Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23496 материал табылды

Тарих • 17 Сәуір, 2020

Соғыс салған жара жазылмайды

Менің анам көп қиындық көрді. Біз жас болдық. Әкем жазықсыз сотталып, он жыл отырып келді. Анам ол кезде жас болса да әкемді күтті. Тілегі қабыл болып, әкем елге оралды. Анам бала сүйді, немере көрді. Біз есейіп, қолын жылы суға малдық, ыстық-жұмсақты аузына тостық. Мені елуден асқанша «құлыным, келдің бе?» – деп есік ашатын. Қазір бәрін аңсаймын. Әкем де, анам да дүние салғанына біраз жыл болды. Кейде дастарқан басында анамды, әкемді айтып, көзіме жас алсам келіндер күледі. Неге? Өйткені, бұлар мына мамыражай дәуірде өмір сүріп, не ішем, не кием демей өсіп келеді. Не дейін оларға.

Тарих • 17 Сәуір, 2020

Майданда жүріп Еңбек Ері атанған ақмолалық Жаппархан Асайыновтың ерлігін білеміз бе?!

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қан майданда көрсеткен өшпес ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры жоғары атағының орнына Социалистік Еңбек Ері атағын алған адамдар да бар. Солардың бірі әрі бірегейі ақмолалық Жаппархан Асайынов. Ол бұрынғы Целиноград облы­сы­ның Астрахан ауданындағы Қоскөл ауылының тумасы. Бұл елді мекен кешегі кеңес дәуі­рін­де «Колутон» кеңшарының бөлімшесі болған. Қазір ауылда жиырма бестей ғана үй қалған көрінеді.

Руханият • 17 Сәуір, 2020

Қайталанбас тұлға

Өткен жылы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми- зерттеу институтының құрылғанына 80 жыл толды. Осы институтпен бірге жасасқан, дамуына өз үлесін толықтай қосқан Орынбек Төрешев ағамыздың өмірден өткеніне де бір жыл толып қалды. Биыл 90 жасқа келер еді. Ел арасында ағамыз Орекең аталып кеткен, өз бойына ғана тән ерекше мінезді адал адам еді. Сыр бойында Қорқыт Ата жатқан киелi елде туып, жасынан сыр сүлейлерінің нақыл сөздерін бойы­на сіңіре өскен Орекеңнің өмірдегі және ғылым­дағы ұстанымы көпшілікке ой салып, қайсы бірімізді таңқалдыратын.

Тарих • 17 Сәуір, 2020

Ақмоладағы алғашқы діни нысандар қашан және қалай салынды?

Бала кезімізден бастап әуелі туған тілімізді, тарихымыз бен мәдениетімізді қастерлеуге үйрендік. Тарихты білу үшін әр адам өзі тұрып жатқан өлкенің, қаланың тарихын білуі маңызды. Өлкенің тарихын білмей, басқа елдердің тарихын айтқаннан еш пайда жоқ. Айтайын деп отырғаным, біз өлкетану мәселесіне көбірек мән беруіміз керек. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында осы мәселеге баса назар аударып, «Туған жер» бағдарламасын ұсынғаны мәлім. Бағдарламаның басты мақсаты өскелең ұрпақты туған жердің тарихын білуге, өлкетану жұмыстарын жүргізіп, отансүйгіштікке тәрбиелеу еді. Бұл мақаланы қолға алудағы мақсатымыз да сол идеядан туып отыр. Өткеніңді білмей болашаққа болжам жасау мүмкін емес. Нұр-Сұлтан қалалық мемлекеттік архивінде жүз жыл бұрынғы сақтаулы деректер мен фото­суреттерді тілге тиек ете отырып, тоғыз жолдың торабындағы шаһарда алғаш салынған мешіттер мен шіркеулер тарихы туралы аз-кем әңгіме қозғамақпыз.

Қоғам • 17 Сәуір, 2020

Қорғаныс саласы қосымша шаралар қабылдайды

Қорғаныс министрлігінде өткен аппарат кеңесінде қорғаныс ведомствосының және Қарулы Күштер құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы бейнебайланыс арқылы төтенше жағдай режімін қамтамасыз етуге қатысудың аралық қорытындыларын шығарып, алдағы міндеттерді айқындады.

Таным • 17 Сәуір, 2020

Ұсталық – киелі кәсіп

Ұсталық – көнеден үзілмей келе жатқан киелі кәсіп. «Ұсталы ел озар, ұстасыз ел тозар» деген халқымыз темірден түйін түйіп, ағаш жонған ісмерді «темірші», «дарқан», «ұста» деп төбесіне тұтып қадірлеген. Әйгілі Махмұд Қашқари «ағашты ұзын кес, темірді қысқа кес» деп ұсталық нақылды өсиет етіпті. Бағзыдан жеткен сақ әшекейлері де, мыңдаған жылдар мызғымай тұрған балбал мүсіндер де осы ұсталардың көз майының еңбегі.

Коронавирус • 17 Сәуір, 2020

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 40 адам тіркелді

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 40 адам тіркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 10, Алматы қаласында - 19, Шымкент қаласында - 2, Түркістан облысында - 4, Қызылорда облысында - 3, Атырау облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 1.

Қазақстан • 16 Сәуір, 2020

Қарағанды облысында МиГ-31 ұшағы апатқа ұшырады

Қарағанды қаласының маңында жауынгерлік кезекшілікті атқаруға дайындық бойынша жоспарлы ұшуларды орындау барысында Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің МиГ-31 ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Коронавирус • 16 Сәуір, 2020

Димаш Құдайберген коронавирус індетіне қарсы күреске ән арнады

Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің «We Are One» (Біз біргеміз) жаңа әніне түсірілген бейнебаян ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Синьхуа жаңалықтары| Xinhua News» парақшасында жарияланды.

Коронавирус • 16 Сәуір, 2020

Елордада коронавирус жұқтырған 9 науқастың жағдайы ауыр халде

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордадағы коронавирус жұқтырған науқастардың қазіргі денсаулық жағдайы жайында айтты.