
Аймақтар • 11 Сәуір, 2020
Атырау: Бұзақы жігіт 20 күнге қамауға алынды
Әлеуметтік желіде тараған ер адамның супермаркетте бұзақылық жасағаны туралы видео тарады. Мас жігіт касса жанында ілулі тұрған витринаға шығып алған. Бұзақы онымен қоймай, витринаны әрлі-берлі қозғап, тіпті «милиция» шақыруды талап еткен.
Білім • 11 Сәуір, 2020
Атырау: Үш оқушы Назарбаев университетінің грантына ие болды
Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары Дулат Уәлиев, Айнұр Хамитова және Дамир Тәжиев Назарбаев университетінің оқу грантын иеленді. Олар аталған оқу орнының инженерия және цифрлық ғылымдар факультетін таңдапты. Дарынды оқушылар бұл мүмкіндікке халықаралық академиялық бағалау емтиханының (SAT) қорытындысымен ие болған.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2020
Алматы облысындағы блокпосттар жұмысын күшейтілген режимде жалғастыра береді
Елдегі төтенше жағдайдың сәуірдің аяғына дейін созылуына орай Алматы облысындағы блокпосттар күшейтілген режимде жұмыс істеуін жалғастырады.
Коронавирус • 11 Сәуір, 2020
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 79-ға жетті
Соңғы дерек бойынша тағы 11 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
Президент • 11 Сәуір, 2020
Мемлекет басшысы Джек Маға гуманитарлық көмегі үшін алғыс білдірді
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында жазды.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2020
Атырау: Жанбайдың 4 тұрғыны 3 тәулікке қамалды
Жанбай – Исатай ауданындағы ірі елді мекен. Төтенше жағдай енгізілгеніне қарамастан, осы ауылдың 4 тұрғыны түнгі мезгілде аудан орталығына барған. Бұл олардың 3 тәулікке қамалып қалуына басты себеп болып отыр.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2020
Атырау: Мас әйел 371 мың теңге айыппұл арқалады
- Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Әкімшілік құқықбұзушылық туарлы Кодекстің 608-бабының 8-бөлігі және 476-бабының 6-тармағымен азаматша А.Ж.-ға қатысты әкімшілік істер қаралды. Сотта анықталғандай, оның көлік құралын басқару құқығы болмаған. Алайда, 2020 жылдың сәуір айында түнгі уақытта алкогольдік масаң күйде автокөлікті басқарған. Құқық қорғаушылармен оның әрекеті көлік құралын масаң күйде басқару және төтенше жағдай режимін бұзу деп дәрежеленген, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2020
Атырау: Автобустардың жүру уақыты белгіленді
Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгіннен бастап жолаушы тасымалдайтын автобустардың жүру уақыты өзгерді. Мұндай өзгеріс карантин енгізілгеннен бері жолаушылар ағынының азаюына байланысты қабылданып отыр.
Коронавирус • 11 Сәуір, 2020
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 859-ға жетті
Елімізде коронавирус індетін жұқтырған тағы 19 адам тiркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Экономика • 11 Сәуір, 2020
Экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi
2020 жылғы наурызда инфляция 0,9% құрады. Баға ауыл шаруашылығы өніміне - 0,7%, құрылыста – 0,1% өсті, ал өнеркәсіпте 1,7%, көтерме саудада - 0,1% төмендеді. Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау тарифтері 1,8% жоғарылады, ал заңды тұлғаларға көрсетілген почталық, курьерлік және байланыс қызметтеріне тарифтер өзгеріссіз қалды.