Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23683 материал табылды

100 • 19 Ақпан, 2020

А.Селезнев: Қамбар мен Назым - қазақтың тұңғыш балеті

1951 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінің №20 санына шыққан Қазақтың тұңғыш балеті «Қамбар мен Назымға арналған мақаланы назарларыңызға ұсынамыз.

Экономика • 19 Ақпан, 2020

Жұмыртқа неге қымбаттайды?

Қазақстандық жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы Ауыл шаруашылығы  министрлігі саланы субсидиялаудан бас тартқан жағдайда, еліміздегі жұмыртқа құны жақын арада 15 пайызға қымбаттайды деп мәлімдеді. Бұл қауіп қаншалықты рас?

Қазақстан • 19 Ақпан, 2020

Еліміздің бірнеше өңірінде тас жолдар жабық

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 1291 шақырымды құрайтын 23 учаскеде жол қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы ҚазАвтожол хабарлады.

Руханият • 19 Ақпан, 2020

Биік парасат иесі

Жыл сайын тәуелсіздік күнінің қарсаңында «Парасат» орденін лайықты адамдарға беріп жатқан кезде менің көз алдыма қазақтың айтулы азаматы Хамит Рақышевтің асыл бейнесі келеді. Өйткені бұл орден атауының өзі кісілік пен кішіліктің, парасат пен мейірімділіктің үлгісіндей ұлтына адал қызмет еткен адамдарға ғана лайықты сияқты. Оның үстіне жан дүниесі осы қасиетті атқа сай шартарапқа шуақ шашып жүретін атпал азаматтарға тиесілі сыбаға іспетті. Міне, сондайда биік парасат иесі ақиық ағамен қатар жүрген, ұстаздық тағылымын көрген алыс­та қалған асыл күндер ойға түседі.

Қоғам • 19 Ақпан, 2020

Жарқылдаған алмастай еді Әшекең...

Қыркүйек айының ортасы. Аптаның соңы таяп қалған. Ісса­пар­дан қайтар жолда алдағы де­ма­­лыс күндерінде Көкшенің әсем табиғатын тамашалап қайту үшін үш-төрт жігіт Бурабайға кеш­тетіп жеттік. Жолдасым Ер­мек­­тің үйіне түстік. Бәріміз келе сала киім ауыстырып, серуендеп қай­туға далаға шықтық. Көк­­ше­нің сан алуан түске боянып, құл­пырып, тамылжыған кел­бе­тіне тамсанып, көл жағалап асық­пай, біраз жүрдік. Үйге кеш­те­тіп оралдық. Дастарқан басында емен-жарқын әңгіме-дүкен құ­рып, ұзақ отырдық.  «Енді де­малайық» деп, жастыққа бас қой­ға­нымыз сол еді, беймезгіл уақыт­та менің телефоныма беймаза қоңырау түсті. Тараздан, ағам Батырбек Құлекеев екен, секем­деніп, тұтқаны көтердім. «Алло???». Амандасып, аз-кем тілдескен соң ағам суық хабар айтты. Абзал азамат Әшімжан Ахмет­­ов қайтыс болыпты...

Руханият • 19 Ақпан, 2020

Жаңа заң жағдайды жақсартады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тамыз кон­ференциясында бер­ген тапсырмасы аясында алдағы төрт жыл ішінде пе­дагог­тер­дің жалақысы екі есеге артады. Осылайша 2020 жылғы қаң­тардан бас­тап педагогтің жалақысы 25%-ға артып отыр. Ал қа­был­данған «Пе­да­гог мәр­тебесі туралы» заңға сәйкес сынып жетекшілігі, дәп­терлерді және жазбаша жұ­мыс­тарды тексергені үшін қосымша ақы мөл­ше­рін екі есе арттыру қа­рас­ты­рылған.

Қоғам • 19 Ақпан, 2020

Педагог мәртебесін педагог көтереді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» заңға қол қойды. Өз кезегінде Білім және ғылым министрлігі заңды іске асыру кезеңіне көшетінін мәлімдеді. Ұзақ жылдар бойы мұғалімдердің күткен арманы орындалды, ұстаздар құқығы кеңейтілді. Жүктемесі азайды, қосымша жұмыстардан босады. Жалақы біртіндеп көбейеді. Енді «Шебер педагог», «Үздік педагог» боласың ба, бәрі өзіңе байланысты.

Қаржы • 19 Ақпан, 2020

«Жасыл» жобаларға жол ашық

БҰҰ Даму бағдарламасы еліміздің Индустрия және инфрақұры­лымдық даму министрлігімен және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-мен бірлесіп, жасыл технологияларды іске асыратын компанияларға қаржылық қолдау көрсетуде.

Қоғам • 19 Ақпан, 2020

Электр қуаты қымбаттайды

Қостанай облысында халық тұтынатын элек­тр қуатының бағасы қым­баттайды. Қазіргі тариф бойынша өңірдегі әр отбасы орта есеппен 175 кВт электр қуатын тұтынып, оған айына 2433 теңге төлеп келген. Енді 1 ақпаннан бастап мұның үстіне 175 теңге қосылып, әр отбасы төлейтін токпұл көлемі 2608 теңге болады.

Парламент • 18 Ақпан, 2020

Дариға Назарбаева: Азық-түлік өнімдері қолжетімді болуы керек

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Парламенттік тыңдауларға дайындық аясында еліміздің мемлекеттік органдарының өкілдерінің және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің қатысуымен ет өндірісі саласының қазіргі жағдайына арналған кездесу өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының Баспасөз қызметі хабарлады.