыт талабы
ҚХА-ның Маңғыстау облыстық филиалының ғимаратында Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Нұрлан Әбдіров саяси партиялардың, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерімен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен, блогерлермен, осы облыстағы сайлау комиссияларының мүшелерімен үлкен кездесу өткізді. Іс-шараға 260 адам қатысты, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.
Қазақстан • 28 Наурыз, 2022
Қазіргі таңда еліміздің спорттық бағыттағы оқу орындары әдістемелік және хрестоматиялық оқу құралдарына, жеңімпаз спортшылар мен білікті бапкерлер туралы қосымша оқу-әдістемелік кешендерге сусап отыр. Республиканың осы саладағы арнаулы білім ошақтарында Қазақстан спортының тарихына қатысты арнайы оқулықтардың болмауы – жанға бататын өте өзекті мәселе.
Қоғам • 28 Наурыз, 2022
«Ассамблея жастары» ағаш көшеттерін отырғызды
Алматы облысының Шонжы кентінде «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері өңір жастарымен бірқатар мотивациялық кездесу өткізді. Нетворкинг форматында өткен қарым-қатынастың мақсаты – жастардың қолға алған бастамаларын қолдау шараларын және жастардың әлеуметтік өсу мүмкіндіктерін талқылау болды. Кездесуге Алматы облысына қарасты аудандардан өкілдер қатысты.