Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20310 материал табылды

Тарих • 19 Шілде, 2022

Елі үшін туған есіл ер

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу мәселесіне Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев айрықша назар аударып келеді. 2020 жылдың 24 қарашасында Мемлекет басшысы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойды. Мемлекеттік комиссияның басты міндеті – кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санатына қатысты тарихи әділеттілікті толық қалпына келтіру еді.

Қазақстан • 19 Шілде, 2022

Бозторғай

«Орман, орман бала орман, Күйі сыры бар орман. Саяңа ендім тағы да, Татқызар болсаң бал орман».Бұл қазақтың шайыр қызы Марфуға Айтқожинаның өлеңі. «Қыз бен орманның тілдесуі». Дұ­рысы Ару қыздың арманы, ойы, жаны, жүрегі, сезімі, сенімі селт еткені. Сергелдеңге емес сезім деген құдіретті күштің еркіне еріксіз бөленуі, берілуі. Ақын арудың кө­ңілін, жан-тамырын қалай дөп бас­қаны құдды Риманың... кеші­ріңіздер Рымбаланың өзін айтып тұрғандай. Рима да осы орман­ның ішінде бойжетті. Қыз болып қылтиып әлемге қарады. Күні бойы орманда жеміс-жидек теретін. Кейде құс төсектей қалың мүктің үстінде жатып сонау биік қарағайдың ұшына қарайтын. Ап­пақ бұлтты бұтағына орап ал­ған зәулім қарағай жәймен ғана сол бұлтты тербеткендей. Әл­де сілкігендей... Ақша бұлт та ғашы­ғының саусағынан үзіліп айырыл­ғандай әлдеқайда маужыраған қа­лыпта маңып барады.

Ғылым • 19 Шілде, 2022

Талапшылдық пен табандылық табысы

Рәтбай Мырзақұловтың есімі бүгінде отандық және шетелдік ғылыми ортада жақсы танымал. Ғылымда өзіңді мойындату оңай шаруа емес. Ғалымның өмір жолындағы әрбір жетістігі – тынымсыз ізденістің жемісі. Оны ғалымның өмірбаянынан байқаймыз.

Қоғам • 19 Шілде, 2022

Баба өсиеті – өркениетке бастар жол

Міне, тәуелсіз, егемен ел атанғанымызға да 30 жылға таяп қалды. Алғашында бөркімізді аспанға атып қуандық, енді ешкімге тәуелді емеспіз, өз билігіміз өз қолымызға тиді, ата-бабамыздан мұра болып қалған кең-байтақ жеріміз бар. Жер қойнауы ата-бабаларымыздың пейілдеріне қарай Тәңір сыйлаған қазба байлықтарға толы. Енді халқымыз жақсы өмір сүріп, ұрпақ өсіріп, мамыражай күн кешетін болды деп марқайдық. Өкінішке қарай, әлі де кең көсіліп, шауып кете алмай жатырмыз.

Қоғам • 19 Шілде, 2022

Жалдамалы қызметкерлердің жалақысы қанша?

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2021 жылы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алғанда, бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 231 476 теңгені құрады. 2020 жылға қарағанда ол 17,7%, нақты көріністе 9%-ға өсті.

Қазақстан • 18 Шілде, 2022

Қазақстан Қарулы Күштері: Отан күзетіндегі 30 жыл

Заманауи сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерді ескере отырып, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға баса назар аударылады. Бұл саладағы негізгі қағидаттар мен тәсілдер Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында, ел Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды 2030 жылға дейін құру және дамыту тұжырымдамасында айқындалған. Сондай-ақ Мемлекет басшысының әскери доктринаны, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қайта жарақтандыру және қорғаныс-өнеркәсіп кешенін 2030 жылға дейін дамыту жөніндегі тұжырымдамасын қайта қарау жөніндегі тапсырмалары іске асырылып жатыр.

Қазақстан • 18 Шілде, 2022

Қыдыр дарып, құт қонған Қарқаралы...

Арқаның арқары көп ауданы Қарқаралыға астанадан сәтті күні сәрсенбіде сиыр сәскеде аттандық. Жол шалғай, бас қаладан бақандай төрт жүз шақырымнан асады. Бірақ қасиетті өлкедегі Құнанбай қажы мешіті, балбал тастар, көне қорымдарға зиярат етеміз деген ой-сана, рухани шөл кезінде Қарқаралыда өткен Қоянды жәрмеңкесіне ағылған қалың жұрттың көңіл күйін сыйлаған еді.

Ахмет Байтұрсынұлы • 18 Шілде, 2022

Аманат арқалаған еңбек немесе ахметтануға қосылған соны үлес

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы 5 қаңтардағы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында: «Тарихқа көз жүгіртсек, әр буын белгілі бір сынақты басынан өткереді. Біздің бабаларымыз «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны», аталарымыз алапат ашаршылықты, қуғын-сүргінді, дүниежүзілік соғысты көрді» деген болатын. Бүгінгі тәуелсіздігіміз жолында қуғын-сүргін көрген мемлекет қайраткерінің бірі – Ахмет Байтұрсынұлы.

Қоғам • 18 Шілде, 2022

Дұрыс сөйлей білу де мәдениеттілік

Тілде ұсақ-түйек деген болмайды. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома.