Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20310 материал табылды

Қазақстан • 13 Шілде, 2022

Өңірлік рәміздер – мемлекет біртұтастығының негізі

Мемлекеттік рәміздерден кейін аталатын өңірлік рәміздер Жаңа Қазақ­стан бірегейлігін нығайтудың негізгі факторы саналады. Аумақтық, этностық, тілдік, конфессиялық қауымдастықтарды біріктіріп, азаматтардың патриоттық санасын қалыптастыратын әлеуетке ие өңірлік рәміздер – Қазақстанның аумақтық-әкімшілік бірліктерін тарихи-географиялық, этнографиялық жағынан сәйкестендіруді оңтайландыратын идеологиялық құрал. Ауыл, кент, ауылдық округ, қала ішіндегі аудан, қала, облыс және республикалық мәртебеге ие қалалардың гербтері, тулары, гимндері өңірлік рәміздерге жатады. Алайда олардың стилистикасы, көркемдік және семантикалық мазмұны мемлекеттік сая­сат пен ұлттық құндылықтардың басымдықтарын көрсететін жалпы элементтерден тұрмайды.

Қоғам • 13 Шілде, 2022

Болашақ маман бесаспап болуы керек

Жақында «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Киберқылмыспен киберзаңгер күресуге тиіс» атты мақалада қазіргі күннің өте өзекті мәселесі – құқық саласы мамандарының киберкеңістіктегі сауаттылығы қозғалған екен. Осыған орай өз ойымды қоспақпын.

Әдебиет • 13 Шілде, 2022

«Түркістан солай туған» қалай жазылды?

Қазақтың әйгілі жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің тың игеру тақырыбына қалам тербеген ерекше бір дүниесі – «Түркістан солай туған» очеркі. Ел экономикасы мен өміріне өзгеріс әкелген сол айтулы кезеңді қаламгер осы шығармасы арқылы қиындыққа толы алғашқы жылдар туралы ерекше көркем әрі нақты деректермен бейнелеп берді.

Қоғам • 13 Шілде, 2022

Танымдық хабарлар көп болса екен

Баршаға белгілі, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісінде бұқаралық ақпарат құралдары елеулі рөл атқарады. Осы таяуда ғана Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында «Qazaq radiocy» радиостансасы мен «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы басшыларының Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарымен марапатталуы жоғарыдағы сөзімізге дәлел бола алады.

Қоғам • 13 Шілде, 2022

Туған облысымыз қайта оралды

1997 жылы Семей облысы Шығыс Қазақстан облысына қосылғанда, семейліктердің жандары жүдеп, жабырқап, тоқырағандай күй кешіп еді. Әрі сол жылдар халықтың да жағдайының әлсіреген тұсы, айдалада қаңырап қалғандай абыржып, қосылған облысқа жатырқай қарай жүріп, бірте-бірте үйреніскен-тін.

Саясат • 13 Шілде, 2022

Сенаторлар аймақ тұрғындарымен кездесті

Парламент депутаттары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» құрудағы бастамаларын халық арасында түсіндіру мақсатында еліміздің елді мекендерінде жүргені белгілі. Төменде бір топ сенатордың кездесулері туралы ақпараттарды ұсынып отырмыз.

Қазақстан • 12 Шілде, 2022

Азамат

Арамызда көппен бірге елеусіз ғұмыр кешіп жатқан жақсы жандар көп. Ойлап қарасақ өмірдің алтын діңгегі де солар ма дейсіз. Әрине, жақсылар туралы кеңінен толғап айта бергің келеді. Бірақ екінің бірі туралы ой толғап, мақала жазу мүмкін емес. Өйткені бұрын-соңды араласпаған, жан-жақты білмейтін кісі жөнінде толғану шынайы болып шықпайды.

Қазақстан • 12 Шілде, 2022

Ономастикалық ғылыми орталық қажет

Ономастика мәселесі – ұлттық намыс қана емес, ұлттық саясат. Сон­дықтан оған терең мән беріп, жан-жақты қарау қажет. Қазір осы салада көзге айқын көрініп тұрған екі кемшілік бар: біріншісі бүгінге дейін елімізде ономастика туралы жеке заң қабылданған жоқ. Ал Еуропаның көптеген елінде мұндай заң бұрыннан бар. Мәселен, АҚШ, Франция, Германия секілді дамыған мемлекеттерде ономастика туралы заң қабылданға­ны­на бірнеше жыл болса да, олар уақыт талабына сай оны жаңартып, өзгертулер мен толықтырулар енгізіп отырады.

Қазақстан • 11 Шілде, 2022

Шыңырауға қауға салғанда...

Әбіш Кекілбайдың «Шыңырауы» – басқа шығармаларынан бөлек тұрған дүние. Бұл жерде әңгіме «Шыңырауды» жазушының өзге шығармаларынан артық санауда емес, әңгіме, қазақша айтқанда, порымының бөлектігінде. Оқи­ғасы негізінен қауға қабар түбі жер бетінен екі жүз қадам құдықтың ішінде өте­тін «Шыңыраумен» театр сахнасында кездескен режиссер Монбланның ете­гінде тұрғандай (К.С.Станиславский) қиналары анық болса, қолында «құс ұш­қан биіктен де, тышқанның інінен де, төбеден де» (Л.Н.Гумилев) қарай бе­ре­тін кинокамерасы бар режиссер үшін де көркем қисынын таппаса оңайға соқпайды.

Коронавирус • 11 Шілде, 2022

Коронавирус жұқтырған 14 адамның жағдайы ауыр

Денсаулық сақтау министрлігінің 11 шілдедегі мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда 2 837 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.