Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23441 материал табылды

Қазақстан • 11 Қазан, 2019

Елордада өтетін сенбілікте 5 мыңға жуық ағаш отырғызылады

Экологиялық айлық аясында 12 қазанда Нұр-Сұлтанда Бүкіләлемдік жасыл желек отырғызу күніне арналған республикалық ағаш отырғызу акциясы өтеді.Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Спорт • 11 Қазан, 2019

Елордада Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай футболдан инклюзивтік турнир өтті

Елордадағы Психикалық денсаулықтың медициналық орталығында  Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай  ашық есік күні өтті. Соның аясында футболдан инклюзивтік турнир өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Руханият • 11 Қазан, 2019

НЗМ «Фариза - поэзия падишасы» атты мәнерлеп оқу байқауын өткізді

«Ұлы дала ақындары» зерттеу-шығармашылық жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Фариза - поэзия падишасы» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Оқушылардың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, әдеби мол мұраны насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқау Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына арналды. Бұл туралы НЗМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан • 11 Қазан, 2019

UNWTO VIII Жаһандық Саммиті: алғашқы күннің нәтижесі

Кеше Дүниежүзілік туристік ұйымының «UNWTO» қалалық туризмді дамытуға арналған «Ақылды қалалар, ақылды дестинациялар» VIII Жаһандық Саммитінің ресми ашылуы өтті. Оның ашылуына  Премьер-Министр Асқар Мамин, астана әкімі Алтай Көлгінов пен UNWTO бас хатшысы Зураб Пололикашвили қатысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 11 Қазан, 2019

Жастарға жалдамалы үйді алу үшін қандай құжаттарды тапсыруы керек

PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет 29 жасқа жетпеген жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй ұсыну ережелері туралы айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 11 Қазан, 2019

Қазақстан-Моңғолия бизнес форумы өтті

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Қазақстанға ресми сапармен келген Моңғолияның Премьер-Министрі Ухнаагийн Хурэлсух Қазақстан-Моңғол бизнес форумының ашылуына қатысты, сондай-ақ, «Астана» халықаралық қаржы орталығына (АХҚО) барды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 11 Қазан, 2019

Сенатта «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы таныстырылды

Парламент Сенатында «Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушылар мен мұғалімдердің жүктемесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының таныстырылымы өтті.

Президент • 11 Қазан, 2019

Мемлекет басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сенім мен ашықтыққа құрылған саяси түсіністіктің жоғары екенін атап айтты. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 11 Қазан, 2019

Сенатта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша отырыс өтті

Сенат отырысында заңнамаға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымда қаралды. Сенатта заң жобасын еліміздің индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев таныстырды.

Президент • 11 Қазан, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа келді

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесіне қатысу үшін Ашхабадқа келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.