Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23310 материал табылды

Тағайындау • 22 Тамыз, 2019

ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы тағайындалды

Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Ахметов Рустам Нұрланұлы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Қазақстан • 22 Тамыз, 2019

Кәсіподақтар федерациясы төрағасының жаңа орынбасарлары сайланды

Бүгін Кәсіподақтар федерациясында Атқару комитетінің отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде кадрлық мәселелер қаралды. Бұл туралы Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 22 Тамыз, 2019

Президент Талғат Теменовті қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Талғат Теменовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 22 Тамыз, 2019

Ресей мен Қырғызстаннан контрабандалық тауарлар ұсталуда

Жалпы, көрші елдерден Қазақстанға 1,5 мың тонна тауарларды жалған тұлғаларға әкелмек болды.Тауарларды жабылған компанияларға және тауарлар импортына қатысы жоқ тұлғаларға жиі жолдайды. Ол туралы Экспорттық бақылау басқармасының басшысы Қадыр Исмагулов айтты.

Тағайындау • 22 Тамыз, 2019

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы тағайындалды

Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Асхат Қанатұлы Қайнарбеков ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Қазақстан • 22 Тамыз, 2019

Нұрлан Нығматулин: Nur Otan фракциясы жаңа тәсілмен жұмыс істейді

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Nur Otan» партиясы фракциясының алғашқы отырысын өткізді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 22 Тамыз, 2019

Алматыда 10 мыңнан астам адам тегін медициналық бақылаудан өтті

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Қоғамдық денсаулық басқармасы 1 тамыздан бастап қолжетімді медициналық қызмет көрсету үшін жылжымалы мобильді кешендерді халық арасына жіберген болатын. Кешендердің барлығы қажетті қондырғылармен толық жабдықталған. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аймақтар • 22 Тамыз, 2019

«Берекелі баспана» бағдарламасымен 298 адам пәтер алды

Конституция күні қарсаңында «Берекелі Баспана» тұрғын үй бағдарламасы аясында елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен кезекте тұрған адамдарға пәтерлердің кілттерін табыстады деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайты.

Қазақстан • 22 Тамыз, 2019

Шетелдік журналистер: «Қазақстан ең талғампаз туристерге де қызықты»

Қазақстан астанасы шетелдік журналистер үшін ұйымдастырылған арнайы «мәдени» баспасөз турының соңғы нүктесі болды. Іс-шара барысында олар Алматы, Шымкент қалалары және Алматы мен Түркістан облыстарын аралап қайтты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан • 22 Тамыз, 2019

«C5+1» диалогы Орталық Азия мен АҚШ-тың өңірлік ынтымақтастығының маңызды құралы болып қала береді - СІМ

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Бейбіт Атамқұлов, Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Қырғызстанның сыртқы саяси ведомство басшысы Чингиз Айдарбеков, Тәжікстанның - Сироджиддин Мухриддин, Өзбекстанның - Абдулазиз Камилов және АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хейлдің қатысуымен жоғары деңгейдегі «С5+1» кездесуі өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.