Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20310 материал табылды

Қоғам • 27 Шілде, 2022

Бекзат бабалар есімдері ұлықталды

Әйтеке би ауданының Толыбай елді мекеніне қарасты «Хан моласы» қорымы маңында саясаткер, даңқты қолбасшы Әбілқайыр хан мен жары – ел басқару ісіне араласқан ержүрек қайраткер, аузы дуалы мәмілегер Бопай ханымның елге ардақты есімдерін ұлықтап, рухтарына тағзым етуге арналған игілікті іс-шара ұйымдастырылды.

Медицина • 27 Шілде, 2022

Бірлесе шешуді қажет ететін міндеттер

Президент тапсырмасына сай «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы іске асырылуда. Бірінші кезекте балалардың, жастардың денсаулығына көңіл бөлінеді, шалғай елді мекендердегі медицина әлеуетін көтеруге күш салынады. Осы орайда аурудың алдын алу, скринингтік тексерулер жүргізу сынды жұмыстар қолға алынбақ. Сондай-ақ жастардың денсаулық күтімін жақсартуға байланысты арнайы орталықтар ашу жос­парда тұр. Шымкентте жаңадан 200 орынды заманауи перинаталдық орталық және университет клиникасы бой көтереді.

Экономика • 26 Шілде, 2022

Бидай экспортын шектеу – қауіпсіздік кепілі

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, Қазақстанда барлық егіс алқабының 80%-дан астамын бидай (12,9 млн гектар) алып жатыр. Бұл соңғы жылдары егіс алқаптарының мөлшері жыл сайын орта есеппен 6%-ға өскенін көрсетеді. 2022 жылдың 6 айында Қазақстанда жалпы өсімдік шаруашылығы өнімінің физикалық көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 38%-ға өсіп, 83,9 млрд теңгені құраған. Ал былтыр егістік алқаптарының көлемінің ұлғайғанына қарамастан өндіріс көлемі ауа райының қолайсыздығынан төмендеген.

Қазақстан • 26 Шілде, 2022

«Алаш» мектебі: Аңыз бен ақиқат

Қазақстан тарихындағы ақтаңдақтардың бірі – Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тұт­қын­дар мен Түркістан легионында қызмет еткен­дер тағдыры. Әрине, олар жайында мәлімет өте аз. Түркістан легионы туралы 1968 жылы С.Шәкібаевтың «Үлкен Түркістанның күйреуі» атты кітабы шығып, кейін 1972 жылы орыс тілінде жа­рық көрді. Тәуелсіздік жылдары Түркістан легио­ны жөнінде Амантай Кәкеннің «Түркістан легионы», филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бақыт Садықованың «История Туркестанского легиона в документах» атты еңбегі жазылғанын атап өтуге болады. «Тамұқтан өткен тағдыр» атты деректі әңгіме кітабындағы басты кейіпкерлер Екінші дүниежүзілік соғыстың ақтаңдақ бетінен өз орнын ойып алатын қайраткерлер екенін тарихтың өзі дәлелдеп берді.

Руханият • 26 Шілде, 2022

«Тіл» жырымыз жалғасып жатыр

Арғы-бергі қазақта ана тіліміздің қадір-қасиетін құрметтеп, жан-жақты сипаттап, түсіндіріп айтқан тұлға – Ахмет Байтұрсынұлы. Ахаңның 1926 жылы жазған «Әдебиет танытқыш» атты еңбегін оқығандар: тіл қисыны, тіл дәлдігі, тіл тазалығы, тіл анықтығы, тіл көрнектілігі хақында қажетін артығымен өтейтін ғылыми дәріс алады. Десем де, осы ұлы еңбекке ден қойып жүргеніміз шамалы. Ахаңның сонда «...Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын» дегені, өкінішке қарай, әлі ескірген жоқ.

Өнер • 26 Шілде, 2022

Шабыттың шаңқай түсі

Композитор Серікжан Әбдінұровпен тығыз араласуым жұмыс бабында басталған еді. Мен зейнет демалысына шыққаннан кейін астанадағы Музыка академиясына ұстаздық қызметке ауыстым. Осы оқу орнында менің ежелгі досым әнші, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, профессор Қанат Омарбаев қызмет істейтін. Бір күні ол менің кабинетіме келді. Біраз шүйіркелесіп, сөйлескеннен кейін маған көкейінде мазалап жүрген ойын айтты. Бірде пойызда келе жатып, бір орысша журналдан оқыған шығармасы ойынан кетпейтінін баяндады.

Қоғам • 26 Шілде, 2022

Өтінішіміз орындалады деп үміттенеміз

Ел газеті – «Егемен Қазақстанмен» 1958 жылдан бері таныспын. 1957 жылы оқу бітіріп, Алматыдан елге оралған соң бірден жұмысқа кіріскеніміз белгілі. Газет-журналдарға жазылу дәстүрі де дәл сол кезде басталған-тұғын. Міне, сол уақыттан бері қарай міндетті түрде аудандық, облыстық екі газет пен республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне және үш журналға жазылудан айныған емеспін. Қазір жасым 88-де. Қостанай облысындағы Жангелдин ауданының орталығы – Торғайда тұрамын.

Спорт • 26 Шілде, 2022

Әлем чемпионы көп ауыл

Әділбек Баймұқанбетов есімі күршім­­діктерге жақсы таныс. Қол күресі мен гір спортынан әлем, Азия, Қазақ­стан чемпионаттарында топ жарған саң­лақтарды баптаған Әділбек Өмір­бекұлы қазір кемел шағында.

Қоғам • 26 Шілде, 2022

Жұмыссыз ретінде тіркелген адам көп

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында өңір активімен кездесу өткізді. Министр халықты жұмыспен қамту шаралары жөнінде айтып, жергілікті атқарушы орган өкілдерін жұмыссыздық деңгейін назарда ұстауға шақырды.

Қоғам • 26 Шілде, 2022

Кәмелетке толған мүгедектігі барларға көңіл бөлінсе...

Шымкентте мүгедектігі бар 18-ден асқан жастарды оңалтатын жалғыз мекеме бар. Бұл – Алмагүл Кенжетаева ашқан «Рахмет саған, Анашым!» мүмкіндігі шектеулі балалар аналарының қоғамдық бірлестігі.