
Технология • 08 Шілде, 2022
Hikvision камераларының осал екенін анықтады
«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі (KZ-CERT) Интернеттің қазақстандық сегментін ақпараттық қауіпсіздік қатерлері тұрғысынан мониторингтеу барысында CVE-2017-7921, CVE-2017-7923 және CVE-2021-36260 сәйкестендіргіштері осалдықтарына ықтимал бейімді 100-ден астам Hikvision IP-камерасын айқындады.
Театр • 08 Шілде, 2022
Жуықта Түркістан музыкалық драма театрында қаламгер-драматург Ермек Аманшаевтың либреттосы бойынша «Қорқыт туралы аңыз» атты пластикалық спектаклінің премьерасы өтті. Қоюшы режиссері – ресейлік балетмейстер, өнертанушы Константин Семенов. Ал композиторы – Х.Шанғалиев, суретшісі – Т.Вьюшинская, жарық беру суретшісі – Т.Мишина, бейнеконтент бойынша қоюшы-суретші – С.Рылко, көркемдік жетекшісі – А.Көпбасарова.
Білім • 08 Шілде, 2022
Оқу жылының мерзімін ұзартуды ұсынды
Сарапшылар мен кейбір мектептердің өкілдері оқу жылын маусым айының соңына дейін ұзартуды ұсынып отыр. Бұл туралы 2022-2023 оқу жылындағы білім процесін ұйымдастыру мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде айтылды.
Қазақстан • 08 Шілде, 2022
Гарнизонның жай-күйімен танысты
Жетісу облысына жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Жаркент қаласында орналасқан бөлімшелердің жай-күйін тексерді.
Қазақстан • 08 Шілде, 2022
Қарағанды облысындағы «Астана» өңірлік қолбасшылығының полигонында республикалық және өңірлік БАҚ журналистеріне, сондай-ақ блогерлерге арналған «Әскери дискурс. Спасск-2022» оқу-практикалық семинары өтті.
Қоғам • 08 Шілде, 2022
20 мың гектар жайылым мемлекетке қайтарылды
Ақтөбе облысында мемлекет меншігіне 20 мың гектардан астам жайылымдық жер қайтарылды. Бұл туралы Қобда ауданында өткен Amanat партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының көшпелі отырысында айтылды.
Пікір • 08 Шілде, 2022
Транзиттің жаңа бағыттары өзін ақтайды
Өзгеріс уақыты. Әлем өзгеріп жатыр. Экономикалық заңдылықтар да, шарттар да, бағыттар да өзгеруде. Не біз сол әлеммен бірге өзгереміз, не қиындықтармен бетпе-бет келеміз.
Пікір • 08 Шілде, 2022
Әр қадамды ойлап жасаған абзал
Мұнай – Қазақстан экономикасының «бел омыртқасы». Оны сындырып алсақ, мұнай-газ секторы ғана емес, тұтас елдің экономикасы зардап шегеді. Біздің экспортқа бағдарланған мұнайдың бәрі Каспий құбыр консорциумы арқылы өтеді. Сондықтан бұл мәселені жедел түрде оңтайлы шеше алмасақ, оның зардабын елдегі 19 миллион халықтың бәрі сезінетін болады.
Қазақстан • 07 Шілде, 2022
«Адамда сыр болмайды айтылмайтын»
1998 жыл еді. Сол кезде Камал Смайыловтың көзі тірі болатын. Киіктің асығындай ғана шап-шағын денесіне туабітті талант қуаты мен телегей теңіз білімдарлығы ылғи да кемерлеп, кейде арнасынан асып-төгіліп тұратын секілді көрінетін. Ұлттық кітапхананың үшінші қабатына көтерілсем, Камал Сейітжанұлы бұрын-соңды мен атын естіп көрмеген әлдебір кітаптарды ақтарып, қойын кітапшасына бірдеңелерді түртіп алып отыр екен. Шамасы, келесі бір жаңа мақаласына немесе зерттеу жұмыстарына керекті дүниелер. Біз әңгімемізді Кәмекеңнің қонақжай шаңырағының төргі бөлмесінде жалғастырдық. Жұбайы Надля апайымыз біз отырған бөлмеге кіріп-шығып, әңгімемізге де құлақ түріп, қасымызда жүгіріп жүрген немересі Әсияны әлсін-әлі тыныштыққа шақырып қояды. Мен диктофонды қосып, алдын-ала дайындап әкелген сұрақтарымды қоя бастадым.
Ахмет Байтұрсынұлы • 07 Шілде, 2022
Тіл туралы ұғымның ауқымы өте кең. Адам бар жерде оның тілі болады, яғни қандай да бір ұлт бар жерде тіл пайда болады. Сол ұлтпен бірге өмір сүреді. Егер ана тіл жоғалса, онда біртіндеп ұлт та жоғалады. Сондықтан ұлт ретінде қоғамдағы орныңды анықтау үшін туған тіліңнің өміршеңдігін кез келген ортаға мойындата білуге міндеттісің. Ал ұлттық тіл мен оның әдебиеті туралы сөз қозғағанда, тіл төңірегіндегі түрлі таласты әңгімелердің туындауы заңдылық.