
Өнер • 03 Тамыз, 2022
Ән әлемінің жарық жұлдызы, сопрано үнді ән падишасы, қазақ эстрадасының алғашқы қарлығаштарының бірі, қазақ елін дүние жүзіне таныстырып, паш еткен, аңыз-адам, ұлт мақтанышы Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына биыл 100 жыл толып отыр.
Таным • 03 Тамыз, 2022
Ғабит Мүсіреповтің жазу үстелі
Қазақ әдебиетінің классигі Ғ.Мүсіреповтің музей-үйіндегі жұмыс кабинетінде келушілердің назарын өзіне ерекше аударатын бір зат бар, ол – қаламгердің түрегеп тұрып жазуға арналған жазу үстелі. 1980 жылы өзінің арнайы тапсырысымен жасалған. Материалы: ағаш. Өлшемі: ұзындығы – 1 метр, ені – 54 см, биіктігі – 1,5 метр. Бұл экспонатты музейге Энгелина Ғабитқызы табыстаған.
Қоғам • 03 Тамыз, 2022
Абай облысының Ақсуат ауданындағы Қ.Сәтбаев атындағы қазақ орта мектебін 1972 жылы бітірген түлектер 50 жылдық басқосуын Семей қаласында өткізуді ұйғарыпты.
Аймақтар • 03 Тамыз, 2022
Бижановтың атын беру аяқсыз қала бере ме?
Қызылорда облысындағы тарихы бай Қарақұм ауылының тұрғындары осындағы мектепке, елге еңбегі сіңген Байжан Бижановтың есімін беру туралы мәселе көтеріп, оның оң шешім тапқанына да көп уақыт болды. Алайда бұл істің соңы сиырқұйымшақтанып, кешеуілдегені көңілге қаяу түсіріп тұр.
Руханият • 03 Тамыз, 2022
Мешіт – білімнің, тәрбиенің киелі ордасы
«Мешіт» сөзінің қазақ тіліндегі қолданысы мен мән-мағынасы «Сәжде», «Құлшылық жасайтын орын» дегенді білдіреді.
Білім • 03 Тамыз, 2022
Ядрошы физиктер өзімізде даярланады
«Мәскеу инженерлік физика институты» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің Алматы қаласындағы филиалы бакалавриат пен магистратураға қабылдау науқанын бастады. Ресейдегі ең үздік ұлттық зерттеу университеттерінің бірі Қазақстандағы филиалында «Қорғалған жоғары өнімді есептеу жүйелері» және «Элементар бөлшектер физикасы және ғарыш физикасы» оқу бағдарламалары бойынша сабақ береді.
Қазақстан • 03 Тамыз, 2022
«Тәуелсіздік ұрпақтары» анықталар күн жақын
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын ұсыну жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.
Қазақстан • 03 Тамыз, 2022
«Дарын» сыйлығына байқау жарияланды
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялайды. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы – ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында табысталады.
Қазақстан • 02 Тамыз, 2022
Жаңа Қазақстанның азаматы неден қашық болғаны жөн?
Мемлекетімізде түбегейлі өзгерістер қолға алынып жатқан тұста мұндай сұрақтың туындауы заңды секілді. Өмір тоқтамас, адамзат жаңарар деген бар емес пе? Ендеше, «заманнан заман туар неше түрлі» дегенді де ескерген жөн. Тек замана жылдан-жылға сұм болмаса екен деп тілейік. Заманды жаратылыс билейтіндіктен, адамдар тұрмыс құрсауына түсіп, жұрт өмірдің дұрыс-бұрыстығын түсінуге шамасы келмей, азап шегіп, азып-тозу, өкінішке қарай, үйреншікті өмір құбылысына айналып барады. Тіптен өмірде өзінің даңғыл жолын таба алмағандар түбінде шешуі жоқ, шегі жоқ үрейге душар болады. Осындайда мінез бен ақыл жараса алмай, адамгершілік ұтылып, азаматтардың мінез-құлқының міні рухани кеселге ұшырап отыр. Ал мұндай ахуалдың қалыптасуы Қазақстанның тәуелсіздігі мен оның мемлекеттілігінің орнығып, нығаюына кедергі жасары анық.
Қазақстан • 02 Тамыз, 2022