
Саясат • 21 Шілде, 2022
Сенаторлар аймақ тұрғындарымен кездесті
Депутаттардың өңірлерге сапарлары жалғасып жатыр. Бұл жолы сенаторлар еліміздің бірқатар аймағын аралады. Халықпен кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 20 Шілде, 2022
Азаттық атрибуттарының тұңғыш зерттеушісі
1992 жылдың 4 маусымы – егемен еліміздің тарихында тағы бір бірегей оқиға тіркелген күн. Өйткені баршаға мәлім, дәл осы уақытта Қазақстан Республикасының мемлекеттік дербестілігінің символдары Ту, Елтаңба, Әнұран сынды негізгі рәміздер дүниеге келген-ді. Араға уақыт салмай, ізінше осы рәміздердің институционалдық жоғары мәртебесінің күшіне ресми енгендігін айғақтайтын һәм айқындайтын заңдар қабылданды. Осы жылы көксеңгір аспан түстес Туымыз Нью-Йорк қаласындағы (АҚШ) БҰҰ бас ғимаратының алдында тігілген әлем елдері туларының қатарынан өзінің лайықты орнын алды. Бұл жайт Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастың тәуелсіз мемлекет ретіндегі субъектілігін күллі әлем жұртшылығының мойындағандығын білдіреді.
Қазақстан • 20 Шілде, 2022
Ғасырлар бойы жат жұрттың отарлық езгісінде болып, енді ғана тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңде азат елдің шынайы тарихының халықтың санасын нығайту және мемлекеттің жарқын болашағы үшін қандай рөл атқарып, қандай маңызға ие екенін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жаһандану барысында тарихтың рөлінің ерекше өсіп отырғанын күнде көріп отырмыз. Соның нәтижесінде тарихтың атқарар міндеттері арта түсіп, ол – әрі ғылым, әрі білім, әрі тәлім, әрі тәрбие, тіпті саясат пен идеологияға айналып отыр. Тарихтың осындай жауапты міндеттерін дұрыс сезінетін кәсіби тарихшы бола білу, оларды даярлау, оны ұйымдастыру – екінің бірінің қолынан келе бермейді, тек азаматтың азаматының қолынан келсе керек.
Экология • 20 Шілде, 2022
Экологиялық хакатонға қатысушылар Маңғыстау облысының қоршаған ортасын жақсартуға бағытталған жобаларды ұсынбақ. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл іс-шара – QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігі EcoBatys ауқымды бастамасы шеңберінде іске асырып жатқан EcoVision жобасының бір бөлігі.
Қазақстан • 20 Шілде, 2022
Еліміздегі ет одағының болжауына сүйенсек, еттің бағасы тағы да қымбаттамақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Шілде, 2022
Жетісулық тұрғындар ауыл әкімінің жұмыстан кетуін талап етті
Жетісу облысына қарасты Ескелді ауданы Көкжазық ауылының тұрғындары жергілікті әкімнің жұмысына көңілі толмайтынын айтып шағымдануда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Шілде, 2022
Ақындар Алаша хан мен Жошы ханды жырлайды
Халқымыздың ұлт болып қалыптасуында Ұлытау өңірінің орны бөлек. Ұлытау – барша қазақ қадір тұтатын қастерлі өлке. Ежелден Хан ордасы, қазақ жерінің кіндігі саналған бұл өңір Президент Қ.Тоқаевтың жарлығымен жеке облысқа айналғаны белгілі. Осыған орай жуырда Ұлытау облысының құрылуы және киелі өңірдің тарихи тұлғаларын дәріптеу мақсатында «Алаша хан, Жошы хан – жыр арқауы» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өтеді.
Қаржы • 20 Шілде, 2022
Бақылау-касса бағдарламасын жаңарту қажет
Егер 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде салық төлеушілер бақылау-касса машиналарының бағдарламасын жаңартпаса, фискалдық деректер операторлары ондай бақылау-касса машиналарына техникалық қолдау көрсетпейді. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Қоғам • 19 Шілде, 2022
Қазақстанның креативті индустрия хабына айналуына мүмкіндік мол
Креативті индустрияны дамыту туралы заң жобасы Парламент қарауына енгізілетіні туралы хабардың тарағанына көп уақыт өткен жоқ. Ізін ала жастар арасында аса танымал топтың өңірлерде жоспарлаған концертін өткізуге әкімдік тыйым салыпты деген хабар көбейді.
Тарих • 19 Шілде, 2022
Запорожьедегі зауытта немесе отыз бес жыл бұрынғы ойдан кетпес сапар
Отыз бес жыл бұрын Запорожье облысына барған іссапарымның жөн-жапсарын оқырман қауыммен бөлісейін деген ниетпен осы бір әңгімемді баян етпекпін.