Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23695 материал табылды

Қазақстан • 15 Ақпан, 2020

Жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 15 ақпан күні сағат 11.08-де жер сілкінісін тіркеді.

Аймақтар • 15 Ақпан, 2020

Жамбыл облысының әкімі алғашқы жұмыс сапарын Қордай ауданынан бастады

Жақында ған Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалған Бердібек Сапарбаев Қордай ауданына жұмыс сапарымен барып, ондағы бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, ауыл тұрғындары тіршілігінің қалыпты жағдайға түсу барысын бақылады.

Аймақтар • 15 Ақпан, 2020

Жылына 500 мың бас ірі қара етін өңдейтін ет комбинаты салынуы мүмкін

Алматы облысында жылына 500 мың бас ірі қара етін өңдейтін, шамамен 20 мың жұмыс орнын құратын, құны 300 млн. АҚШ доллары болатын ет комбинаты салынуы мүмкін. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың америкалық трансұлттық «Tyson Foods» компаниясы мен олардың Қазақстандағы серіктесі өндірістік-инвестициялық «Kusto Group» компаниясының өкілдерімен кездесуі барысында белгілі болды. Кездесуде аталған жобаны өңірде жүзеге асырудың жолдары мен мүмкіндіктері талқыланды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазақстан • 15 Ақпан, 2020

Бас прокуратура: Қазақстандықтардың жеке мәліметтері таралып жатқан жоқ

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығының (КШТТО) ақпараттық жүйелерден деректердің шығу туралы хабарламасы бойынша тиісті тексеру жүргізді. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми сайтында жарияланды.

Қазақстан • 15 Ақпан, 2020

Ж.Түймебаев ҚХА этномәдени бірлестіктерінің жетекшілерімен кездесті

2020 жылғы 14 ақпанда бас қаланың Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы мен құрылым мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесуі өтті.

Руханият • 15 Ақпан, 2020

«Қорқыт» дәстүрлі саз тобы рекорд орнатпақ

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы 75 шығарма орындап, Қазақстан бойынша Гиннесс рекордтар кітабына енуді жоспарлап отыр.

Қоғам • 14 Ақпан, 2020

Марат Иғалиев қызметінен босатылды

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиев қызметінен босатылды. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

Қоғам • 14 Ақпан, 2020

Елорда әкімі қаланы су тасқынынан қорғайтын су реттегіштің жұмысымен танысты

Қала әкімі Алтай Көлгінов қала мен шеткері аймақтарды су тасқынынан қорғайтын су реттегіштің жұмысымен танысты. Сапар барысында әкімге гидротехникалық құрылыстардың дайындығы мен Астана су қоймасының жағдайы туралы баяндалды. Тасқын суларды қабылдау мен өткізуге қатысты мәселелер талқыланды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әлем • 14 Ақпан, 2020

Мемлекет басшысы Канаданың Премьер-Министрі Джастин Трюдомен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев  қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясы аясында өткізген екіжақты кездесулерін Канаданың Премьер-Министрі Джастин Трюдомен келіссөз жүргізуден бастады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 14 Ақпан, 2020

Президент Германияның ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапары Германияның ірі компаниялары басшыларымен –  BayWa AG компаниясының басқарма төрағасы Клаус Лутцпен, Rhenus SE&Co.KG компаниясының басқарма мүшесі Михаэл Виферспен және Reverse Logistics Systems GmbH компаниясының басқарма төрағасы Патрик Видеманнмен екіжақты кездесулер өткізуден басталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.