
Руханият • 24 Шілде, 2022
Сүйінбай мен Арыстанбектің айтысы неге «Қатағанға» телінді?
Сүйінбай мен Қатаған айтысын білмейтін қазақ жоқ. Сол айтысты тыңдаған сайын делебеміз қозып, екі ақынның да мықтылығына таңдай қағамыз. Қанымыз қазақ болғаннан кейін бүйрегіміз Сүйінбай жаққа бұрып, екі ғасырға жуық уақыт бұрынғы жеңісімізге тояттап қалатынымыз бар. Бірақ айырқалпақ ағайын бұл айтыстың болғанына күмән келтіреді. Олардың айтуында «қырғызда Қатаған деген ақын болмаған». Қырғыз ағайынның тарихында Қатаған деген ақын болмаса, онымен Сүйінбай қалай айтысады? Демек бұл да Біржан сал мен ақын Сараның айтысы секілді белгісіз ақынның ойдан шығарып, әдеби айналымға енгізіп жіберген көркем туындысы ма? Менің қолымда әдебиеттану ғылымында таласқа түсіп келе жатқан осы мәселенің нүктесін қояр бір жәдігер бар. Ол жәдігер – атам Әуітәліп Нұрбекұлының ескі дәптерінен табылған осы айтыстың көне нұсқасы. Ол нұсқадағы Сүйінбай мен «Қатағанның» («Қатаған» деген атауды әдейі тырнақшаға алдық) образы мүлдем басқаша, әрі шындыққа жақын суреттелген.
Қоғам • 22 Шілде, 2022
Трактордың құны – шаруаның мұңы
Жергілікті мал өсірушілер төрт түлікке субсидия бөлу кезінде ұсақ шаруашылықтардың ескерусіз қалатынына наразы. Шаруалар соңғы уақытта мал азығын дайындауда қиындықтар туындағанын айтады. Шығындары шаш етектен асып, бағасы аспандап кеткен ауылшаруашылық техникаларын сатып ала алмай отыр.
Пікір • 22 Шілде, 2022
Елдер арасындағы қатынас тұрақты дамып келеді
Алдымен қазақ, қырғыз, өзбек басшылары бейресми форматта кездесті. Дастарқан басында біраз дүние талқыланғаны анық. Көп келісім мен мәселе негізі сондай бейресми форматта шешіледі.
Пікір • 22 Шілде, 2022
Аймақтағы ынтымақтастықты нығайтуға жасалған үлкен қадам
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуінің рөлі зор болды. Бұл – аймақтағы ынтымақтастықты дамыту бағытындағы тағы бір үлкен қадам. Ең алдымен, көпжақты біріккен платформамен шығу туралы бастама өте маңызды деп ойлаймын. Себебі көпвекторлық саясатты бір аумақ ретінде жүргізу оңайырақ болатыны сөзсіз.
Пікір • 22 Шілде, 2022
Мемлекет басшыларының басқосуы еркін форматта өтіп, ынтымақтастық пен бірліктің нышаны сезіліп-ақ тұрды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды мәселелерді көтеріп, Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларын түйткілдердің түйінін бірлесе тарқатуға шақырды.
Қазақстан • 21 Шілде, 2022
Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің құрылуы, сондай-ақ осы бағытқа жетекшілік ететін Президент көмекшісі институтының пайда болуы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асыруға байланысты қоғамның сұранысына тиімді жауап болғаны анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл шешімі азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеудің ерекше мәртебесі мен маңыздылығын көрсетіп отыр. Бүгін, яғни 22 шілдеде аталған бөлімнің құрылғанына 3 жыл болды. Сондықтан осы кезеңдегі жұмыстың негізгі нәтижелерін қорытындылауға болады.
Аймақтар • 21 Шілде, 2022
Жұртты қауесетке сенбеуге шақырды
Шілденің басында маусымның соңғы аптасымен салыстырғанда ковид жұқтырғандар саны Шымкент қаласында 3,6 есе өскен. Қалада жыл басынан бері 8 мыңға жуық адамнан коронавирус инфекциясы анықталыпты. Бір жасқа дейінгі 565 бала ауырған, 47 адам қайтыс болып, 500-ден астам науқас бүгінде ем алуда. Бұл жыл басынан бергі статистика. Өткен тәуліктің өзінде 145 адамнан қауіпті инфекция анықталған.
Аймақтар • 21 Шілде, 2022
Түркістан. Кесене және қайықтар
«Көк түріктің бесігі, көне дүние есігі» деп ежелден құлағымызға сіңген, бүгінде қайта жаңғырған Түркістанға көп жылдан бері жолым түспей жүр еді. Биыл сонда болдым.
Ахмет Байтұрсынұлы • 21 Шілде, 2022
Тіршілігіміздің негізін қалап, өмір сүруіміздің заңдылықтарын қалыптастырған ежелгі ата-бабаларымыз кейінгі ұрпағына өз тәжірибелерінен түйіндеп: «Барын бағалай білгенге бақ қонады, құндылығын құнтай білгенге құт қонады» деген өсиет сөз қалдырыпты. Осы сөздің тамырын басып, айтпағын бүгінгі күннің тұрғысынан зерде сүзгісінен өткізіп, ой таразысына тартсақ, адамның басына бақ қонып, бақытты өмір кешуінің де, тірлік қарекетіне құт дарып, ырыздық несібесінің молайуының да тетігі – әркімнің өз ғұмырында пенделік ашкөздік бәсекенің құлы болмай, қанағат құшағында барыңның байыбына жетіп, бағасын білуінде, құндылығыңның құтын қашырмай, қадір-қасиетін сақтай алуында жатқанын аңғару онша қиындық тудырмайды. Алайда солай болғанымен, осы бір қарапайым қағиданы орындауға келгенде әлі күнге дейін ата-баба өсиетіне адалдық танытып, барымыздың бағын ашып, әрқайсысына өздеріне лайық әділ баға бере алмай жүргеніміз де шындық. Өткеннің жақсысынан үлгі-өнеге алып, оны уақыт талабына сай жетілдіріп, дамыта алмай жүргеніміз де содан болса керек.
Экономика • 21 Шілде, 2022
Рубльдің көптігінен қорқыныш жоқ
«Қазақстанның ішкі нарығы рубльге толып қалды» деп дабыл қағып жатқандар көп. Меніңше, бұдан қорқудың қажеті шамалы. Нарық өзі реттеп, барлығын орнына қояды.