
Қоғам • 18 Ақпан, 2020
Елордадан қыс басталғалы 4 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Бүгін қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1 364 техника бірлігі мен 1 457 жол жұмысшысы тартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Медицина • 18 Ақпан, 2020
Дәрігерлердің жалақысы 30%-ға, медициналық персоналдың жалақысы 20%-ға артты
Елордада барлығы 2 914 дәрігер, 5 839 медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 18 Ақпан, 2020
Денсаулық сақтау министрі елордалық iKOMEK орталығының жұмысымен танысты
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов iKOMEK қалалық орталығының жұмысымен танысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2020
Алматыда деструктивті діни ағымның 2 ұстанушысы қамауға алынды
2020 жылғы 14 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру нәтижесінде Алматы қаласында деструктивті діни ағымның 2 ұстанушысын ұсталды. Қазір олар сот санкциясымен қамауға алынды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Абай • 18 Ақпан, 2020
Өнер академиясы Абай мерейтойын атап өтті
Биыл еліміз үшін, оның ішінде мәдениет пен өнер саласының өкілдері үшін маңызды жыл.
Әлем • 18 Ақпан, 2020
Канада, АҚШ тұрғындары ерекше астрономиялық құбылысқа куә болады
Сейсенбінің таңында жергілікті уақытпен Канада мен Орталық және шығыс-солтүстік Американың тұрғындары ерекше астрономиялық құбылысты тамашалауға мүмкіндік алады. Ай Марс планетасының жанынан өтіп, оны 90 минутқа жауып қалады.
Қазақстан • 18 Ақпан, 2020
Үкімет: Басым емес шығыстар 128,6 млрд теңгеге қысқартылады
Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың басым емес шығыстарын қысқарту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 18 Ақпан, 2020
Үкіметте электрондық сауданы дамыту мәселелері қаралды
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында электрондық сауданы дамыту мәселелері қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 18 Ақпан, 2020
Каспий маңы бассейнінің терең қабаттарында ресурстар болуы мүмкін
Елімізде 76 млрд тоннаны құрайтын мұнай-газ ресурстары бар деп болжануда. Бүгін Үкімет отырысында Геологиялық барлаудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын таныстырған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтып өтті.
Абай • 18 Ақпан, 2020
«Социалистік Қазақстан» газеті: Ұлы сыйлық алған шығарма
«Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған жаңа айдардың кезекті материалын назарларыңызға ұсынамыз. Сталиндік сыйлықтың лауреаты М.Әуезовтің «Абай» романы 1948 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінің №78 санына шыққан.