Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23442 материал табылды

Әлем • 04 Қазан, 2019

Қазақстан Елшісі Үндістан Президентіне сенім грамоталарын табыстады

«Раштрапати Бхаван» Президенттік сарайында Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшісі Ерлан Әлімбаев Үндістан Президенті Рам Натх Ковиндке сенім грамоталарын табыстады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем • 04 Қазан, 2019

Оман Қазақстан азаматтары үшін визалық талаптарын жеңілдетпек

Қазақстан Елшісі Нәжмедин Мұхаметәлі Оман Сұлтандығының Туризм министрі Ахмед әл-Махризимен кездесіп, Қазақстан мен Оман арасындағы туристік қарым-қатынастардың ахуалы мен болашағын талқылады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 04 Қазан, 2019

Түркістан облысында егісті алқапты жаңбырлатып суару әдісі қоланылатын болады

Агроөнеркәсіп кешені саласындағы «Түркістан агро» инвестициялық жобасы аясында облыста егісті алқапты жаңбырлатып суаруға мүмкіндік беретін машина трактор станциясы құрылуда. Осы мақсатта АҚШ-нан 18 бірлік суару машинасы және 27 ауылшаруашылығы техникасы сатып алынған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 04 Қазан, 2019

Елордада жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімді оқыту курстарына іріктеу жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытуға іріктеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аймақтар • 04 Қазан, 2019

Нұр-Сұлтанда кәсіподақ ұйымдарының форумы өтті

Елордада бастапқы кәсіподақ ұйымдарының «Қауіпсіз кәсіпорын – дені сау жұмысшы» форумы өтті деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аймақтар • 04 Қазан, 2019

Халықаралық экспедиция мүшелері ортағасырлық Сарай Бату, Сарай Берке шаһарларының орнында болды

«Жошы Ұлысы астаналары «Сарайшық – Сарай-Бату – Сарай Берке қалалары ізімен» атты халықаралық экспедициясы Ресейдің Астрахань облысы Харабали ауданы Селитренный селосы маңындағы ортағасырлық Сарай Бату қаласы орнындағы археологиялық зерттеу жұмыстарымен танысты.

Қазақстан • 04 Қазан, 2019

«Ашық үкімет порталында» жарияланатын ақпараттар халыққа барынша қолжетімді әрі пайдалы болуы тиіс

Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Hub» алаңында Ақпарат және қоғамдық даму, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің және Жоғарғы соттың өкілдері IT-қауымдастық пен үкіметтік емес ұйымдармен бірге  IT-компаниялар мен үкіметтік емес ұйымдардың «Ашық деректер» (https://data.egov.kz/)  және «Ашық бюджеттер» (https://budget.egov.kz/) порталдарымен жұмыс істеудегі қажеттіліктерін талқылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бокс • 04 Қазан, 2019

Бокстан әлем чемпионаты: бүгін Дариға Шәкімова жұдырықтасады

Улан Удэде бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аймақтар • 04 Қазан, 2019

Алматы облысында франциялық компаниялардың филиалдары ашылады

Облыс әкімі Амандық Баталов Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі  Филиппе Мартинэмен және Алматыдағы Бас консулы Алексис Шахтинскиймен кездесті. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы, туризм, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 04 Қазан, 2019

Алматы облысында ілеспе жүк құжатынсыз 13,5 тонна дизель отынын тасымалдаған көлік жүргізушісі ұсталды

Бірлескен іс-шаралар барысында Қарасай ауданы бойынша МКБ қызметкерлері және облыс МКД және ДЭР қызметкерлері мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау мен айналымының жолын кесу мақсатында Қарасай ауданының аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.