Қазақстан • 21 Мамыр, 2019
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы жария хабарландыру
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі. Конкурс 3 кезеңде өтеді: бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші кезең – облыстық, үшінші кезең – республикалық. Үстіміздегі жылдың 1 мамырынан бастап конкурстың бірінші кезеңі басталды.
Қоғам • 21 Мамыр, 2019
Атырау облысы Махамбет ауданының тумасы Әділбек Ізғалиевпен жастық шағымыздың қызығын бірге көрген едік. Алматы қаласындағы қызықты күндерде екеуміз бажа боламыз деген ой қаперімізге де кірмеген секілді. Арада бірталай уақыт өткенде сүйген жары Алтынайға қосылып, келіншегі жеті қыз және екі ұл тауып, ардақты ана атанған, өзі зейнет жасына шыққан бажамның үйінде жолығып, аңызға бергісіз қызықты оқиғаларды құлағымыз естіп, айран-асыр болғанымыз рас.
Қоғам • 21 Мамыр, 2019
Соңғы жылдары елімізде отбасы тәрбиесі, құндылықтары мәселесіне мемлекеттік деңгейде көп көңіл бөлінуде. Бұл қызметте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның алатын орны ерекше. Комиссия бірнеше жылдан бері отбасы мүдделерін қорғау, әйелдердің елдің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріне қатысуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істеп келеді.
Әлем • 21 Мамыр, 2019
Аймақтың Жапониямен ынтымақтастығы жалғасады
Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен «Орталық Азия + Жапония» диалогы (ОАЖД) Сыртқы істер министрлерінің 7-отырысына қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Сайлау • 21 Мамыр, 2019
Сайлауалды бағдарламалар – әлеуметтік мәселелер шешімі
Елімізде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының екінші аптасы басталды. Өңір-өңірдегі кездесулер барысында халық өздерін мазалаған мәселелердің шешімін кандидаттардың сайлауалды бағдарламасынан кездестіріп, қызығушылық танытып жатыр.
Саясат • 20 Мамыр, 2019
Мемлекет басшысы елімізде жемқорлықтың дендеп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, бұның қоғамға қауіпті дерт екенін айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2019
Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Олжас Сүлейменовпен кездесу өтті
Қазақ ұлттық аграрлық университетінде халқымыздың зиялы тұлғасы, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті ақын, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовтың шығармашылығы мен өмір жолына арналған «Олжас – әлем адамы» арнайы іс-шара ұйымдастырылды.
Қоғам • 20 Мамыр, 2019
Бала құқығы басты назарда болсын
Сенат депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева жұмыс бабындағы сапармен Жамбыл облысында болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Экономика • 20 Мамыр, 2019
Жаһандық экономикадағы соңғы үрдістерге қанықты
XII Астана экономикалық форумы-2019 аясында аузы дуалы экономистер мен сарапшылар қазақстандық жастарға дәріс оқыды. Биылғы «Жастар жылында» оларға әлемдік танымал тұлғалармен жүздесудің сәті түсті.
Руханият • 20 Мамыр, 2019
Түр-тұлғасына қарасаң баяғының найза ұштаған батыры не сөз ұстаған биі ме деп қаласың. Қабағы түйілгенде кесек келбетіне біткен қалың қастары қамыстай тікірейіп, қыран бүркіттің қанатын қомдап, шамырқанған шағы көз алдыңа келеді. Сөйтесің де хас батыр Баукең, шындықтың шырақшысы Шерағаң шыққан таулы да баулы өлке жарықтық Жуалы табиғатының қазақтың сөз өнеріне берген тағы бір тартуы шығар деген ойға келесің.