
Әлем • 07 Қыркүйек, 2022
Қытайда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 74 адамға жетті
Қытайдың Сычуань өлкесінде болған жер сілкінісінен қаза болғандар саны 74 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz «Халық Газетіне» сілтеме жасап.
Спорт • 07 Қыркүйек, 2022
3-5 қыркүйек күндері Францияның астанасы – Париж қаласында пара таэквондодан әлемдік Гран-при сериясы аясында жекпе-жектер өтті. Бұл Париж-2024 Паралимпия ойындарының алдындағы ірі рейтингтік жарыстардың бірі болды. Аталған спорттық іс-шараға 25 елден үздік деген 85 таэквондошы қатысты.
Медицина • 07 Қыркүйек, 2022
Дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне тосқауыл
Қазақстандықтар дәрі-дәрмектің шекті бөлшек бағасын тексере алатын болады. Цифрлық экономиканы дамыту орталығы әзірлеген Naqty Onim қосымшасында тұтынушы дәрі-дәрмектің шекті бөлшек сауда бағасы, дәрінің құрамы мен дозасы, сондай-ақ дәрі-дәрмектің жеткізілу маршруты туралы ақпаратқа қол жеткізе алады.
Пікір • 07 Қыркүйек, 2022
Қоғамдық қадағалау өте маңызды
Еліміз үшін инфрақұрылымды дамыту әлі де өзекті болып отыр. Көлік-жол инфрақұрылымы экономиканы дамытуға серпін берсе, әлеуметтік-мәдени нысандармен толыққанды қамтамасыз ету халықтың білімі мен өмір сапасына тікелей әсер етеді. Бүгінде hard-инфрақұрылымды – жол, инженерлік желілер, өндірістік инфрақұрылымды дамытып алған мемлекеттер soft-инфрақұрылымды – сервис, қоғамдық орындарды көркейтуге көшкелі қашан.
Пікір • 07 Қыркүйек, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы ертеңге деген сенім тұрғысынан қарағанда, тура осылай бағалауға болатын тарихи құжат болды.
Пікір • 07 Қыркүйек, 2022
Президент Жолдауы халықтың тұрмыс-тіршілігін, еліміздің келешегін, шағын бизнесті қолдауға көптеген бастамасымен және Президент, Парламент сайлауларына қатысты батыл ұсыныстарымен ұнады. Көп нәрсе, әлбетте, өзімізге және Мемлекет басшысының тапсырмасын орындаушы Үкіметке байланысты. Жолдауда Президент ең басты құндылық – ұлт саулығына айрықша тоқталып, бірқатар тапсырма берді. Бастысы, осы жоспарларды жүзеге асыру. Бұл – оңай міндет емес. Өйткені саланы, әсіресе ауылдық жердегі денсаулық сақтау саласын кадрларды даярлап қана қоймай, оларды ынталандыруымыз қажет.
Пікір • 07 Қыркүйек, 2022
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың биылғы Жолдауын еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы жолындағы қордаланып қалған кешенді проблемаларға терең талдау жасаған үлкен бағдарлама деп айтуға болады. Президент Әділетті Қазақстан құру жолындағы бес үлкен бағытқа жан-жақты тоқталды. Олар: жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, заң және тәртіп.
Пікір • 07 Қыркүйек, 2022
Мақсат – халықтың әл-ауқатын арттыру
Кез келген мемлекеттің басты байлығы – халқы. Халықтың әл-ауқаты, денсаулығы және интеллектуалдық деңгейі неғұрлым жоғары болса, мемлекет те соғұрлым қуатты әрі өркениетті.
Пікір • 07 Қыркүйек, 2022
Медицина саласын қаржыландыру өзекті
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда ең алдымен халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту туралы айтып, саяси мәселелерге кеңінен тоқталды. Соның ішінде, Мемлекет басшысы ел экономикасын көтеру мақсатында шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау жалғасатынын атап өтті.
Пікір • 07 Қыркүйек, 2022
Мемлекет басшысының кезекті Жолдауы жалпыұлттық референдумнан кейін қазақстандықтар саяси жаңғырту бағытын қолдап, еліміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқан тұста бұған дейінгі Жолдаудың заңды жалғасындай қабылданды. Осыны ескерсек, келесі қадам экономиканы нығайтуға арналмақ.