
Коронавирус • 05 Шілде, 2022
Вакцина салдырған қазақстандықтардың саны белгілі болды
4 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 526 880 адам, 2-ші компонентін 9 311 581 адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Елорда • 05 Шілде, 2022
Биыл елорда әкімінің 1 200-ге жуық гранты бөлінді
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайтында педагогикалық, медициналық мамандықтар және гуманитарлық пәндер бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары оқу орындарының тізбесі жарияланды. Биыл бұл бағыттарға 1200-ге жуық әкім гранты бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус • 05 Шілде, 2022
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны өсті
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 187 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Шілде, 2022
Айбек Дадебаев «Оқжетпес-Бурабай» кешенінің қызметкерлерімен кездесті
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысы Айбек Дадебаев Медициналық орталықтың ведомстволық қарасты «Оқ-Жетпес Бурабай» емдеу-сауықтыру кешенінің қызметкерлерінің жұмысымен және еңбек жағдайымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 05 Шілде, 2022
Медицина мен әдебиет. Екеуі де емдейді. Біреуі – тәніңді, біреуі – жаныңды. Әрқайсысының жүгі ауыр. Бірақ соған қарамастан екеуін бірдей арқалағандар бар.
Медицина • 05 Шілде, 2022
Қымбат операцияны тегін жасады
Елордада академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травмотология және ортопедия орталығының дәрігерлері 64 жастағы науқастың тізе буындарына эндопротез орнатып, 20 жылдан бері мазалаған сырқатынан құтқарды. Құны шамамен бір миллион теңгеден асатын бұл операция пациентке МӘМС жүйесінде тегін жасалды.
Саясат • 05 Шілде, 2022
Аралды құтқару – адамзатты құтқару
Бирмингем қаласында (Ұлыбритания) Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Парламенттік Ассамблеясының жазғы сессиясы өз жұмысын бастады. Оған Қазақстан Республикасы Парламентінің делегациясы қатысты. Бұл жөнінде жоғарғы палатаның баспасөз қызметі хабарлады.
Сұхбат • 04 Шілде, 2022
Қайрат Айтуғанов: «Зерттеу университеті – өндірістік базасы нығыз университет»
Өзінің дербес өндірістік базасы бар университет болашақта әйгілі Силикон алқабы сияқты болуы әбден мүмкін. Неге болмасқа? Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (ҚАТУ) соңғы екі жыл ішінде ғылымды өндіріспен интеграциялауда қуатты серпіліс жасады. Елімізде ғылымға ерекше көңіл бөлініп отырған қазіргі кезде ҚАТУ қызметі «дұрыс» зерттеу университетінің үлгісі бола алады. Мұндағы оқу бағдарламаларының көпшілігі тәжірибеге бағытталған. Бұл аталған жоғары оқу орнынан болашақ мамандығының қыр-сырын жақсы білетін түлектер даярланып шығатыны сенім ұялатады. Алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы университеттерінің бірінің басшысы – ҚАТУ Басқармасының Төрағасы Қайрат Айтуғанов баспасөз бетінде жиі көрінгенді ұнатпайды екен. Бірақ біз жолдаған сұрақтармен танысқаннан кейін, олардың университеттің бірінші басшысына қатысты екенін түсініп, өзі жауап берді.
Аймақтар • 04 Шілде, 2022
Алматыдағы Сайран көлінен ішек таяқшалары анықталды
Алматыдағы Сайран су қоймасынан ішек таяқшалары анықталды. Мамандар енді көлге түсу өте қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 04 Шілде, 2022
Өнеркәсіптік пайдалануға берді
Ұлттық банк Төлем карточкаларының банкаралық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға қосқанын хабарлайды. Бұл жүйе Қазақстан аумағында төлем карточкалары арқылы жасалатын банкаралық транзакцияларды өңдеуге арналған.